ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Мергенбаев Е. «Қазақ тіліндегі сөзөзгерім жүйесі» Алматы, «Санат» 1994
2. Ысқақов А. «Қазіргі қазақ тілі» Алматы, 1964
3. Әміров Р. «Қазақ тіліндегі жалғаулықтар» 1959, 68 - бет
4.Аханов К. «Тіл білімінің негіздері.Оқулық.Алматы, «Санат» 1993
5.Сауранбаев Н. «Қазақ тілі білімінің проблемалары» Алматы. 1982
6.Серғалиев М, «Қазіргі қазақ әдеби тілі» Алматы.1991
7.Балақаев М. «Қазақ тілі білімінің мәселелері» Алматы, «Арыс» 2008. Тіл мәдениеті.
8.Исаев С. «Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар» Алматы, «Ана тілі» 1992
9.Қараев М. «Қазақ тілі» Алматы, «Ана тілі» 1993
10.Ысқақов А. «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы». Алматы, «Мектеп баспасы»
11. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары.
Абай мен Шәңгерей шығармаларындағы сабақтастық
Секция: Әдебиет
АННОТАЦИЯ
«Абай мен Шәңгерей шығармаларындағы сабақтастық» тақырыбын негізге ала отырып, зерттеу жұмыстың мақсаты: Ұлы ақын Абай мен Шәңгерей шығармалары арасындағы сабақтастықты дәлелдеу, олардың өміршеңдігін таныту, ортақ тақырып, идея үндестігін, ұқсастығын ашып көрсету;
Жалпы жұмыс үш бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері туралы айтылса, негізгі бөлімінде Абай мен Шәңгерей шығармаларын салыстыра отырып, олардың үндестігі, ұқсастығы дәлелденеді, қорытынды бөлімінде ақын шығармаларының сабақтастық ерекшеліктері айқындала отырып, есімі өшпес ақындардың өнегесін паш ету, оны ұрпақтар бойына дарытып, сана – сезіміне сіңіру – басты мақсат екендігі жайлы айтылады.
Зерттеу жаңалығы мен өзектілігі: Шәңгерейдің ақындық қызметіне арнайы тоқталып, Шәңгерей өлеңдеріндегі дарашылдық, эстеттік сарындарды бүкіл тарихи - әдеби дәстүрге байланысты қарау керектігін, Абай дамытқан озат дәстүрлермен салыстыра тану.
Жұмыстың негізгі нәтижесі - Абай мен Шәңгерей шығармаларының сабақтастығын ізденіс пен ізгіліктің, көркемдік пен сұлулықтың, сыр мен сезімнің тұтастығы, шынайылық шындықтың үздік үлгісі, өрнекті өрісі ретінде бағалау.
Эксперимент әдістемесі: Ақын шығармаларын оқып – үйренуде, олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін, сабақтастығын танытуда, осы жұмыс көмекші құрал ретінде ұсынылды.
Бүгiнгi таңда жас ұрпақтың бiлiм мен тәрбиесiне байланысты мәселелер көп қаралу үстiнде, сондықтан да бұл тың тақырыпты колледж, мектеп мұғалiмдерi, орта білім беру мектептерінің оқушылары тәжiрибелiк жұмыстарына әдiстемелiк көмекші құрал ретiнде қолдана алады.
Жоспар
І Кіріспе бөлім.
Абай мен Шәңгерей – тұстас өмір сүрген ақындар.
ІІ Негізгі бөлім.
1. Абай мен Шәңгерей шығармаларының үндестігі.
2. Ақындар поэзиясы - нағыз шыншыл, көркем поэзия.
ІІІ Қорытынды бөлім.
Ақындар шығармашылығындағы сабақтастық ерекшеліктері.
КІРІСПЕ
Ұлы жазушы ұлы ақындар халық пен халықты, ұлт пен ұлтты жақындастырады. Абайдың бір өзі қазақ халқын қанша елге таныстырды.
Абайдың қасиеті - ол өткен заманның ақыны емес, бүгінгі заманның ақыны, бүгінгі қазақ ақындарымен іргелес, бағыттас ақын. Абайдың әдебиеттегі өсиеті – шындық, шеберлік, адам баласына ортақ гуманизм, Отанды сүю... (Ғ.Мүсірепов).
Әр дәуір өзінің қайталанбас тұлғаларын өмірге әкеледі. Абай мен Шәңгерей – тұстас өмір сүрген ақындар. Шәңгерей Бөкеев Абай тәжірибесін бойына сіңірген де, ұлы ақынмен қатар сүрген С.Торайғыров, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин шығармашылықтарына ұқсамайтын тың жол салған.
«1916 жылы шілде айында Шәңгерейдікінде Омармен кездескенімде Абай әңгіме болды, - деп жазады Ш.Бекмұхамедов, өзіміз ол кезде Абайдың кім екенін, оның поэзиясының мәнісін білмейміз. Омар Абайдың өлеңдерін оқып, талдап түсіндірді. Ақынның поэзиясына үлкен баға берді. Тыңдаушы ішінде Шәңгерей де отыр еді. Омар Абай өлеңдерінің сөз құрылысын, өлең ұйқастарын қайталап, толықтау етіп айтып, бұрын – соңды қазақ ақындарының ішінде Абайға тең келетіні жоқ деген сөздерді айтты. Шәңгерей Омардың сөзіне еріп кетіп, Абайды тіпті Омардан гөрі де асыра мақтап жібергенін өзі де сезбей қалғандай болды» (Қазақ тілі мен әдебиеті 1995. №9. 99-бет). Міне, осы дәлелдемеден Шәңгерейді Абайдың ақындық дәстүрін ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетінде дамытушы, жалғастырушы қаламгер ретінде тануға болады. Абай мен Шәңгерей арасында шығармашылық байланыс, рухани туыстық бар деп айта аламыз.
Осы мәліметтерді негізге ала отырып, зерттеу жұмыстың мақсаты: Ұлы ақын Абай мен Шәңгерей шығармалары арасындағы сабақтастықты дәлелдеу, олардың өміршеңдігін таныту, ортақ тақырып, идея үндестігін, ұқсастығын ашып көрсету;
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Ұлт ақыны Абай мен Шәңгерей өлеңдерінің тақырыптары мен идеяларының бірізділік сабақтастығын дәлелдеу;
Шығармашылықтарының ерекшелігі мен маңыздылығын анықтау;
Зерттеу жаңалығы мен өзектілігі: Шәңгерейдің ақындық қызметіне арнайы тоқталып, Шәңгерей өлеңдеріндегі дарашылдық, эстеттік сарындарды бүкіл тарихи - әдеби үрдіске байланысты қарау, Абай дамытқан озат дәстүрлермен салыстыра тану.
Абайды қазақ көркем сөзі мен әдеби тілінің жаңа кезеңін бастаушы, оларды жаңа сапаға көтеруші деп танығанда, сол жаңалықтардың әрі қарай жалғасуын іздейміз.
Абайды ұлы деп танытып отырған белгі оның суреткерлік өнері - өлеңінің, рухани ділі мен көркем тілінің жалғастық тапқандығынан, өзінен кейінгілерге үлгі - өнеге болатындығынан көрінеді. Осы мақсатпен ұлы Абаймен тұстас өмір сүрген Шәңгерей Бөкеев шығармаларына үңіліп едік.
Достарыңызбен бөлісу: |