Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз


Бір түбірден кемінде екі сөз тудыратын, дыбысталуы бірдей, мағынасы мен қызметі басқа – басқа аффикстер (жұрнақтар) омонимдес аффикстер деп аталады



бет8/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
гылыми лицензия

Бір түбірден кемінде екі сөз тудыратын, дыбысталуы бірдей, мағынасы мен қызметі басқа – басқа аффикстер (жұрнақтар) омонимдес аффикстер деп аталады.
Көп мағыналы аффикстерді омонимдес аффикстерден ажырата білу қажет.Омонимдес аффикстер шығу тегі жағынан да, мағынасы мен қызметі жағынан да әр басқа аффикстер болып саналады. Бір ғана аффикстің омонимдес болуы мүмкін емес, омонимдес аффикстерді екі немесе одан да көп әр басқа аффикстің дыбысталу жағынан бірдей келуі деп түсіну дұрыс болмақ.Ал көп мағыналы аффикс болса, оны әр басқа аффикстер емес, бір ғана аффикстің екі немесе одан көп грамматикалық мағынаны білдіруі деп түсінеміз.Мысалы, жолдасы деген сөздің құрамындағы –ы, аффиксі әрі тәуелділік мағынаны, әрі жақтық мағынаны (ІІІ жақ) білдіретін көп мағыналы аффикс болып саналады; бірақ ол екі түрлі грамматикалық мағынаны білдіргенімен, екі аффикс емес, бір ғана аффикс (тәуелдік жалғауы) ретінде танылады.
- Шы, - ші
Атшы, түйеші, тергеуші, жазушы, оқушы деген зат есімдердің бәрі де – шы (-ші) жұрнағы арқылы негізгі және туынды есім сөздерден жасалғаны сияқты, жаншы, өрші, ойнақшы, дөңбекші деген етістіктердің жан, өр, ойнақ, дөңбек деген зат есімдерден жасалған. Байқа – шы, қой – шы, ая – шы сөздеріндегі, сондай – ақ, келейін – ші,, кел – ші, келсем – ші формаларындағы –шы (-ші) жұрнағы мақсаттың тиянақты түрде жүзеге асырылатындығына көзді жеткізе түсетін мағына үстейді.
Сөйтіп, бұл мысалдардағы –шы (-ші) қосымшасының мағыналары көп екенін көреміз.Бірақ бұл арадағы көп мағыналар бір – біріне жақын емес, бір – бірімен байланыспайтын, бірінен – бірі алшақ, басқа – басқа мағыналар.Осы себептен бұл жұрнақты, айтылу, жазылу түрлері біреу ғана болғанымен, мағыналары да, қызметтері де бір – бірімен ұштаспайтындықтан, полисемиялық (көп мағыналы) жұрнақ деп тани алмаймыз. Бұл жұрнақ - әрі жаңа сөз тудыратын, әрі жаңа форма тудыратын омоним жұрнақ.
-Ды, - ді, - ты, - ті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет