Оқушыларды Ұбт мен ожсб-ға дайындаудың тиімді жолдары



бет5/10
Дата29.06.2023
өлшемі48,29 Kb.
#103795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жолдары

1-кезең.Диагностикалық:
 бақылау жұмыстарын өткізу арқылыоқушылардың білім деңгейлерін анықтау
 өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;
 ҰБт-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу.
2-кезең.Практикалық:
 тест жинақтарымен жұмыс,
 күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
 топтық және жеке дайындық;
 тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
3-кезең.Синтетикалық (анықтаушылық):
 тақырыптар бойынша бақылау тестілері;
мониторинг;
 қатемен жұмыс парағын жүргізу;
 психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу.
Алдын-ала сыныпқа бақылау кіріспе/нөлдік/ тест өткізіледі.Сыныпқа жеке папка дайындалады.Оның ішінде: байқау сынақтарының нәтижелері, өз бетімен білім-білік дағдысын айқындайтын мониторингі, қателерді талдау парағы, сонымен қатар әр оқушының жеке ереже дәптері бар. Сонымен қатар, мұғалім кабинетке барлық керекті қосымша әдебиеттер мен әртүрлі тест тапсырмалар жинағын үгемі толықтырып отыру керек.
Байқау сынақтары кезінде жіберген қателіктерінің себебін анықтап, оқушының алдағы міндеттерін көрсетіп отыру мұғалімнің негізгі жұмысы болып табылады. Байқау сынақтарында жіберілген қателіктер бойынша оқушының жеке жұмысының тақырыбы және көлемі шығып отырады.
Дайындық жұмыстарын неден бастаған дүрыс?
1) Жылдық жүмыс жоспарын жасау. Жұмыстарды алдын ала жоспарлау алудың маңызы зор. Жоспар оқулық материалдары негізінде жасалғаны дұрыс. Мен ҰБТ байланысты жылдық жоспар жасап, күнделікті пайдаланып жүрмін.
2) Тест жұмыстарын жинақтау, тақырыптар бойынша бақылау тестілері. Менде 2005 жылдан бергі барлық тест түрлері жинақталған. Тест оқушылардың білімін салыстыруға , білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Бағдарламалық материалдан тыс ауық-ауық өткізіліп отыратын осындай жұмыстар оқушылардың физика пәні бойынша дайындыққа септігін тигізеді.
Осы сынама тестердің де оқушыға пайдасы өте көп. Оқушы өзін ҰБТ-ы тапсырып отырғандай сезінеді, әрі жауабын білгенше асығады. Кейбір оқушылар жауаптарының қаншалықты дұрыстығын білу үшін мұғалімдерге тексертуге тырысады. Бұл дұрыс емес, оқушы әуелі өзі тексеріп, онан сон қасындағыларға тексертіп, тек күмәнданған сұрағын ғана мұғалімнен сұрауы керек. Мен оқушыларға өз сабағымды сынама тест аяқталсымен өздеріне тексертіп, жоғарғы жағына нешеу дұрыс екенін жаздырып қоямын. Кейін жауабы келгенде сол жауаппен салыстырып, қате кеткен жері болса, өздеріне қайта іздетемін. Сонда ғана оқушының өз ісіне деген жауапкершілігі арта түседі, әрі өзіне деген сенімі күшейеді. Тақырып бойынша бақылау тесттері менің соңғы уақыттағы көп пайдаланып жүрген әдісім. Жылдық жоспарым бойынша өтілген тақырыпты талдап болған сон, міндетті түрде сол тақырыпқа байланысты тест жұмысын аламын. Ол арқылы оқушының сол тақырыпты қалай меңгергенін көріп, қай жерлерді дұрыс меңгере алмағанын көруге болады. Тақырыпқа байланысты тест түрлеріне мен және әр тақырыпқа байланысты өзім жинақтап жазғандарымды пайдаланамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет