Оқушылардың білімін бақылау және бағалаудың теориялық аспектілері



бет17/26
Дата12.06.2023
өлшемі0,63 Mb.
#100730
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау мен бағалау негіздері

1-тарау бойынша тұжырым
Жалпы оқушы білімін бағалау үшін бақылаудың түрлі әдістерін пайдаланған дұрыс екеніне көз жеткіздік. Мұғалім әр сабақта әртүрлі бақылау әдістерін пайдалана отырып өтсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, білім деңгейі артады. Оқушының білімін бағалауда белгілі бір критерийлерді пайдаланған жөн. Тек сол кезде ғана оқушының білімі әділ бағаланады.


2 Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау мен бағалау негіздері
2.1 Білімді бақылау мен бағалауды іс-әрекеттік тұрғыда қарастыру

Оқытудың жалпы теориясында оқу іс-әрекетінің жеке психологиялық теориясы қалыптасқан. Бұл теорияның қалыптасуына Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, біздің елімізде - К.Д. Ушинский, П.Ф. Каптеров, С.Т. Шацкий, П.П. Нечаев, М.Я. Басов, П.П. Блонский, Л.С. Выготский, сонымен қатар ХХ ғасырдың ортасындағы отандық және шетелдік педагогикалық психологияның жоғарғы өкілдері – Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, И. Лингарт, И. Ломпшер және басқа да ғалымдар септігін тигізген. Оны ары қарай дамытушылар - Д. Б. Эльконин, В.В. Давыдов, А.К. Марков, П.Я.Гальперин, Н.Ф. Талызина және т.б..


«Оқу іс-әрекеті» - бір мағыналы түсінік емес. Бұл түсініктің педагогикада да, психологияда да қабылданған негізгі үш анықтамасын бөліп көрсетуге болады.

  1. Кейде оқу іс-әрекеті үйрену, оқу, оқыту сөздерінің синонимі ретінде қарастырылады.

  2. Кеңес одағының «классикалық» психологиясы мен педагогикасында оқу іс-әрекеті төменгі сынып оқушыларының іс-әрекетінің жетекші түрі ретінде анықталады. Ол өзін пәндік және танымдық іс-әрекеттің көмегімен көрсететін әлеуметтік белсенділіктің ерекше формасы ретінде түсіндіріледі.

  3. Д.Б. Эльконин және В.В. Давыдовтың оқу іс-әрекетіне берген анықтамасы бойынша – бұл оқушылар мен студенттердің іс-әрекетінің бір түрі. Ол теориялық білімді диалог (полилог) және дискуссия көмегімен түсінуге бағытталған және ол қоғамдық ортадағы келесі ғылымдарды, яғни ғылым, өнегелік, өнер, құқық және дінді білуімен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет