- Н, - ын, - ін
- Н, - ын, - ін есімдердің осы жұрнағы мен етістіктің –н, - ын, - ін жұрнағы туынды омонимдер жасайды.Бұл ретте аталған омонимдес жұрнақтар арқылы теп деген етістіктен жасалған зат есім мағынасындағы тебін деген сөз (мал тебінде жайылып жүр) бен етістік мағынасындағы тебін сөзін (атын тебіну) мысалға келтіруге болады.
Бұл жұрнақ негізгі (түбір) етістікке жалғанып, өздік етіс формасын (жуын, таран, киін т.б.) жасайды, кейбір етістіктерденг зат есім (боран, келін, жуын, құйын, жиын т.б.) тудырады, кейбір есімдерден туынды етістік жасайды (күрсін, шегін, талпын т.б.), кейбір етістіктерден әрі зат есім, әрі етістік формаларын (мақтан, қорған, жасырын т.б.) жасайды. Бұдан - н,
- ын, - ін жұрнағының бұрын өрісі кең, қызметі де мол болғанын көруге болады.
Етістіктен туынды зат есім жасайтын - н, - ын, - ін жұрнағының қызметі мынадай:
Іс – қимыл процесінің заттық атауын жасайды.Мысалы: боран, толқын, ағын, жауын, серпін т.б.
Абстракт заттық ұғымның атауын тудырады. Мысалы: жиын, мақтан, сауын, шығын, жасырын т.б.
Конкретті заттық ұғымдардың атауларын жасайды. Мысалы: егін, қорған, жұғын, жұлын, тығын, түтін, келін т.б.
Аталған омонимдес аффикстердің жалғануынан әрі есім сөз, әрі етістік сөздер жасалады.Мысаы:
Мақтан І. Мансап іздер, мал қуар.Бәрі мақтан іздеген (Абай).
Мақтан ІІ. Әринемен ел кетті.Қоқиланды, мақтанды (Абай).
Қорған І. Сол әскер суды өрлеп талай жүрді.Судың басы бір құздар, шатқа кірді.Шаттың аузын бекіткен алтын қорған. Қақпасы бекітулі, көзі көрді (Абай).
Қорған ІІ. Жау да қорғана бастады.Кемелерді алға өткізіп жіберіп, катерлер жағалауға таянып келіп, кіші калибрлі зеңбіректен бас көтергізбестей етіп оқ жаудырды (Ө.Канахин).
Жасырын І. Менен жасырын сыр біліп алмақ болады (М.Әуезов). Бұлар кем болса, бес рет жасырын жиналыс өткізді (Ғ.Мүсірепов).
Достарыңызбен бөлісу: |