Оқушылардың білімін бақылау және бағалаудың теориялық аспектілері



бет14/26
Дата12.06.2023
өлшемі0,63 Mb.
#100730
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау мен бағалау негіздері

Тестік бақылау. Әлемнің барлық елдеріндегі білім беру мекемелерінің кез келген үлгілерінде оқушының біліміне баға қойылады.
Оқу үдерісіндегі бағаның қызметі:

  • білім сапасының бағасы;

  • оқушының оқу әрекетін ынталандыру;

  • мектептегі оқу үдерісін ұйымдастыру сапасының бағасы;

  • мұғалім жұмысының сапасы бағасы.

Баға осы қызметті толық атқаруы үшін ол мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

  • әділетті болуға (бағаны кімнің кімге қойғанына байланысты емес);

  • нақты болуға (баға оқушының білім сапасына толық сәйкес болуы керек);

  • оқушыға түсінікті болуға.

Осы айтылғандардың альтернативті есебінде білімді бақылаудың тестік түрі ұсынылады. «Test» - ағылшын сөзі, байқау, сынау деген мағынаны білдіреді. Көптеген елдерде мектептерге тест енгізіліп, оны жетілдіріп, тез қарқынмен дамыды. Оқушы үлгерімін анықтау үшін ұқсас үлгіден дұрыс жауапты таңдау, қалған әріпті, цифрды, сөзді, формуланың бөлігін толықтыру үлгісіндегі тестер кең пайдаланылды. Тестік бақылау оқу үрдісінің негізін жетілдірді, сонымен қатар:

  • оқушы білімін бағалаудың әділеттілігі мен бірмәнділігін қамтамасыз етті;

  • мұғалімнің уақытын үнемдеді.

Оқыту тестілерінің сенімділігікөп жағдайда оның орындалу қиындығына тәуелді болады. Тест тапсырмасына барлық оқушылардың толық дұрыс жауап беруі немес керісінше қате жауап беру тестке деген сенімділікті төмендетеді. Тестке барлық қатысушылардың 45-80 пайызы дұрыс жауап берген жағдайда, оның тапсырма ретіндегі құндылығының жоғары екендігін көрсетеді.
Зертханалық бақылау жұмыстары. Тақырыпқа сай оқулықтағы немесе оған сәйкестендірілген тапсырманың үлгісі. Ол бір эксперименттерді шешуге, ғылыми фактілер мен құбылыстарды елестету арқылы орындауға арналған. Зертханалық жұмыс – бақылаудың ерекше түрі. Оны орындау оқушыдан тек білім қорын қажет етіп қоймай, жаңа жағдайда өз білімі мен біліктілігін шеберлікпен қолдана білуді талап етеді.
Зертханалық жұмыс оқушының танымдық белсенділігін арттырады. Өз қолымен істеген жұмысты дәптеріне түсіріп орыдау оқушының ынтасын арттырып, белсенділігін жетілдіреді.
Қысқаша өздік жұмыс. Жұмыстың бұл түрінде оқушыларға өзінің дәйекті жауабын беретіндей сұрақтардың тобы беріледі. Берілетін сұрақтардың үлгісі ретінде оқушының білімін анықтайтын теориялық сұрақтар, берілген тақырып бойынша оның біліктілігін анықтайтындай есеп шығару; нақты құбылысты тану біліктілгін көрсететіндей немесе тұжырымдар бере алатындай нақты жағдайлар; сонымен қатар нақты жағдайларды ғылыми деректер мен түсініктер тұрғысынан модельдеуге арналған тапсырмалар беріледі.
Өздік жұмысқа ұзақ уақытты талап етпейтін, жаңа ұғым жасауға арналмаған барлық іс-әрекет түрін қамтитын тапсырмалар беріледі. Бақылаудың мұндай түрін орындағанда оқушы өздік жұмыс жоспарын ойластырып, сол жоспар бойынша әрекет етеді, сонымен қатар өзой түйіні мен шешімін жасайды. Жат жазуды орындағанға қарағанда, бұл бақылау жұмысын орындауға көп уақыт кетеді.
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі - мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.
Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Сондай-ақ, оқушылардың іс-әрекетінің түріне қарай бақылаудың келесі әдістерін бөліп көрсетуге болады:

  • дәстүрлі сабақтар: бақылау жұмыстары; практикалық және тәжірибелік жұмыстар; тестер; өзіндік тапсырмалар; сынақтар; өзіндік жұмыстар (оқытушы және бақылаушы); рефераттар және т.б.

  • дәстүрден тыс сабақтар: дөңгелек үстелдер; көпфункционалды дидактикалық ойындар; жарыстар; викториналар және т.б.

  • сабақтан тыс: жарыстық жобалар; жобаларды және рефераттарды қорғау және т.б.

Жоғарыда қарастырылған білімді бақылау мен бағалаудың әдістерінен басқа, мұғалім өзінің авторлық білімінің сапасын бақылаудың әдістерін тауып, оны сабақ беру барысында пайдаланады. Төменгі және ортаңғы сыныптарда информатикадан білімді бақылаудың ойын, жарыс (викторина, КТК, кроссвордтар шешу), диктант секілді түрлері көп пайдаланылады, ал жоғарғы сыныптарда білімді бақылаудың үш қатысушысы бар баяндама түрін пайдаланады – баяндаушы, қосымша баяндаушы және қарсы сөйлеуші. Үш қатысушысы бар баяндама жүйесі оқушының білімін бағалап қана қоймай, сонымен қатар пікірталастың мәдениетін қалыптастырады. Әрбір қатысушы бірнеше критерийге байланысты бағаланады: мәліметті нақты баяндауына, әдебиетпен жұмыс істей алуына және сөзді жақсы құрастыруына.
Дәстүрлі бақылаумен қатар, оқушының білімін бақылаудың дәстүрден тыс әдістері де бар. Мысалы, матрицалық бақылау және сынақ-викторина түріндегі бақылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет