«Ақылды үкілер» стратегиясын түсіндіріп іс жүзінде көрсетеді Оқушыларға материалмен өз бетінше танысу ұсынылады. Мәтін бойынша жұмыс жеке, жұптық немесе топтық түрде ұйымдастырылуы мүмкін. Әрбір оқушыға (немесе топқа) мәтіндегі ақпаратты өңдеу мақсатындағы нақты сұрақтары мен тапсырмалары бар жұмыс парағы ұсынылады. Мәтінді өңдеудің түрлі амалдары «Ақылды үкілер» педагогикалық техникасы деп аталады.
Мәтінмен жұмыстың бастапқы қадамдары. Мәтіндегі негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретпен жазыңыз.
Күтілмеген ақпарат. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің алғашқы пікірлеріңізге қарама-қайшы келетін ақпаратты табыңыз.
Соңғы жаңалық. Сіз үшін жаңа болып табылатын ақпаратты жазыңыз.
Ең негізгі өмірлік даналық. Бір сөйлеммен мәтіннің (мәтін тарауларының) негізгі ойын келтіріңіз. Екінші нұсқасы: әрбір тараудың қай сөйлемі негізгі болып табылады, қай сөйлемдер түйінді болып табылады?
Белгілі және белгісіз. Мәтіннен сізге бұрыннан белгілі және бұрын белгілі болмаған ақпаратты табыңыз.
Иллюстративті бейнелеу. Мәтіннің негізгі ойын сурет, схема, карикатура және т.б. арқылы бейнелеңіз.
Мағыналы қорытынды. Оқығаннан алдағы өмірде және қызметте пайдалы болатын қорытынды жасауға болады ма?
Талқылау үшін маңызды тақырыптар. Мәтіннен ерекше көңіл бөлуге және сыныпта талқылауға тұрарлық тұжырымдарды табыңыз. Әрі қарай жұмыс нәтижелерін талқылау ұйымдастырылады. Мұнда келесі қадамдарды белгілеуге болады: қосымша ақпарат іздеу, жеке оқушылар немесе топтар үшін үй тапсырмалары, шешілмеген проблемаларды анықтау, жұмыстың кейінгі кезеңдерін белгілеу.
4-топ «Кестені толтыр» стратегиясы 5 мин
«Кестені толтыр» стратегиясы
Оқушылар топтарға бөлінеді. Барлығына бір мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады. Кесте 4 бағаннан тұрады:
Мәтін ішінен түйінді сөздерді теріп жазу.
Мәтін бойынша сызба түрінде конспект жасау.
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
Мәтіннің ішінен негізгі идеясын бейнелейтін сөйлемдерді теріп жазу.