Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз



бет5/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Энциклопедиялармен жұмыс түрі негізгі ақпаратты табуға көмектеседі.Энциклопедия анықтамалық қызмет атқарады.
Тапсырма: деректерді, түсініктерді, терминдерді табу.
Мамандырылған сөздіктер: тілдік, түсіндірмелік, синонимдер сөздігі, сілтемелер сөздігі, мифологиялық сөздіктер, т.б.
Библиографиялық басылымдармен жұмыс.Ақпараттар түрімен, ақпараттар таңдау негізімен және қажетті материалдарды іздеу жолымен танысу, кітапхана катологымен жұмыс,т.б.
Мерзімді басылымдармен (газет, журнал) жұмыс.
Ізденіс тапсырмалары бойынша есеп беру.
Кітапханадағы жұмыс нақты тапсырмаларды орындау кестесі бойынша кітапханашының немесе мұғалімнің басшылығымен пәндік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Интернетпен жұмыстың мақсаты қажетті ақпараттарды іздеу, электрондық каталогпен жұмыс істей білу, ақпараттарды сайтта жинақтау, хат жазысу, т.б.

VІ. Ғылыми зерттеу жұмысының кезеңдері.



  1. Ұсынылған тақырыптарды өз қызығушылығына қарай таңдау.

  2. Таңдаған тақырыбын отырыстарда талдау, кеңес алу.

  3. Жетекші ұсынған әдебиеттерге талдау жасау.

  4. Танысқан материалдар мен тақырыпқа сәйкес жоспар жасау.

  5. Теориялық материалдар негізінде зерттеу жұмысын бастау.

  6. Жұмысты рәсімдеу және конференцияларда баяндама жасау.



Ғылыми – зерттеу жұмысын жазу үшін оқушыға қажетті зерттеу дағдылары.

  1. Ұсынылған әдебиеттермен жұмыс істей білу.

Ұсынылған әдебиеттермен жұмыс істей білу – ғылыми зерттеудің негізі.Материалдарды ретімен, терминдермен, түсініктермен таныса отырып оқу керек. Әрбір терминмен, түсінікпен жете таныс болу үшін олардың практикалық түсініктерін ашуға тырысу керек.

  1. Кітаптағы материалдарға сыни қарау дағдысы.

Кітаптағы материалдың шынайылығына көз жеткізу үшін оларды салыстыратын өзіндік пікірі болуы тиіс.Ол үшін өзіне мынадай сұрақтар қоюға болады:

    • әдебиеттегі қай пікір нақтырақ?

    • Теориялық пікірлер практикада дәлелді ме?




  1. Өзінің ойын нақты және түсінікті жеткізе білу дағдысы.

Өзінің зерттеу жұмыстарын жүйелі жеткізіп, бір мәселеден екіншісіне байланыстыра отырып өту қажет. Жұмыста «Менің ойымша», «менің пікірімше», «маған белгілі», «дәлелдемелер жасалған талдау көрсеткендей» деген сияқты сөздер қолданылуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет