Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз


Әдеби материалдармен танысу әдістері. (10 сағат)



бет3/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Әдеби материалдармен танысу әдістері. (10 сағат)
Тақырып бойынша библиографиялық тізім құрастыру.Кітапханадағы жұмыс: кітапхана жүйесімен, электронды каталогтармен, библиографиялық материалдарды дұрыс пайдалану әдістерімен танысу.


Әртүрлі қызмет атқаратын элементтермен танысу. (10 сағат)
Тақырыпша. Аннотация. Мазмұны. Алғысөз.Түйін.Анықтамалық материал т.б.
Жарияланған материалдармен танысу. (10 сағат)
Таңдап алынған тақырыптың негізгі мәселелері бойынша мәліметтер алу.Мазмұны тұрғысынан жақын материалды іздеу.
Өз жұмысының тақырыбы бойынша «жинақталған мәліметтер банкін» жасау.


Тақырыптың болжамы. (4 сағат)
Болжам жасаудың талаптары. Болжамды құрастырып жазу.


Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. (4 сағат)
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін құрастыруға қойылатын талаптар.


Зерттеу тәсілдері. (10 сағат)
Жалпы және арнайы әдістер.Статистикалық әдістер. Динамикалық бағдарламалау әдістері.


Теориялық әдістер. (8 сағат)
Модельдеу және эксперименттік әдіс; болжау; анализ және синтез. Эмпирикалық әдіс.


Қорытынды. (10 сағат)
Негіздерге сүйене отырып, зерттеу жұмысын қорытындылау, талдау, дәлелдеу.


Тақырыптық – күнтізбелік жоспар





Тақырыптары

Сағат саны

уақыты

1

Өзіндік зерттеуді (технологиялық) және аналитикалық (сараптау), рефлективтік кезеңдерді іске асыру.







2

Жұмыс жоспары







3

Бірінші блок – жұмыстың теориялық мазмұны.







4

Екінші блок – жұмыстың эксперименттік бөлігі.







5

Алынған нәтижелерді талдау, сараптау.







6

Үшінші блок – зерттеу нәтижелерін талдау.







7

Жоспар – проспект құрастыру.







8

Материалды реферат түрінді мазмұндау.







9

Ғылыми – зерттеу жұмысын өңдеу.







10

Жұмыс нәтижесін жариялау түрлері.







11

Өңдеп жазуға қойылатын талаптар.







12

Мазмұны бойынша.







13

Орындалу мерзімі бойынша.







14

Тезис жазып өңдеу – мақаланың сипаттамасы.







15

Тараулар бойынша және бүкіл жұмыс бойынша қорытынды жазу.







16

Библиографиялық тізім құрастыру.







17

Ғылыми – зерттеу жұмысының негізгі құрылымдық элементтерін өңдеудің ережелері.







18

Тақырып.Кіріспе (алғысөз).







19

Негізгі (мазмұны) бөлім.







20

Жобаны өңдеуге қойылатын талаптар: титулдық бет; кіріспе; тараулар; параграфтар; қорытынды, қосымшалар.







21

Зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау.







22

Есеп беруге дайындық.







23

Қосымша материалдармен жұмыс.







24

Қорытынды.Қорғау кезеңі.








Оқушылардың ғылыми - зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар

1 Жаднама




Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері

    • проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау, проблемаларды табу);

    • зерттеу саласын анықтау (негізі мәселелерді белгілеу);

    • зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу шеңберін белгілеу);

    • шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау);

    • зерттеу жүргізудің жүйелігін анықтау;

    • ақпараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);

    • алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, материалдарды жинақтау);

    • есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау);

    • баяндама (зерттеу нәтижелерін баяндау, сұрақтарға жауап беру).



Тақырып проблеманың сипатын ашып береді.
Зерттеу тақырыбы түрліше болуы мүмкін.Ең бастысы, өзіне қызықты болуы мүмкін.
Тақырыптарды негізгі үш топқа бөлуге болады:

    • қиялға негізделген құбылыстарға бағытталған фантастикалық тақырып;

    • өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу және практикамен тығыз байланысты эмприкалық тақырып;

    • түрлі қайнаркөзден алынған деректермен, материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған теоретикалық тақырыптар;



Болжамбұл әлі айқындалмаған, логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген білім. Болжам шындық та, жалған да болуы мүмкін емес, ол тек ғана анықталмаған құбылыс.Егер болжам теорияға айналмаса, жалғанға айналады.Болжамдағы басты талап нақты материалдармен келісілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет