Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз



бет4/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Зерттеу объектісі – теория мен практикадағы байланыстар, қатынастар, қасиеттер жиынтығы және ақпараттар зерттеудің қажетті қайнар көзі қызметін атқарады.


Зерттеу пәні нақтырақ.Ол жұмыстағы танысуға жататын қатынастар мен байланыстан тұрады, ғылыми ізденістің шекарасын орнатады. Әрбір объектіде бірнеше зерттеу пәндерін бөліп алуға болады. Зерттеу пәні сол зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Мақсат зерттеушінің негізгі жоспарына сәйкес қысқа, нақты болады. Ол зерттеудің міндеттеріне дамытылады, айқындалады.
Зерттеудің келесі кезеңі зерттеу әдістерін таңдау болып табылады. Бақылау, эксперимент, ақпараттар іздеу, жинау, зерттеу әдістері бола алады.
Бақылау - өте кең таралған және тиімді зерттеу әдісі.Бақылау әдісін белгілі бір мақсатқа негізделген қабылдау түрі деп атайды. Ол практикалық, танымдық міндеттерде бақылау зерттеу әдісі ретінде түрді сипаттайды.


Эксперимент – зерттеу әдістерінің ең маңыздысы. Ол барлық ғылым саласында зерттеумен бірге қолданылады.Бұл таным әдісі арқылы қоғамдағы немесе табиғаттағы құбылыстар қатаң бақылау мен басқару жағдайында зерттеледі. Кез келген эксперимент тексеру мен салыстыру мақсатында қандай да бір практикалық әрекетті көздейді.Эксперимент ойлану кезеңін өткізетін ойда жүрген мәселе де болуы мүмкін.
Зерттеуші зерттеу жолдарын анықтағанда, алдымен, материалдар жинайды және төмендегі тәртіппен жүйелейді:

  1. Ойлау;

  2. Өзіне - өзі сұрақ қою;

  3. Басқа адамнан сұрау;

  4. Кітаптардан қарау;

  5. Бақылау;

  6. Эксперимент жүргізу;

  7. Интернет жүйесін қарау;

  8. Материалдар жинақтау;

  9. Қорытынды жасау;

Зерттеудің соңғы кезеңі орындалған зерттеу жұмысын қорғаумен аяқталады.


Қорғау – зерттеудің жетістігі және жаңа зерттеулердің бастапқы кезеңі болып табылады. Қорғауға әдетте шектеулі уақыт (10- 15 минут) беріледі. Осы уақыт ішінде зерттеуші ғылыми тақырыбының өзектілігін аша білуі тиіс, сондай – ақ жұмыстың логикасы, тілі, құрылымы мен жиналған материалдың құндылығы, практикалық мәні бағаланады.

2 Жаднама


Әдебиеттермен жұмыс





Жұмыс кезеңдері

Кезеңдердің мазмұны

1

Жалпы танысу

Әдебиттерге жалпы шолу

2

Бөлімдер мен тарауларды оқып шығу

Мәтіннен маңызды жерін бөліп алу.

3

Таңдап алып оқу

Мәтіннің маңыздыларын қайта оқу

4

Оқыған материалдардан жоспар құру

Жоспарда негізгі ойлар қамтылуы тиіс.

5

Оқығандардан көшіріп жазу

Нақты және толық (цитата)

6

Оқыған материалдарды басқалармен салыстыру

Мәселені шешуде айырмашылықтары белгіленеді

7

Оқығандар мен жазып алғандарға сыни баға беру

Шынайылылығы мен нақтылығы назар аударылады

№3 Жаднама


Ғылыми жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар.



Құрылым

Мазмұнға қойылатын талаптар

Титуль беті

    • жұмыс орындалған оқу мекемесінің аты;

    • автордың аты- жөні;

    • ғылыми жұмыстың тақырыбы;

    • ғылыми жетекшілігінің аты – жөні;

    • қала және жылы жазылады;

Мазмұны

Кіріспе (екі беттен кем болмауы тиіс)

    • шешілетін мәселенің немесе міндеттердің қазіргі жағдайына баға;

    • жұмыстың қажеттілігі жөнінде негіздеме;

Негізгі бөлім (он беттен кем болмауы тиіс)

Зерттеудің нақты тақырыптары бойынша бөлім материалдарынан тұрады. Автор басқа авторлардың еңбектеріне сілтеме жасайды.

Қорытынды

Орындалған жұмыстың нәтижесі бойынша қысқаша қорытындылар жасалады.

Әдебиеттер тізімі

Ғылыми жұмысты жазу кезінде пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.



№4 Жаднама


Зерттеу жұмыстарының түрлері.





Түрі

Құрылымы

Баяндама

    • кіріспедегі қысқаша ескертпелер;

    • тақырыптың ғылыми – практикалық құндылығы;

    • негізделген ғылыми ұсыныс тақырыбының мәні;

    • қорытынды және ұсыныстар;

Тезис

Ғылыми мақала

    • тақырыбы;

    • кіріспедегі ескертпелер;

    • зерттеу әдістемесі жөнінде қысқаша мәлімет;

    • ғылыми нәтижелерге талдау және оларды қорыту;

    • ұсыныстар мен қорытынды;

    • сілтеме жасалған әдебиеттерді көрсету;

Ғылыми есеп

    • ғылыми жұмыстың біткен кезеңінің жоспары мен бағдарламасын қысқаша баяндау;

    • жүргізілген жұмыстың құндылығы, практика мен ғылымдағы мәні;

    • қолданылған әдіс – тәсілдерге нақты сипаттама;

    • жаңа ғылыми нәтижелерді баяндау;

    • шешуші мәселеге жауап беретін зерттеу нәтижелерін қорыту;

    • ұсыныстар мен қорытынды;




Реферат

    • кіріспе бөлімі;

    • негізгі мәтін;

    • қорытынды бөлім;

    • әдебиеттер тізімі;

Ғылыми жоба

    • кіріспе бөлімі;

    • негізгі мәтін;

    • эксперимент нәтижесі;

    • қорытынды бөлім;

    • әдебиеттер тізімі;

V. Оқу кітапханасымен жұмыс
Кітапхана орталығымен жұмыстың мақсаты: оқушылардың кітапхана – ізденушілік дағдысын қалыптастыру. Оқушыны зерттеушілікке жетелейтін сабақтар тек кітапхана көмегімен жүзеге асырылады. Мектеп кітапханасы оқу процесін кіріктіруде негізгі дидактикалық қор болып табылады.
Мақсат оқушының жеке ізденушілік дағдыларын қалыптастыру, өзінің іс - әрекетіне бақылау жасауға баулу.
Іс - әрекеттер түрі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет