Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз



бет19/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
гылыми лицензия

«Кімсің?»- деп біреу сұраса,
Өзім болып «Мен!» деген.
«Мен» - деген кетсе дүниеден,
Өзім болып «Менмін» деп,
Жауап берер қай адам?!
«Менмін» деген – сол менмін,
Жалпылама, алаш, әр заман,-
деп, «Мен» - деген сөздің мағынасы, жалпы халық, адам баласы екенін өзі – ақ айтады. Абайдың «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» атты өлеңінде:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес.
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.
Осы өлең жолдарынан ақын пікірі ұлы Абай пікірімен өзара үндесіп жатқандығын байқаймыз.
Өмірдегі, дүниедегі табиғилық, өсу, өну, өшу заңдылықтарын Шәңгерей ақын өз атынан, өзінің «Мені» - жеке басы тағдыры тарапынан танытады.
Қиямет, мақшар таң туса,
Өзім қайта «Мен» болып,
Мен болармын қайтадан,
Қайтадан жаным қайтадан адам.
«Бұл сөзің қалай?» десеңіз,
Әуелінде бар болып,
Ақырында жоқ болмақ –
Шариғатқа қилап заң.
Қандай қиямет – қайым болса да адам мүлде жоғалып кетпейтін, бірі өмір кешіп жоқ болса, оның орнын келесі «Мен» (адам) басады , адам қауымының өзгерісі болса да, жойылуы, құрып, өшуі мүмкін емес дегісі бар. Бір ұрпақты екінші ұрпақ, бір «Менді» - екінші «Мен» айырбастап, өсіп - өніп, баяғысынша адамдар қауымы ілгері баса беруі табиғи, заңды деп, таниды. Ал жеке адамның өмірі қысқа, жалғаншы. Біраз жас балалықтан ер жетуге дейін өтеді. Саналы – сапалы тұстың өзін адам қадірлей білмейді.Не өзіне, не басқаға пайдалы адамгершіл істер істеп, ізгілікке бой ұрмайды. Дүние қуалап, өліп - өшіп өмірін бос әуре сарсаңмен өткізіп алады. Дүниенің түбіне жетем деп жүргенде қазаның мезгілі жеткенін, жан алғыш әзірейіл күрзісі төбесін ойып түскенде бір – ақ біледі»,- дейді. «Өмірдің өтуі», «Жалғаншы жарық дүние», «Бұл дүние пәнилығын етеді екен», т.б. өлеңдерінде әр нәрсенің пайда болуы, өсуі, дәурендеуі, гүлдеуі бар; оған қоса, солуы, кебуі, қартаюы, қажуы, өлуі - өшуі болатынын айтады. Бірақ, дүниеде шек жоқ, біріне – бірі жалғасып жатқан өмір, дәурен, ескінің орнын жаңа, кәрінің орнын жас басады.
Бұл дүние пәнилығын етеді екен,
Бір дәурен өтіп,бірі жетеді екен.
Жұрт болар бір күндегі жоқ адамдар,
Ескілер бірден – бірге бітеді екен.
Келтірілген жолдардан Шәңгерей пікірін Абайдың «Көк тұман – алдыңдағы келер заман» өлеңінде:
Көк тұман – алдыңдағы келер заман,
Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған.
Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,
Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған.
Ол күндер -өткен күнмен бәрібір бәс,
Келер , кетер,артына із қалдырмас
Соның бірі – арнаулы таусыншақ күн,
Арғысын бір – ақ алла біледі рас,-
деген өлең жолдарынан байқауға болады.
Шәңгерейдің «Құйрық атып құлия» өлеңінде де:
Құйрық атып құлия,
Түлкідей қашқан жымия.
Қараңды үзіп барасың,
Бізден де қайран дүние.
Көп жылдар қудым артыңнан,
Лашындай сызып жер қия,
Бірде шығып шарыққа,
Бірде сарықтым тұңғия.
Күнім базар, түнім той,
Замандас, жаран жиылып,
Зауық, сапа өне бой
Шат –шадыман күндерім
Демедім бастан өтер ғой...-
деп, Шәңгерей дүниенің, дәулеттің тұрақсыздығын айтып налиды. Шалқар көл, тақыр шөл, аспанмен таласқан шынар түбі шіріп құлар. Адамдарда сондай, кезінде қанша шалқыса да дәулеті тайса, кәрі жасқа жетсе жігерім құм болар, - деп, өмір құбылыстары туралы өлеңдерінің бәрінде де біркелкі қорытынды жасайды.
Шәңгерей осы ойларымен Абайдың ойларын өз талғамы тұрғысында жалғастыратын сияқты.
«Дүние деген көл, замана соққан жел» деген Абайдың сөзін кім білмейді. Шәңгерей де біледі.Ұлы Абай:
Сағаттың өзі – ұры шықылдаған,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет