Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы отбасы және мектептің өзара әрекеттесу түрлері



бет9/13
Дата22.02.2023
өлшемі458 Kb.
#69920
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
3 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы отбасы және мектептің өзара әрекеттесу түрлері


Өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды тәрбиелеу процесінде отбасы мен мектептің ынтымақтастығына үлкен рөл бөлінеді. Отбасы мектепке оқушылардың іс әрекетін ұйымдастыруында «Білім туралы» Заңды ойдағыдай жүзеге асыруына көмек көрсетеді. Алайда ата-аналардың педагогика негіздерін нашар білуі қазіргі кезеңде әлеуметтік тәрбиелеу мен мектепке бейімдеу ісіне кедергі келтіріп отыр. Сондықтан дәл қазір отбасы мен мектептің өзара әрекетін нығайту, бала тәрбиесіндегі әкелер мен аналардың жауапкершіліктерін арттыру қажет. Және бұл шараны мектеп ұйымдастыруы тиіс. Осыған орай бұл істі ұйымдастыруда мектеп мұғалімі, психологы, әлеуметтік педагог жұмысының маңызы артады, көптеген маңызды мәселелер мен сұрақтардың шешімі осыған байланысты.
Тікелей балалармен жұмыс жасайтын әлеуметтік педагог, өзінің кәсіби қызметіне орай, отбасын нығайту ісіне өзіндік үлесін қосуы керек. Мектепте отбасы мен сынып жетекшісінің бірлескен жұмысын ұйымдастыра отыра, ол соңғы нәтижеге – әр баланың барынша тұлға ретінде дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады. Әлеуметтік педагог бүгінгі күні отбасын тұлғаның балалық шағындағы даму жағдаятын анықтайтын әлеуметтік орта ретінде қарастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік педагог қазіргі кезеңде қандай да бір проблеманың мәнін белгілеуде, жөнсіздіктің себебін анықтауда қиындықтар көреді.
Сынып жетекшісі деген арнайы мамандық болмағандықтан, сыныпқа жетекшілік жасау міндетін оқу жүктемесі бар пән мұғалімдері атқарады, ал, кейбіреуі жарым-жартылай орындайтыны да жасырын емес. Сол себепті, әлеуметтік педагог мұғалім, отбасы мен баланың өзара әрекетін ұйымдастыру бойынша білім беру мекемелерінде ата аналардың тәрбие процесіндегі белсенділігін арттыруда қажет өзекті формалары мен әдістерін ашуда олармен жұмыс жүргізеді.
Сынып жетекшісінің міндеті − ата-аналарға көмектесу. Ата-аналар кез-келген сұрақтың жауабын білетін, өз тәрбиеленушілерін жақсы көретін, яғни мектеп оларға екінші үй болатындай барлық мүмкіндікті жасауға дайын сынып жетекшісін көргісі келеді.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі – отбасы мен мектепті біріктіруге күш салу, сыныптың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешу үшін олардың іс-әрекетін үйлестіру отбасы мен мектептің тығыз ынтымақтасу жолдарын анықтау, «отбасы-мектеп» бірыңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыру болып табылады.
Ал ата-аналар – отбасында бала тәрбиесіне қажет қолайлы жағдай тудыру және отбасылық тәрбиеде қателікке жол бермеу үшін белгілі бір психологиялық-педагогикалық білімдерді, педагогикалық іс-әрекеттің практикалық дағдылары мен біліктерін толық көлемде меңгеру бойынша жұмыс жүргізеді.
Қойылған мақсатқа орай, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мектеп және отбасының өзара әрекеттесу формасын анықтау міндетін шешу қажет.
Отбасымен, оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату – барлығының бастауы. Отбасына «ену» қажет қана емес, сонымен қатар, ата-аналардың барлық арман-тілегінің басты шарты – өз баласының тәлімгері бойынан ең алдымен, өзіндегі қымбатты сеніп тапсыруға болатын Адамды көргісі келетіні.
Педагогтардың ата-аналармен қатынасындағы қағидалар:
– ақыл үйретпей, кеңес беру керек. Бірлескен іс-әрекеттер туралы бірге ойласу, кеңесу;
– ата-аналармен қарым-қатынас жасай отыра, олар бізге қажет, біздің одақтасымыз, олардың көмегі мен кеңесіне мұқтаж екенімізді көрсету;
– ата-аналық сүйіспеншілік пен құрметке үндеу;
– балаларды сипаттай отыра, ең алдымен бала туралы жақсыны ғана айту қажет;
– ата-аналардың тұлғасына, олардың еңбектегі жетістіктеріне жоғары құрмет көрсету;
– ынтымақтастық, ортақ шығармашылық.
Мамандар баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы отбасымен іс-әрекеттің барлық түрлерін пайдалануды ұсынады. Педагогтар ата-аналарға іс-әрекеттің бірдей түрлерін күштеп ұсынбастан, негізінен, ата-аналарды шыдамдылықпен мектеп және сынып жұмыстарына қатыстыра отыра, олардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, отбасылық тәрбиенің ерекшеліктеріне бағдарлануы қажет. Отбасымен жұмыстың негізгі түрлері – дербес және топтық жұмыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет