Оқушылардың білімін бақылау және бағалаудың теориялық аспектілері



бет15/26
Дата12.06.2023
өлшемі0,63 Mb.
#100730
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Матрицалық бақылау (ұялық бақылау) дәстүрден тыс бақылаудың бастапқы түрлерінің бірі. Бұл бақылауда жауап көп нұсқалы болмайды, оқушы дәл жауап беріп, сол жауабына қарай бағасын алады.
Матрицалық бақылау барысында оқушыларға алдын ала дайындалған матрицалардың бірнеше нұсқасы таратылады. Оқушылар параққа осылардың ішінен бір ғана дұрыс жауапты «+», «-» таңбалары арқылы белгілей отырып таңдап алады. Мұғалім жұмыс аяқталғаннан соң парақты жинап алады да, аз ғана уақыт ішінде барлық оқушының жауабын бағалай алады. Бақылаудың мұндай түрі мұғалімге оқушыларға тән ұқсас қателерді анықтап, түзеті жұмыстарын жүргізуіне тиімді болады. Мұғалім бақылау қорытындысын шығара отырып, матрицалық бақылаудың тиімді жақтары мен тиімсіз жақтарын былайша тұжырымдауға болады:
тиімді жақтары:

  • оқушылардың білімін бақылауға кететін уақыттың аздығы;

  • мұғалім шаршаған жағдайдың өзінде бағалауда қате кетпейтіндігі.

тиімсіз жақтары:

Сынақ-викторина түріндегі бақылау үлгісі. Ол курстың тараулары мен тақырыптары бойынша тек ағымдағы үлгіде болады.
Сыныпқа алдын ала мынадай ойын шарты мен бағалау критерийлері болады хабарланады. Өтілген тақырып бойынша сынақ «Интеллектуалдық алаң» ойыны ретінде жүреді. Сынақтың бұл түрі ұжымдық білім бақылау жүйесі мен дара сұрау аралығында ұйымдастырылады.
Оқу міндетінің таксономиясы
Дидактикалық процесс ретінде бақылаудың негізін оқушылардың алдына қойылған міндеттер мен тапсырмалар жүйесін анықтау және негіздеу құрайды.
Жоғары танымалдықты Б.Блумның оқу міндетінің таксономиясы (классификациялау және жүйелеу) алды. Осы классификация оқу мақсаты мен міндетінің 5 категориясын құрайды:

  • білім (нақты мәліметтің, терминологияның, дәлелдің, анықтаманың, критерийлердің және т.б.);

  • түсіну (түсіндіру, интерпретация, экстраполяция);

  • қолдану, талдау (өзара байланысты, құрастырудың принциптерін);

  • жинақтау (жоспарды және мүмкін іс-әрекет жүйесін жасау, абстрактілі қатынастың жүйесін алу);

  • бағалау (бар мағлұматтар негізінде пікірлесу, ішкі критерийлер негізінде пікірлесу)

Көрсетілген таксономияның ең басты кемшілігі, оқу мақсаты оқушының оқу соңында білу керек білімінен өзгеше терминдермен берілгендігі.
Оқу міндетінің «когнитивті құрамына» байланысты классификациясының қызықты әрекетін Д.С. Толлингерова ойлап тапты, және ол да әртүрлі міндеттерді 5 топқа біріктірді:

  • білімді қайта жаңғыртуға арналған міндеттер;

  • қарапайым ойлау амалдарын талап ететін міндеттер (анықтау, талдау, жинақтау, салыстыру);

  • күрделі ойлау амалдарын талап ететін міндеттер (интерпретация, аргументация);

  • өзінің шешілуіне өнімді ойлауды талап ететін міндеттер;

  • соның негізінде жазбаша немесе ауызша ой туындайтын өнімді ойлау міндеттері.

Н.Ф. Талызина концепциясына байланысты оқу міндетінің тілі оқытудың міндетін де, мазмұнында сипаттайды. Осыған орай білім іс-әрекеттің қимыл уақыты, оның жіберілетін және нәтижесінің нүктесі ретінде қарастырылады. Оқу міндетін шешу барысында , бір жағынан, білім, білік, дағдысы бар оқушының артықшылығы мен кемшілігі анықталады, ал екінші жағынан – білімі жоғарылайды, жаңа білік пен дағды қалыптасады. Нәтижесінде міндет бір мезгілде диагностика құралы және жаңа білімнің қалыптасу құралы ретінде шығады.
Нақты міндетті тексеру жұмысына қосу белгілі бір мақсатты қудалау керек: сол немесе басқа міндеттермен не тексеріледі. Сонымен қатар бір оқу міндеті бірнеше мақсатты қудалауы мүмкін.
А.И. Бочкин айтып кеткендей, информатикадан білімді бақылаудың ерекшелігі, дұрыс емес нәтижені оқушы мен қателескен жоқпын, «машина солай есептеді» деп бөтенсуі мүмкін. Оның үстіне, компьютер оқушыға өзінің іс-әрекетінің процесін түсінуге көмектеспей, нәтижені сондай немесе басқа формада шығарып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет