4. Практикалық нұсқаулық Қарым-қатынас Ынталандыру мен сенім ашық әрі мақсатқа бағытталған кеңес алу үшін негізгі, басты шарт болып табылады. Мұғалімдер мен оқушылар сұрақтарға мүдделі болып, бір-бірінің қарым-қатынастарына сенімділікті сезінуге тиіс. Мұғалімнің бірі: «Бұл педагог пен оқушылар арасында өзара сыйластық болған кезде, оқушылар біздің оларды тыңдауға құлықты екенімізді білгенде және оларға сөзсіз құрметпен қараған кезімізде жұмыс істейді» деді.
Кеңес беруді жоспарлау Бұл әдіс зерттеу ауқымына (жалпы мектептік немесе белгілі бір сынып аясында), оқыту кезеңіне, оқушылардың жас мөлшеріне немесе басқа санаттарға қарай әртүрлі болып келеді. Кеңес алуды мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер, ғалымдар немесе сарапшылар сол жерде жүзеге асырады; кей жағдайда белгілі бір тақырып бойынша оны зерттеу қызметін жүзеге асыратын және басқа оқушыларға ресми кеңес беретін оқушылар жүргізе алады («Оқушылар зерттеуші ретінде: Әлемді түрлендіру» деген осы сериядағы екінші ресурсты қара).
Егер қолданылатын тәсіл сыныптағы немесе жас тобындағы кей оқушылар ғана кеңес алуға қатысуын талап етсе, бұндай жағдайда мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлінуге тиіс:
- сынып деңгейінде (мәселен, жұмыс блогы соңында);
- мектеп деңгейінде (мектеп кеңесінің тұрақты жиналысы арқылы);
- тоқсан ішінде немесе жылына бір рет әр сыныппен кеңесу арқылы (мәселен, директор немесе сынып жетекшісі өткізеді).
Мезгіл-мезгіл
- бір рет өткізілетін референдум арқылы (мәселен, мектеп киімі туралы);
- кезең-кезеңмен қайталанатын шараларға қатысты (мәселен, мектеп бітіретін сынып үшін ата-аналар кешін жоспарлау);
- ерекше бастамаларға жауап ретінде (мәселен, ойын алаңын жақсарту үшін сәулетшімен жұмыс істеу).