Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет40/48
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19285
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
Байланысты:
1410319942356 (1)

Д...Л..., б...Л...МХ...Л...Ққ...м...з.

- Бұл әріптер тізбегінен сөз құрастыруға бола ма?

Осы  тапсырманы  орындап  болғаннан  кейін,  топ  мүшелері өзара  пікірлесе

отырып, өз қорытындыларын айтады.  Мысалы, дауысты дыбыстар буын құрай

алса,  сөйлеу  кезінде  дауысты  дыбыстармен қатар  дауыссыз  дыбыстардың да

маңызы зор. Дауысты, дауыссыз дыбыстар бір-бірінсіз сөз құрай алмайды .

Сабақ

басындағы



қайталауға 

берілген 

тапсырма 

оқулық


бойынша

орындалады.  Оқушылар  көп  нүктенің орнына  керекті  сөздерді қою  арқылы

сөйлемдерді ауызша толыктырады.

IV Сабақты бекіту

Мағынаны тану кезеңі

1-жаттығуды  орындап  болғаннан  кейін,  жуан,  жіңішке  дауысты  дыбыстар

еске  түсіріледі.  Сөздегі  дауысты  дыбыстардың жуан,  жіңішке  болуына

байланысты сөздердің де жуан, жіңішке айтылатынын естеріне түсіреді.

2-жаттығуды  орындау  кезінде  жаңа

сөз  жасап  тұрған  дыбыстардың

қосындысынан  «Оқу  түбі - тоқу»  деген  мақал  шығуы  керек.  Бір  дыбыстың

өзгеруінің өзінен сөздің мағынасы өзгеретіні түсіндіріледі.




56

3,  5-жаттығу  да  бір  дыбыстың  өзгеруінен  жасалған  жаңа  сөздерді  табуға

арналған. Оқушылар өзгерген сөздердің мағынасын түсіндіреді.

4-жаттығуды  орындау  арқылы  сөздерге  дыбыстың талдау  жасап,  дыбыс  пен

әріптің айырмашылығын еске түсіреді.

Жаттығулар 

орындалғаннан 

кейін 


топтарға 

тапсырмалар 

беріледі.

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды еске түсіріп, дауысты, дауыссыз дыбыстардың

ұқсастықтары  мен  ерекшеліктерін  «ұқсастық пен  даралық» стратегиясы

бойынша  анықтау  керек.  Сызбаны әр  топ өздерінің  қалауынша, әртүрлі

формада  сызуына  болады.  Мысалы, үшбұрыштар,  ашылған  кітап, үй  тәріздес,

т.б.


Бастапқы 

шеңбердің

ішіне 

дауысты, 



дауыссыз 

дыбыстардың

айырмашылықтары, үшінші шеңберге ұқсастықтары жазылады.

Ойтолғаныс

«Егер дыбыстар мен әріптер болмаса...» деген тақырыпта эссе жазу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет