Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз



бет13/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
гылыми лицензия

Жасырын ІІ. – Жаңа, - деді шал сасқалақтап, - Итбайдың төре баласы Сарыбас... шешеңді атып өлтіріп кетті... Саған кетті... Жасырын! (С.Мұқанов).
т, -ыт, - іт
Омонимдес аффикстердің қатарына етістіктің – т, -ыт, - іт жұрнағы мен зат есімнің - т, - ыт, - іт жұрнағы енеді..Мысалы: құмарт, сейілт, шырамыт, қарауыт,мұнарт, кеңіт деген сөздердің құрамындағы – т, - ыт,
- іт аффиксі - етістіктің жұрнағы болса (бұл жұрнақ есімдерден етістіктер тудырып тұр), бөгет, шабыт іркіт, сырқат тәрізді сөздердің құрамындағы –т, -ыт, - іт аффиксі – зат есімдердің жұрнағы (бұл жұрнақ етістіктерден зат есімдер тудырып тұр. Бұл жұрнақтарға омонимдес болып келетін тағы бір жұрнақ бар, ол - өзгелік етістіктің – т, -ыт, - іт жұрнағы. Мысалы: бұра –т, құра- т, қуан – т, жина – т.
- қы, - кі, - ғы, - гі
Омонимдес аффикстердің қатарына етістіктен зат есім тудыратын - қы, - кі, - ғы, - гі жұрнағы (мысалы, сүз – гі, шал – ғы, бұо – ғы, шаныш – қы, теп – кі, тамыз – ғы) мен етістіктен де, есімдерден де сын есім тудыратын –қы, -кі, - ғы, -гі жұрнағы (мысалы, бұрал – қы, күлдір – гі, жина – қы, түс – кі, кеш – кі қашан – ғы) және түбір етістіктерден туынды етістіктер жасайтын –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнағы (сыр – ғы, ат – қы).
Қазіргі түркі тілдерінде –қы (кі) тұлғасының сын есім тудыратынынан гөрі зат есім жасағыштық қасиеті көзге түседі.Қазақ тілінде шапқы, шалғы, кескі, бұрғы, т.б.Біздіңше, түркі тілдерінде – қы, (гі) тұлғалы сөздердің зат есім мәнінде қалыптасуы субстантивация процесінің нәтижесі ­-ғу (гү), -қы (кі) тұлғалы қимыл атауларының бір тобы тілдің даму барысында қолданыс нәтижесінде зат есімдер қатарына ауысты да, оның ерекше лексикалық тобы болып орнықты. Кейін субстантивтенген –қы (гі) тұлғалы сөздерге аналогия жасаудың нәтижесінде осы қосымша тұлғалы сөздердің саны тіл құрамында көбейе түседі. Мұның өзі –қы (кі) тұлғасын етістіктен зат есім тудыратын қосымша деп қайта тануға алып келді.
Кезінде Махмұд Қашқари да өзінің еңбегінде « –ғұ, - гү қосымшасының етістіктерден жасалған құрал аттарын жасайтынын, олардың етістік мәнін жоғалтып, зат есім орнына қолданылатындығын жазған болатын» (5,71-73).
Бұл фактілер –қы (кі) тұлғалы қимыл есімдерінің ең әуелі субстантивтеніп зат есім мәніне ие болғанын көрсетеді.Біздің ойымызша, зат есімге айналған –қы, -кі тұлғалы, қимыл есімдерінің бір тобы қолданыс барысында адьективацияланып, сын есімдер тобына ауысқан тәрізді. Өйткені, зат есімдердің сын есім мәнінде қолданылуы, керісінше, сын есімдердің субстантивтеніп, зат есім мәнінде жұмсалуы тіл тарихында байырғы құбылыс.Сондай қолданыстың барысында субстантивтенген кейбір қимыл есім тұлғалары сын есім қызметінде тұрақты жұмсалып, сын есім тобына біржола ауысуы мүмкін. –Қы (кі) тұлғалы қимыл есімдерінің барлығы бірдей адьективация процесіне ұшырай бермейді.Олардың ішінде адьективация процесіне негізінен іс - әрекеттің, қимылдың, сапаның ерекшеліктерін білдіретін қимыл есімдері ұшырайды.Ондай қимыл есімдері тіл құрамында сан жағынан аса көп емес.Олардың өзі де адьективация процесіне тікелей емес, жанама түрде, субстантивтеніп барып ұшырайды.Сондықтан болу керек, -қы (кі) аффиксі қазіргі қазақ тіліндегі сын есімнің сөзжасам жүйесінде «өнімсіз» қосымшалардың қатарына жатқызылады.Ал шындығына келсек, -қы (кі) аффиксі ешқашан сөз тудырғыш жұрнақ болған емес.Оның сөз тудырғыш қосымшалардың қатарынан орын алуы сөз құрамындағы тұлғалардың бәрі де деривация деп танудан соның салдарынан барлығын бірдей «сөз тудырғыш» жұрнақтар деп қараудан пайда болған.Оның үстіне қазақ тілінен басқа түркі тілдерінің әрқайсысында бұл аффикс сын есім жасайтын қосымша болып табылмайды. –Қы, -кі тұлғалы қимыл есімдердің адьективтенгендігі сонша, олардың бойында бір кездегі етістік мағынаның ізі де қалмаған.Олар етістікке тән шақтық, салт, сабақтылық қасиеттерді былай қойғанда, септік жалғауларындағы есімдерді меңгеру қабілетінен де мүлдем айрылған.
Сонымен, бұл айтылғандар о баста қимыл есімдердің жасаған – қы (кі) тұлғалы сөздердің ең әуелі субстантивтеніп, содан кейін сын есім мәніне ауысқанын дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет