Оқушылардан кеңес алудың Ұлттық МӘНМӘтіні мектеп мәнмәтіні



бет7/8
Дата18.11.2023
өлшемі114,5 Kb.
#124644
1   2   3   4   5   6   7   8
Нәтижелілігі



















  • Жұппен жұмыс
















  • Топпен жұмыс













  • Бейнежазбаны қарау




























  • Жұмыс парағы

  • Мұғалімді тыңдау

төмен







Жиілігі




жоғары



Әңгімеге негізделген тәсілдер
Әңгіме негізінде кеңес алудың кең тараған үш түрі:

  • Әңгіме құру;

  • Талқылау;

  • Сұхбаттасу.

Әр тәсіл формалдылық дәрежесі бойынша ерекшеленетіндігіне қарамастан, үшеуі де оқу мен оқыту туралы рефлексивті диалогы ретінде сипатталып, мұғалімдер мен оқушылар арасында ашық әрі сенімді қарым-қатынас құруға және қолдауға көмектесе алады.
Әр тәсіл шеңберінде әдетте тікелей сұрақтарға берілетін жауаптар бірінен соң бірі жылдам келеді. Оқушылар өзіне онша сенімді болмаған жағдайда жауапты табуға «көмек сөз» (подсказка) көмек береді. Жақсы көмек сөз дегеніміз оқушылар үшін таныс және шынайы болып көрінетін сөздер, мәселен «оған түсінікті тілмен айтылған» оқыту туралы басқа балалардың пікірлері немесе басқа сыныпта болған олар үшін таныс және оқушы түсініктеме бергісі келетін жағдайдың фотосуреті. Оқушылар әңгіме жүргізгісі, талқылағысы немесе сауалнамаға қатысқысы келетін тақырыптардың әралуандығын ескеріп, біздің ойымызша, жақсы модельді көрсететін бірнеше үлгімен ғана шектелдік.
Ойлауға арналған тіл
Кейде оқушыларға өз ойын зерттеу үшін сөздік қоры жетіспейтіні көрініп тұрады. Олар әдетте үдеріске қарағанда, мазмұнға қатысты айтқанда өздерін жайлы сезінеді, «оқу туралы» айтқанша, нені үйренгенін айтуға ынтық; сабаққа келу немесе жазу мәнерін немесе сауаттылықты жақсарту туралы айтқан ұнайды.
Алайда бір мектепте біздің тобымыздан біреу 6-сынып оқушыларынан нені оқығанын және нені түсінетініне сенімді екенін сипаттауды сұрады. Бір бала бізді таң қалдырып, өз еркімен орташа шама, медиан және сән туралы түсініктеме беруді ұсынды. Топтың қалған алты мүшесінің бәрі осы ұғымдардың мәні мен арасындағы айырмашылығын түсіндіре алды, бұл осы ұғымдарды қалай оқығаны, еске сақтап қалғанын және сыныптан тыс жағдайда қалай қолданғанын айтып талқылауға түрткі бола алды. Көпшілігі үдерісті сипаттау үшін сөздік қоры жетіспей, қиындық көрген жағдайда («осыны үйрендік»), топтардың біреуі оны есте сақтауға ойластырылған түсініктеме берді, осылайша өз құрбыларына метатанымдық келешекке жол ұсынды.


Мен медиан туралы ойлаймын. Мен өз бетімше орташа деген не екеніндігі жайлы ойланамын. Орташа шама деген не? Мен медианды қайдан таба аласыз деп ойладым. Әншейін жүріп келе жатып, орташа арифметикалық мәнді кездестірдіңіз делік. Мектепте орташа адамды таба аламыз және мен орташа адам туралы және оның қандай болатынын ойлаймын, бұл Крис. Ал сән деген не? Сәнді бәрі жасай алады немесе көпшілігі жасайды. Бұл көп адамның жасайтыны. Осылайша орташа адам деу адамдардың бірдей не әртүрлі екенін сипаттаудың ең жақсы тәсілі емес. Себебі орташа адам туралы айтатын болсақ, біз ол адамдарға тән ерекшеліктердің барлығын қамтымаймыз. Бұл дегеніміз орташа шама.
Осы қысқаша абзац адамдарды оқу туралы әңгімеге тартудың қаншалықты қызықты және болжап болмайтындығын көрсетеді.
Оқушылар сондай-ақ демалыс кезінде немесе кешке әртүрлі тапсырмаға қанша уақыт жұмсайтынын көрсету үшін диаграмма немесе шеңберлі диаграмма жасады. Тіпті ересектерден белгілі бір тақырып бойынша өз сезімін қысқаша баяндау тәсілі ретінде сурет салу сұралды. Мектеп көшбасшылығын зерттеумен айналысатын ғалымдар мектеп көшбасшыларына «жұмыс орнындағы көшбасшылардың» суретін салуға шақырды; бұл өте тиімді, сапалы жұмыс болып шықты. Себебі тіл кедергісін жоюға ғана көмектесіп қоймай, қарым-қатынасты, көшбасшылық тұжырымдамасы мен сенім жүйесін талқылау үшін негіз болды (МакБит және МакГлин қара, 2002, 123-бет).


Фотосуреттер
Арзанқол, бір рет пайдаланылатын камералар оқушыларға олардың ойынша оқуын қолдайтын мектеп ортасы мен үй ортасының негізгі аспектілері бойынша көзқарасын білдірудің жеңіл жолын ұсынады. Фотосуреттің пайдасы бұнымен шектелмейді, олар сондай-ақ зерттеулер мен талқылау үшін көмекші бола алады.
Бір орта мектепте 7-сынып оқушылары оларға көмек беретін сыныпты ұйымдастыру тәсілдері мен тапсырманың фотосуретін жасады. Олар фотоаппаратты бірнеше күн өздерімен бірге сақтай алды, алайда біріншіден нені суретке түсіргісі келетінін ойлауға тиіс еді; одан соң өз сыныбында және камераға түсіргісі келген объектілерге кіруге рұқсат берілген басқа сыныптарда бақылады.
Фотосуреттер оқушылардың тәжірибелік тапсырмаға бағдарланған сабақты қалағанын (мәселен, дизайн және технология, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ғылым) және топпен жұмыс істеуден, сол сияқты оқудағы тәлімгерімен бір жұпта жұмыс істеуден рахат алғанын көрсетті. Фотосурет материалдарынан олар сабақта бос отырып, тек мұғалімнің айтқанын тыңдайтын сабақтарды онша ұнатпайтынын көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет