Мектеп мәнмәтіні Соңғы 20 жылда жас буынның өзгергеніне қарағанда, мектептердің өзгергені шамалы және көптеген жастар мектептен тыс және мектеп ішіндегі өмірде күрделі байланыс пен міндеттемелерді сәйкестікке келтіру үшін күреседі: мектепте көптеген жастар оларға әлі де «бала ретінде» қарайтынын айтады және олар күннен күнге шеттетілуде. Оның үстіне, кейбіреулерінің бойында ерте жастан-ақ мұғалімдер оларды оқушы ретінде теріс қабылдайды деген сезім қалыптасады және жүйе оларды теріс қақпайлайтынын сезеді. Бір оқушы: «Мектеп – жақсы жер, бірақ мен оған жоламаймын» деген екен.
Жастардан кеңес алу екі жағдайды шешу әдістерінің бірі болып табылады. Кеңес алу балаларға оларды жеке тұлға ретінде де және мектепке қарайтын мектеп мүшесі ретінде де құрметтейтінін сезінуге көмектеседі. Тұйық балаларды мектеп өміріне араласуға тарту арқылы олардың белсенділігін арттыруға болады. Оқушылардан кеңес алатын мектептер, оқушылар арасындағы айырмашылық қабылданатын, оқытуды күрес деп санайтын оқушылар үшін өз пікірін білдіруге мүмкіндік берілетін орынға айналған жағдайда инклюзивтік білім беру дәстүрі қолданылатын орын бола алады.
Біз ұстаз өз тәжірибесін жақсарту үшін оқушылардан пән бойынша оқыту тәжірибесі туралы сұрау алатын зерттеу мен мектептегі кеңінен таралған саясат мәселелері туралы кеңес алу арасындағы айырмашылықты талқылаймыз. Оқушылармен жүргізілген зерттеу түрінің екеуінің де мақсаты мен нәтижелерін талқылау орынды деп ойлаймыз.
Егер біз оқушылардың оқу үлгерімін жақсартқымыз келсе, оқушылар оқыту мен оқу туралы айтқандарына сүйеніп өз бағдарламамызды кем дегенде ішінара өзгертуіміз қажет. Бірақ кеңес шынайы болуға тиіс және оқушылардың айтқандарының барлығы мұқият қаралатындығына және олар айтқан сын немесе кеңес нәтижесінде қабылданған кез келген шешімдер бойынша түсініктеме алу арқылы мұғалімдердің шынымен қызығушылық туғызатынына сенімді болуға тиіс.
Оқушылар бірдеңе түсінді ме, тапсырманы орындады ма және тағы қосымша тапсырма алғысы келе ме екенін, т.б. тексеріп, белгілі бір кезеңдерде мұғалімдер оқушылардан кеңес алып отырады. Алайда біз бұл жерде бірізділік туралы айтып отырмыз. Соңғы бірнеше жыл ішінде кеңес алу мәнері мен тақырып ауқымы ұлғайды. Мұғалімдер:
Бір немесе барлық жастағы оқушылардың пікірі жинақталатын жаппай «референдум» өткізуді;
Бірнеше тікелей талқылаулар мен шағын топтағы талқылаулар арқылы белгілі бір ішкі топ оқушыларының мүшесі (енжар оқушылар, үлгерімі жақсы оқушылар, мәселен, ұлдар, қыздар) оқыту туралы не ойлайтынын түсінуді;
Сыныпта немесе мектепте жаңа бастаманы құру жөніндегі нұсқаулық құруды қалауы мүмкін.
Алайда бұндай кеңес алу мектеп үшін жаңа тәсіл болып табылатын жерде әдеттегіден басқа тәсілдермен балалармен сөйлесу мәселесі мұғалімдерде алаңдаушылық тудыруы мүмкін. Өз жұмысын ашық әрі сындарлы қарастыра алатын сенім атмосферасын құру үшін мұғалімдерге де, оқушыларға да уақыт қажет болады.