Оқушыларды Ұбт мен ожсб-ға дайындаудың тиімді жолдары



бет2/10
Дата29.06.2023
өлшемі48,29 Kb.
#103795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жолдары

Бағдарламаның мақсаты: ҰБТ-ді оқушылардың сәтті және нәтижелі тапсыруына сапалы дайындық.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
 11 сынып бойынша байқау сынақтарын өткізу кестесін жасау;
 пән мұғалімдерінің оқушыларды ҰБТ-ге дайындау жоспарын құру;
 ҰБТ-ге дайындықтың қосымша сабақтар кестесін жасау;
 жекелеген оқушыға тест қорытындысы бойынша мониторинг жасау;
 байқау сынақтарының сараптамасын талдау және оны оқушы мен ата-аналарға таныстыру;
 байқау сынақтарынан төмен көрсеткіш көрсеткен оқушыларға көмек ұйымдастыру;
 байқау сынақтарының салыстырмалы диагностикасын жасау;
 мұғалімнің ҰБТ-ге дайындаудағы жұмыс жүйесінің болуы.
Мұғалімнің оқушыны ҰБТ-ге дайындаудағы жұмыс жүйесі төмендегі кезеңдерден тұрады.
І. Ұйымдастырушылық кезең:
 оқушыларды ҰБТ-ді ұйымдастыру және өткізу ережелерімен таныстыру,
 ҰБТ-ге арналған бұрыштама жасап ілу;
 5-ші таңдау пәнін дұрыс таңдау мақсатында кәсіби бағыт бағдар беру;
 жыл көлеміндегі және тоқсандық қорытынды бағаларының дұрыс обьективті
қойылуына бақылау жасау;
 аралық байқау тестілеуіне мониторинг жүргізу.
ІІ. Ақпараттық кезең:
 ҰБТ туралы сайттар мен қосымша әдебиеттермен таныстыру;
 білім және ғылым министрі мен ұлттық мемлекеттік тестілеу орталығының нормативті құжаттарымен таныстыру.
ІІІ. Психологиялық кезең:
 пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің іс-тәжірибе алмасу семинарларын өткізу;
 оқушыларға арналған психологиялық тренингтерді ұйымдастыру және өткізу;
 оқушыларға «Қорқынышты қалай жеңуге болады» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу;
 «Менің түлегім» атты ата-аналар жиналысын өткізу.
VІ. Технологиялық кезең:
 курстар мен үйрету семинарларына қатысу;
 тесті құру теориясы мен тесті өңдеу технологиясын меңгеру;
 күнделікті сабақта және бақылау жұмыстары кезінде тестілеуді қолдану;
 оқушыларды тест жазу жұмысына үйрету;
 пән бойынша (тарау, сынып, курс) тест тапсырмаларын құру;
 мұғалімнің өзіндік білімін көтеру жоспарына ҰБТ жағдаяты туралы сұрақтарды енгізу.
Оқу үрдісінде оқушылардың алған психотехникалық дағдылары, тек ҰБТ – ке дайындығын жоғарлатып қоймайды, сонымен бірге емтихан тапсыру барысында, олар өздерін жетістіктерін көрсете алады, ойлау дағдыларын дамытады, шешуші сәттерде өзінің эмоциясын бір қалыпта ұстауға үйретеді.
Психологиялық қызметтiң мiндеттерi:
– Психологиялық және әлеуметтiк – психологиялық тұрғыдан қиындық көрiп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезiнде көмек көрсету;
– Проблемасы бар балаларды жан – жақты зерттеп, оны туғызған себебiн анықтау және түзету, дамыту жұмыстарын жүргiзу;
– Дамуына ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерiн өндеу үшiн психологиялық тренингтер ұйымдастыру;
«Ұмытудың пайызын азайту үшін не істеу керек?
Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін қалай жаттықтыру керек?» – дейтін болсақ, еске сақтау ережесін білуіміз қажет.
1. Ең алдымен есте ұстау керек мәліметті бөліп алу керек.
2. Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру қажет.
3. Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп алған дұрыс.
4. Күрделі, қиын материалды есте сақтау үшін мазмұнын негізге алған жөн.
5. Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар
6. Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту керек.
7. Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар.
8. Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір оқиғасын жекелеп еске түсіріңіздер.
9. Естеріңізде болсын жүйкеге шамадан тыс күш түсіру мен мазасыздық – еске сақтаудың ең бірінші жауы. Есте жақсы сақтау үшін денсаулық мықты болу керек.
10. Еске сақтауды жаттықтыру барысында Зейін, Байқағыштық және Ерік процестерін ұмытпаңыздар.
11. Таңертеңгілік 8 – 12 сағ. арасында еске сақтауды жаттықтыру жұмысы жемісті нәтижені береді. Жемісті жұмыстың шарықтау шегі – кешкі 19. 00 дейін.
12. Шай мен кофе еске сақтауды белсенді етеді, ал шылым шегу еске сақтауды әлсіретеді.
Еске сақтаудағы маңызды құпия – эмоционалды еске сақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет