білім ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеуде олардың жан – жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік, азаматтық белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына қарқынды ықпал ету;
Күтілетін нәтиже: Зерттеу тақырыптарының өзектілігі мен өнімділігін, құндылығын дәлелдеу.
БАҒДАРЛАМА
(Барлығы – 102 сағат)
Кіріспе. (4 сағат) Өз бетінше ойлай алатын, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудың негіздері.
Зерттеу әрекеттерінің элементтері. (10 сағат) Зерттеу әдістері. Жеке эксперименттік материалды таңдап алу. Нәтижелердің интерпретациясы (талдау) және олардан шығарылатын қорытындылар.
Ғылыми – зерттеу әрекеті. (6 сағат) Ғылыми – зерттеу жұмысының жалпы жоспарымен танысу.
Нысанды зерттеу аймағы, нысан және пән. (6 сағат) Зерттеу пәні жұмыстың тақырыбын анықтайды.
Тақырып, зерттеудің проблемасы мен өзектілігі. (6 сағат) Негізгі критерийлері.Мұғалім мен оқушыға ортақ мотиві бар тақырыпты таңдау.Тақырыпты дұрыс қарастыру.
Тақырыптың өзектілігін негіздеу. (6 сағат) Зерттеудің өзектілігін негіздеу. Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау және тақырыпты нақтылау.