Оқушылардың білімін бақылау және бағалаудың теориялық аспектілері



бет2/26
Дата12.06.2023
өлшемі0,63 Mb.
#100730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау мен бағалау негіздері

Зерттеудің мақсаты: Информатикадан оқушылардың оқу жетістіктерін анықтау және бекіту үшін бағалауды іске асырып, білімді бақылаудың тиімді әдістері мен жолдарын қарастыру.
Зерттеу нысаны – жалпы орта білім беру мектептерінде информатиканы оқыту үрдісі.
Зерттеудің пәні – информатиканы оқыту барысында оқушылардың оқу жетістіктерін анықтау және бекіту үшін бақылау әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы – егер, информатиканы оқыту барысында бақылау тапсырмаларының оқыту мазмұнына сәйкестігі, сонымен қатар оқыту нәтижелерін бағалауда тапсырмалардың қиындық дәрежесі ескеріліп, оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылауда деңгейлік тапсырмаларды пайдаланып және бақылау тапсырмалары педагогикалық ғылыми негізде сұрыпталып алынса, онда білімді бақылау әдістемесінің тиімділігі артып, оқушылардың білім сапасы артады.
Зерттеудің міндеттері:

  • ғылыми және әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау;

  • мектептегі информатика пәнінен оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау мен бағалаудың әртүрлі әдіс, тәсіл және түрлерін қарастыру;

  • информатика пәніндегі оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылау мен бағалаудың әдістерін көрсету.

  • білімді бақылаудағы іс-әрекет түрлеріне сүйене отырып «Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау тапсырмалары» атты электрондық құрал жасау.

Зерттеудің теориялық негіздері: педагогика, психология аумағы бойынша (В.Д.Шадриков, М.Н.Шардаков, В.П.Беспалько, З.И.Калмыкова, И.С.Якиманская және т.б.), информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы (Е.Ы.Бидайбеков, С.К.Кариев, М.П.Лапчик, Ж.К.Нұрбекова және т.б.). Педагогикалық іс-әрекеттер субъектісі ретінде қалыптасу, жеке тұлғаға бағытталған оқыту теориялары мен ұстанымдары зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін қалайды.
Зерттеудің әдістері: ғылыми, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; озық педагогикалық тәжірибелерді оқып-үйрену; оқыту үрдісін бақылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет