Оқушыларды Ұбт мен ожсб-ға дайындаудың тиімді жолдары


Мұғалім ҰБТ-ге дайындалуда қандай мақсат қоюы тиіс? Мақсаттар



бет3/10
Дата29.06.2023
өлшемі48,29 Kb.
#103795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жолдары

Мұғалім ҰБТ-ге дайындалуда қандай мақсат қоюы тиіс?
Мақсаттар:
1.Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуі тиіс;
2.ҰБТ-ге сапалы дайындық ұйымдастыру;
3.Оқушыларды 100% оқу үлгеріміне талаптандыру;
4.ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарлату.
Мұғалімге мақсаттарына жету үшін үш топтың қолдауы қажет деп ойлаймын.
І. Ұжым
ІІ. Оқушы
ІІІ. Ата-ана
І Өздеріңізге белгілі ҰБТ-дің нәтижесі арқылы тек оқушының немесе жеке бір мұғалімнің ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұжымның, мектептің білім сапасы сарапқа салынады. Сондықтан ҰБТ-ға дайындыққа міндетті түрде бүкіл ұжымды араластыру қажет.
І. Ұжымнан көмек
1. Мектеп басшыларынан қандай көмек қажет?
А) ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жоспарын жүйелі түрде ұйымдастыруы,
Ә) Дайындық кестесі пән мұғалімінің сабағына сәйкес құруы,
Б) Пән мұғалімдерінің сағаттарын толықтыру
В) Пән мұғалімдеріне жеңілдіктер жасауы
Г) Сынама тест сараптамалары бойынша ата-аналар мен оқушылармен жұмыс жүргізу
2. Пән мұғалімдерінен қажет көмектер
А) Жекелеген оқушыларға сабақтар беру
Ә) Қиындық келтіретін сұрақтармен талдау жасауға көмек беру
Б) Тесттер,қосымша тапсырмаларды көбейтуге ат салысу
3. Сынып жетекшілерінен көмек
А) Оқушылардың дайындық сабақтарына толық қатысуын қамтамасыз ету.
Ә) Пән мұғалімдерімен байланыста болу
Б) Жекелеген оқушылардың қосымша сабаққа қатысу кестелерін реттеу.
В) Ай сайын алынған сынама тестердің қорытындысы шығарып, оқушыларды, ата-аналарды таныстыру
ІІ. Оқушы

  1. Мұғалімге сенім білдіруі;

Оқушы мен мұғалім арасындағы сенімнің болуы өте маңызды нарсе.
«Үйрету үшін ұрысудың, пайдалы болу үшін намысқа тиюдің қажеті жоқ» деп оқымысты Ларошуфенко айтқандай көп жағдайда мұғалімдер дайындық кезінде оқушыларды деңгейлеріне қарай топқа бөлуді әдетке айналдырған. Бұл үлкен қате және оқушының намысына тию деп есептеймін. Мейлі ол үздік оқушы болсын, үлгірімі жақсы не төмен оқушы болсын, қалай болғанда да ол мұғалімнің өз еңбегінің жемісі екенін ұмытпауымыз қажет. Осы мәселеге байланысты оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, нәтижесінде түйгенім ұрысып, айқайлап, қорқыту арқылы оқушыға білім беру мүмкін емес екен. Ондай жағдайда оқушы білмегенін мұғалімнен сұрауға бата алмайды, қорқады немесе іштей ерегісіп оқуға деген ынтасы жоғалады екен.
Біз ұстаздар оқушыға сенім білдіруіміз керек, тек сол жағдайда ғана оқушыда мүғалімге сенеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет