Оқушылардың білімін бақылау және бағалаудың теориялық аспектілері



бет16/26
Дата12.06.2023
өлшемі0,63 Mb.
#100730
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау мен бағалау негіздері

Білімді бақылаудың тәсілдері
Бұл негізі техникалық сұрақ ретінде болуы мүмкін. Және, көбіне ол солай келеді. Бірақ оған қарамастан, оның бақылау барысында қолданылатын мазмұнды «аспаптық» жағы, сонымен қатар, оны пайдаланудың әдіскерлік сұрақтары да бар.
Егер бақылаудың ауызша баяндау әдісін пайдаланатын болсақ, онда жауап берушілердің санын көбейту мақсатында микрофонды пайдалануға болады. В.Ф. Шаталов өзінің бақылауларынан мынадай тоқтамға келген: сабақта оқушыларға аз сөйлеуге тура келеді. Оқушыға ауызша жауап беру керек кезінде уақытты ұзарту үшін, жаңашыл-педагог магнитафонды баспаны пайдаланады. Оқушының жауабы магнитафонды пленкаға жазылады. Осылайша кез келеген оқушы, егерол ұялшақ болса да өзін еркін ұстап, ұялмайды. Содан соң жауапты не мұғалімнің өзі тыңдайды,не болмаса мұғалімнің тапсырысы бойынша оқушы тыңдайды. Кейін жауап талданады.
Жазбаша және графиктік жұмысты қарапайым түрде немесе одан күрделі техникалық және электрондық әдістермен бақылауға болады.
Бақылаудың ең қарапайым тәсілінің бірі – бұл перфокарта, электротабло. Перфокарта өз кезегінде сұрақтар мен басқа да тапсырмалар жазылған қатты қағаздан жасалады. Ол жерде де жауаптың 3 – 4 нұсқасы көрсетілген. Оқушы ереже бойынша өзі дұрыс деп санайтын жауапты - дөңгелектеп, белгілеп және т.с.с. көрсетуі қажет. Толтырылған карточкаға сәйкес қалып – дешифратор бар. Дешифратор көмегімен карточкадағы жауап дұрыс не бұрыс берілгендігін анықтауға болады.
Жоғарыда айтылып кеткендей, бақылау үшін әртүрлі құрылысты техникалық және электрондық құралдар (ТҚ және ЭҚ) қолданылады. Бірақ олардың жұмыс істеу принциптері бірдей: ТҚ (ЭҚ) оқушыға тапсырма береді, оқушы тапсырманы орындайды, ал машина (ТҚ, ЭҚ) оның жауабын бағалайды.
Соңғы уақытта оқу үрдісіне ЭЕМ-нің енгізілуіне байланысты есептеуіш машинасы оқушылардың білімін бақылауда тек жаратылыстану ғылымында ғана емес, сонымен қатар гуманитарлық бағыттағы ғылымдарда да пайдаланылады.
ЭЕМ-ді бақылаудың құралы ретінде пайдалану көптеген қиындықтарға әкеліп соқтырады. Мысалы, қателердің (немесе дұрыс жауаптардың) әртүрлі нұсқаларын қалыптастырып және көптеген жауаптарды сандармен алмастыру қажет, ал келесі амалдар үшін арнайы есептейтін формула ойлап табу керек.
ТҚ және ЭЕМ-ді оқушылардың білімін тексерудің құралы ретінде пайдалану барысында «адам - машина» («уайымдаушы адам - ержүрек машина») жүйесіне сәйкес келетін эмоционалды – психологиялық жағдай туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет