Оқушылардан кеңес алудың Ұлттық МӘНМӘтіні мектеп мәнмәтіні


Мұғалімдер кеңес алудың артықшылығы туралы



бет3/8
Дата18.11.2023
өлшемі114,5 Kb.
#124644
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
19 ТОО 1а3к Мектептерге кеңес беру үдерісіндегі ұлттық мәдениет мәнмәтіні

Мұғалімдер кеңес алудың артықшылығы туралы
Мұғалімдердің кеңес алудың оң нәтижелері туралы пікірлері оқушылардікіне ұқсас.
Мәселен:

  • Оқушылар оқуды талқылауға аса қабілетті және өзінің оқудағы қажеттіліктерін жақсы біледі;

  • Егер өзіне бірдеңе түсініксіз болса, оқушылар мұғалімге еркін сұрақ қояды;

  • Оқушылар қандай да бір тапсырманың мақсатын жақсы түсінеді және жауапкершілікті қатты сезінеді;

  • Оқушылар сабаққа қатысуға және тізгінді өз қолына алуға мейлінше жақсы дайындалған.

Мынау мұғалімдердің сөзбе-сөз келтірілген пікірлері:
Біз көп дүниені білдік... оқушылар өз оқуында қалай жылдам жетілетінін, педагогтермен диалог арқылы, өзінің маңыздылығын сезіну, өзі туралы қамқорлық сезімі мен қаншалықты мәнге ие екенін сезінуі арқылы ынтасы артып, өзін құрметтейтінін білдік. Бұл өте зор әсер берді деп сенемін (орта мектеп мұғалімі).
Балаларға оқу қалай ұнайтыны туралы оқушылардан біле алдық және оқытудың түрлі тәсілін қолдануға белгілі бір түрткі болды деп ойлаймын. Кей идеяны өзгерттік немесе одан әрі дамыттық, оған мықты уәжіміз болды (орта мектеп мұғалімі).
Оқушылармен талқылау кезінде олардың тапсырған жұмыс туралы мұғалімдер не ойлайтынын талқылауға жиі тырысатынын байқадым. Олар жалпы «Бұндай бағалаумен келіспеймін» дейді, себебі өлшемдердің қандай екенін біледі. Олар теріс пікірге қарсы шыға алады және меніңше олар өздері тапсырған жұмыстың құндылығы туралы ашық диалог жүргізу қабілетіне ие болды (орта мектеп мұғалімі).
Оқушылардан олардың оқуы туралы кеңес алу өте маңызды деп ойлаймын… бұл өзінше білім беретін мәні бар, олар өз оқуы үшін жауапты болу қабілетін дамытады (орта мектеп мұғалімі).
Сондай-ақ мұғалімдер оқыту мен оқудың қалыптасқан кейбір аспектілері туралы балалармен әңгімелесу нәтижесінде олардың қабылдау қабілетінің өзгергенін де айтады. Олар зерттеу мен талдау қабілеті туралы өз пікірін жақсы жаққа өзгерте алды:
Балалар оқудың тек мұғалім беретін біліммен ғана шектелмейтінін ұқты (бастауыш мектеп мұғалімі).
Сіздің пікіріңізше, бұл жөнінде ешқашан тыңдағысы келмеген және сабақтың қалай өткенін көрген, және де «Иә, жақсы екен, дегенмен бұл менікі емес» дейтін педагогтер оқушылардың қалай реакция білдіргенін көріп және айтқан сөзін (сабақта олар: «Ал егер бұны сәл өзгеше жасасам, сіз қарсы болмайсыз ба?» дей алады) естіп, кенеттен «дегенмен олар не айтып отырғанын білетін шығар» деп ойлай бастайды. Бұл басқа да мұғалімдерді осы үдеріске тартады (орта мектеп мұғалімі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет