Байланысты: 19 ТОО 1а3к Мектептерге кеңес беру үдерісіндегі ұлттық мәдениет мәнмәтіні
Бұл жылдам қол жететін нәтиже емес! Кез келген мектепте Шратц (1999) «миссионерлер» деп атаған штаттағы ынталылар үнемі болады. Олар кейде орындалмайтын уәде береді, болмаса олардың пікірі оқушылардан кеңес алуды мектеп арқылы тікелей практикаға және ойлауға енгізу өте оңай деген сияқты жалған оптимизм тудыруы мүмкін. Ал төменде пікірі келтірілген мұғалім реалист екен:
Менің ойымша, осы тәсілдерді білім беру бағдарламасына енгізу үшін (үлкен) мектепке ұзақ уақыт қажет болады... бұл бір түнде болатын емес, біртіндеп жүретін адымды үдеріс болмақ. Бұл әрине сіздің мектептегі бастамаңыздың жағдайына, оның ұжымдық немесе жеке шара екеніне байланысты. Кейде сыртқы жобамен байланыс немесе мектептер тобымен жұмыс кей іс-қимылды жүзеге асыруда жақсы көмек береді, себебі кейін сыртқы үмітті ақтау үшін уақыт пен басымдылық қайта топтастырылады.
Әріптестер мен басшыларға оқушылардың пікірі қаншалықты пайдалы екенін көрсете алу тәсілін табу әлем бойынша оқушылардан кеңес алуды ұлғайту жолына алғашқы қадам болуы мүмкін. Оның үстіне, мектеп күнінің, білім беру бағдарламасының, пәндердің, кестелердің, бір мұғалім мен екінші мұғалім арасын ажырату деңгейінің ерекшеліктеріне қатысты терең тамыр жайған құрылымдық факторларды ескермеуге болмайды. Бұл тек бір сыныптан келесіге көшкенде ғана емес, бір жылдан екіншісіне ауысқан кезде оқушылар тәжірибесінде тізбектіліктің болмауына алып келуі ықтимал. Бұл мектеп деңгейі мен мектептің көлеміне қатысты. Оқушылар олардан кеңес алу тәжірибесін бір сыныптан екіншісіне көшіретін тасымалдағыш бола алады, ал ашық мұғалімдер осы оқушылардан үйреніп, жаңа тәжірибені қабылдай алады. Екінші жағынан, егер оқушы өте талапшыл болса, бұл ұжым мүшелері тарапынан қарсылық тудыруы мүмкін.
Алайда қазірдің өзінде өзіне міндеттеме алып, оқытуды қолдау үшін жүйелі түрде оқушылардан кеңес алуды пайдаланатын мектептер бар. Олар бұл істің құны тұрады деп санайды. Сыныптағы тыйымдар алып тасталса, оқушылар сыныпта өз көзқарасын білдіріп, өзгелердің пікіріне құлақ асуға дайын. Олар сұрақтарға жауап беруге өз еркімен келісуі мүмкін. Тіпті өздеріне қауіп төндіруі мүмкін сұрақтарды қойып, қандай көмек қажет екенін мойындайды. Бастауыш мектептің директоры айтқандай: «Бұндай жағдайда оқушылардың сенімі жоғары, өзінің оқудағы қажеттіліктерін жақсы түсінеді әрі мойындайды және бірдеңені түсінбесе мұғалімнен сұрауға еш қымсынбайды».
Сөз соңында айтарым, кеңес алудың ұзақ мерзімді әсері мұғалімдер өздерінің күнделікті жұмысында бұл тәсілді қаншалықты пайдаланатындығына байланысты болады.
Білім беруді реформалауға шақырған үндеулер мектепті жастардың оқығысы келетін және оқи алатын орнына айналдыруда көмектесе алмады. Оқушыларға осыған қалай қол жеткізуге болатыны туралы әңгімеге қосылуды ұсынатын уақыт келіп жетті.
(Кук-Сэйзер, 2002, 9-бет)