Оқушылардың даму физиологиясы



бет15/18
Дата15.04.2023
өлшемі186,5 Kb.
#82716
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Дәріс тезистері ОДФ 2022 (4)

Белоктың алмасуы. Азықтың ең құнды бөлігі белок, өйткені белокпен ғана тамақтанса, адам біраз уақыт өмір сүре алады, ал белоксыз өмір сүру мүмкін емес.
Организмдегі белоктар түрлі қызмет атқарады: биологиялық катализатор, транспорттық, еттің жиырылу қызметі, құрылыс материалы қызметін атқарады.
Амин қышқылдарының 10% организмнің өзінде өндірілмейді, сондықтан оларды таптырмайтын қышқылдар дейді. Бұларға аргинин, триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин мен фенилаланин жатады. Өсіп, дамып жатқан бала организміне бұларға қоса 10-қышқыл - гистидин аса қажет. Осы аталған ауыстырылмайтын амин қышқылдары жейтін астың құрамында жеткіліксіз болғанда адам денесінде, әсіресе балалар мен жас өспірімдердің организмінде айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Баланың жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды.
Судың алмасуы. Организмнің тірлігі үшін аса маңызды заттардың бірі – су. Ол организмнің ішкі ортасын құрады. Ересек адамның дене салмағының әрбір килограмм массасына 0,4 л су қажет. Ал нәрестелерде бұл мөлшер 5 есе артық. Егер баланың денесінде су жетіспесе, оның өсуі тежеледі.
Су мынадай қызметтерді атқарады: Ферменттердің қоректік заттардың сіңуіне, газ алмасуы, зат алмасу қалдықтарын тазалап, сыртқа шығаруға, дене жылуының тұрақтылығын сақтауға қатысады.
Несеп арқылы тәулігіне 1,2-1,4 л, тер арқылы 0,5-0,8 л, үлкен дәрет арқылы 0,1-0,2 л, шығару арқылы 0,4 л су денеден шығарылады.
Организмдегі су қанда өте көп (92%), екінші орында ми (86 %), содан соң бүйрек (83 %), бұлшық еттер мен бауырда 70 %.
Витаминдер тіршілікке өте қажетті заттар. Қазіргі кезде клеткадағы және организмдегі зат алмасуының түрлі жақтарына әсер ететін 30 шақты витаминдер белгілі. Егер тамақта витаминдердің біреуі немесе бірнешеуі жеткіліксіз болса немесе мүлде болмаса, тіршілікке қауіп төнеді, зат алмасуы бұзылады т.б. күрделі өзгерістер туады.
Витаминдерді латын әріпімен А, В, С, Д, Е, К, Р, РР деп белгілейді және химиялық құрамдарына сай атайды. Витаминдердің біразы гормондардың, ферменттердің т.б. биологиялық белсенді заттардың құрамына кіреді. Ал біразы (Е, С, Р витаминдері) клетка мембранасының құрамына кіріп қорғаныс, антиоксиданттық қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет