Оқушылардың білімін бақылау және бағалаудың теориялық аспектілері



бет18/26
Дата12.06.2023
өлшемі0,63 Mb.
#100730
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Оқу іс-әрекетінің маңызы
Оқу іс-әрекетінің тұжырымдамасы психологияда оқу үрдісінің бір әдістемесі болып табылады. Ол психологиялық дамудың қоғамдық-тарихи шарттастығының ахуалын жүзеге асырады. Оқу іс-әрекеті ақыл-ой іс-әрекетінің және оқытудың түрлерінің кезең бойынша қалыптасқан теориясымен тығыз байланысты.
Екі негізгі мәселені шешетін оқыту қалай ұйымдастырылуы керек:

Бұл мәселемен өз кезегінде Л.С.Выготский айналысқан, ол оны «оқыту мен дамытудың арақатынасы» ретінде анықтаған. Бірақ ғалым оның тек шешілу жолдарын ғана атап кеткен. Кейін келе бұл мәселе тереңірек Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың оқу іс-әрекеті тұжырымдамасында қарастырылған.
Авторлар осы тұжырымдаманың танымдық парадигмасының рамкасында қала отырып, эталонды оқу іс-әрекетін танымдық, теориялық түрде құрылған көрсетілімін ойлап тапты. Ол оқу пәнін арнайы жасау, оқу іс-әрекетін ерекше ұйымдастыру жолымен оқушыларда теориялық ойлау қабілетін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.
Осы тұжырымдамаға сәйкес, оқушы білім алушы субъект ретінде төменде көрсетілгендерді білуі тиіс:

  • оқушыда теориялық түр бойынша ұйымдастырылған ғылыми түсінік болу керек;

  • өзінің жеке іс-әрекетінде ғылыми танымның логикасын жүзеге асыра алуы қажет;

  • абстрактілі заттан нақты затқа дейін өрлеуді жүзеге асыра алуы қажет.

Басқаша айтқанда, оқушының субъектілігі оның мазмұнды, жолды, теориялық (ғылыми) танымның әдісін жүзеге асыра алу қабілетінен байқалады.
Оқу іс-әрекеті тұжырымдамасында (дидактикалық тұжырымдамаларға қарағанда) оқушыны танымның субъектісі ретінде түсінудің шарттары қарастырылған. Білім беру үрдісінің өзі ғылыми білімнің трансляциясы, оларды қабылдау, қайта өндіру емес, оқушыларда танымдық қабілетін, негізгі психикалық жаңа білімдерін дамыту ретінде айтылады. Білімнің өзін емес, ғылыми саланың мазмұнын моделдейтін білімнің арнайы құрылымын, оны танудың әдістерін дамытады.
Оқу пәні тек білім жүйесінен ғана тұрмайды, сонымен қатар баланың бастапқы генетикалық, теориялық маңызды қасиетті және объекттердің қарым-қатынасын, олардың шығу тегінің және өзгерістерінің шарттарын тануын ерекше түрде (пәндік мазмұн құрастыру арқылы) ұйымдастырады. Оқушының субъектілі белсенділігі (оның бағытталуы, көрінісінің сипаты) сырттай танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырылу тәсілімен беріледі. Танымдық белсенділігінң дамуы мен құрылуының негізгі көзі оқушы өзі емес, ұйымдастырылған білім беру болып табылады. Оқушыға әлемді тану шартына арнайы ұйымдастырылған міндет жүктеледі. Білім беру жағдайы қанша жақсы болған сайын, оқушы соғұрлым жақсы дамиды. Осы тұжырымдаманың авторлары оқушының танымның субъектісі болу құқын мойындай отырып, осы құқықты жүзеге асыруды жұмыс барысында, танымдық белсенділіктің барлық формасын анықтайтын білім беруді ұйымдастырушыларға аударады.
В.В.Давыдовтың ойы және оның жүйелеуі бойынша теориялық түрде құрастырылған білімді ұйымдастыру, баланың ақыл – ойының дамуына көп септігін тигізеді, сондықтан мұндай білім беруді ғалымдар дамытушы деп атайды. Бұл дамудың көзі баланың өзінде емес – білім беруде, әсіресе осы мақсатқа арнайы бағытталған білім беруде.
Кез-келген толықтай оқытушы іс-әрекет үш бөлімнен тұрады: бағытталған, орындаушы және бақылаушы. Бірінші бағытталған бөлімнің болмауы іс-әрекетті көптеген бөлек әрекеттер жиынтығына айналдырады. Сол сияқты үшінші бақылаушы бөлімінің болмауы іс-әрекетті кездейсоқ, әрекеттің реттелмеген жиынтығына айналдырады. Осыған орай, іс-әрекеттің мақсаты жоғалып,оның даму деңгейі төмендейді. Сондықтан кез келген дұрыс іс-әрекет көрсетілген үш бөлімнен тұруы қажет және білім берудің маңызды мәселесі оқушыларды өздерінің іс-әрекетін толық, дұрыс, іс-әрекеттің барлық үш бөліміде теңдескен, барынша дамыған, саналы түрде меңгерген және толығымен зерттелген етіп тұрғызу. Сонымен қатар, бұл жерде оқушының өзімен жүзеге асатын бақылауда ескеріледі. Бірақ бақылау басқа да субъектпен жүзеге асады. Сондықтан оқыту үрдісінде бақылаудың үш түрі қарастырылады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет