физикалық шамалар арасындағы байланысты терең зерделей білуі тиіс;
сызбада берілген шамалардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып, анықтай білуі тиіс;
физикалық құбылыстарды ажырата білуі тиіс;
физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білуі тиіс;
физика пәнінен меңгерген білім,білік, іскерлік дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білуі тиіс.
Оқушылар физикадан теориялық бөлігімен қоса эксперименттік және сандық есептерді шығара білу дағдыларын қалыптастыру керек. Сондықтан ОЖСБ-да кездесетін есептердің шығарылу жолдарын меңгеруге көп көңіл бөлу керек.
Физикада есеп шығару – оқу жұмысының қажетті элементі болып табылады.
Физика пәнінен ҰБТ –ге және ОЖСБ-ға дайындық кезінде жие қиындық туғызатын мәселе -оқушылардың формулаларды жаттамауы мен еске сақтай алмағандары, мәтінді есептерді шығаруда есепті талдай алмау жағдайлары кездеседі.
Есепті қалай шығару керек. Оқушыға кеңестер: 1. Есептің шартын мұқият, не берілгенін, нені табу керектігін қысқаша жазу керек
2. Есеп сұрағына жауап беру үшін нені білу керектігін ойлап, жоспар құр.
3. Егер жоспар құру қиын болса, есеп шартын тағы да оқып шығып, бөліктерге бөл.
4. Әрбір заттың атауын формуламен алмастыр.
5. Есепте берілген шамалар байланысын анықта.
6. Есеп шартынан туындайтын қорытындыны жаз.
7. Бұрын осыған ұқсас есеп шығарылған жоқ па, соны дәптерінен, кітаптан қара.
8. Есепті шығарып болған соң, тексер, шығару жолының басқаша түрі бар ма, ойлан.
Кез келген есепті шығарар алдында мына сызбаны оқушы есте сақтаған жөн.
Қосымша сабақтарды тарауды қайталау тест тапсырмаларын орындамас бұрын үнемі формулаларды дайын слайттар арқылы қайталау мен дәлелдеуден бастау керек.
Қайталау үшін әр тарауға жеке-жеке шолу жасай отырып, ондағы формулалар мен негізгі түсініктемелерді кестелерге немесе сызба нұсқаларға енгізген тиімді. Мұны мұғалім оқушылармен бірге жасайды. Әрі олар өз қолымен түсіне отырып сызып алған кестесін тест есептерін шығаруға пайдалану кезінде оңай жаттап алады.
Оқушылар негізгі физика заңдарын және формулаларын есте ұстауы керек. Оларды есеп шығару барысында түрлендіріп пайдалана ала білуі тиіс.
Оқушылардың өздері орындауға арналған жаттығу жұмыстарында тестілеуде көп кездесетін есептермен қоса сол есептердің күрделі деңгейінің жоғары болуында көп көңіл бөлуді ұйғардым.
Соңғы жылдары экономикамыздың қарқынды өсіп дамуы техникалық мамандықтарға деген сұранысты арттырып, оқушылардың политехникалық циклдағы пәндерге қызығушылығын оятты. Сондықтан да мектеп оқушылары арасында физика пәнін таңдайтын оқушылар қатарлары да көбеюде. ҰБТ- 11 сынып оқушылары үшін өмірлеріндегі аса маңызды жауапты кезең, өйткені ҰБТ нәтижелері оларды таңдаған мамандықтарына қарай алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді. Көздеген мақсатқа жету үшін оқушы мен мұғалімге де аянбай еңбек ету керек деген ой түйеміз.