Оқушыларды Ұбт мен ожсб-ға дайындаудың тиімді жолдары


) Сұрақтармен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану



бет6/10
Дата29.06.2023
өлшемі48,29 Kb.
#103795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3) Сұрақтармен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
Сұрақтармен жұмыс жасағанда, ең бірінші ескеру керек нәрсе оқушының қызығушылығын ескеруіміз керек. Сұрақтарды баланы жалықтырмау үшін түрлендіріп отырған дұрыс. Сұрақтың мазмұнын ғана емес, берілу түрінде түрлі үлгіде жасаған дұрыс.
4 ) Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар; Деңгейлік тапсырмалар негізін мен «Достық» орталығынан бір оқушының алған журналынан көріп, соның негізінде жасай бастадым. Бұл жеке бір тақырыпта жұмыс істеуге өте тиімді тәсіл. Әр өтілген тарауды оқушылардың қалай меңгергенін осы тапсырманы орындатқаннан кейін анық байқауға болады.

  1. Логикалық тапсырмаларды талдау. Соңғы жылдары ҰБТ кезінде

берілетін сұрақтардың ішіне логикалық тапсырмаларда енгізіле бастады. Соған орай дайындық кезінде оқушыға осындай сұрақтардың кездесуі мүмкін екенін түсіндіре отырып, логикалық тапсырмаларменде жұмыс жасап үйреткен дұрыс.
6) Топтық және жеке дайындық. Бұл екі дайындық түріменде жұмыс жүргізіп көрдім. Екеуі де өте тиімді.
Оқушыларды физика пәнінен ҰБТ-ге дайындаумен қатар 9-сынып оқушыларын ОЖСБ-ға дайындаудың маңызы зор.
Физика пәнінен оқушыларды ОЖСБ-ға дайындау мақсаты:

  • оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру;

  • физикалық білім-біліктерді және физика ғылымының жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалануды насихаттау;

  • логикалық ойлау, таным іс-әрекеттерін дамыту;

  • қиынға ұмтылу, зерттеушілік қасиеттерін арттыру;

  • ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге машықтандыру.

Міндеттері:

  • оқушыларға терең, кеңейтілген білім беру;

  • ОЖСБ-дан оқушылардың жоғарғы балл алуын қамтамасыз ету;

  • қоршаған ортадағы жүріп жатқан құбылыстарды физикалық танымдық түсініктер арқылы ойлай білуге үйрету;

  • оқушылардың мамандықты дұрыс таңдай білуіне ықпал ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет