Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің шетелдік тәжірибесі



бет6/13
Дата22.02.2023
өлшемі458 Kb.
#69920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
2.2 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасы өзара іс-әрекетінің шетелдік тәжірибесі

Білім беру саясаты білім беру саласындағы жалпыхалықтық мүддені білдіреді және сонымен қатар, әлемдік дамудың жалпы үрдісін ескере отыра оларды әлемдік қауымдастыққа ұсынады. Жаңа өркениеттік талаптар заңды түрде көптеген елдерді жаңа «білім беру дүмпуіне», білім жүйесінің терең реформалар толқынына әкелді. Бұл АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Шығыс Еуропа елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Америка және т.б. елдерде өтуде. Шет елдерде өткізіліп жатқан білім реформалары қоғамның ағымдағы және алдағы қажеттіліктеріне, ресурстарды, соның ішінде білім беру жүйелерін тиімді пайдалануға бағытталған.


Әр елдің білім беру жүйесі бірегей, себебі түрлі елдердің білім беру жүйесі қандай да бір дәрежеде түрлі мақсатты көздейді, сонымен қатар, оларға қайталанбас сипат беретін, қалыптасуы мен дамуының өзіндік тарихы бар [13].
Финляндия – дүние жүзінде білім берудегі бірден бір көшбасшы ел. Қазір бұл мемлекет функционалдық сауаттылық деңгейі (93%) мен орта және жоғары оқу орындарына қабылдау (тұрғындардың 1 мың адамына 103) бойынша әлемде жетекші орында. АҚШ үшін сәйкес көрсеткіштер – 82% және 95 адам.
Финдердің 40,6% – орта тоғызжылдық, 36,1% – лицейлік, 23,3% – жоғары білімі бар. 2001 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Еуропаның 32 елінде 15 жасар оқушылар арасында олардың ХХІ ғасыр талаптарына қаншалықты даяр екенін анықтау мақсатында зерттеу жүргізді. Жас финдер тек жалпы сауаттылық бойынша ғана емес, сонымен қатар математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша көшбасшылардың бірі болды. ЭЫДҰ 2003 жылдың шілде айында дүние жүзі өнеркәсібі дамыған 43 елдің арасында өткізген «Әлем ертең» атты жаңа зерттеуі бұл үрдісті дәлелдеді.
ХХ ғасыр барысында фин білім беру жүйесі айтарлықтай өзгеріске ұшырады. 1921 жылы жалпыға ортақ және тегін білім беру туралы заң (принциптің өзі 1919 жылы конституцияда жазылған болатын) қабылданған сәттен бастап 70-жылдарға дейін мұндай білім берудің негізі алтыжылдық (бастауыш) халықтық мектептер болды. Фин балалары мектепке дейінгі мекемелер жүйесінде білімге бейімделеді. Ол негізінен балалар бірінші сыныпқа қабылдар алдындағы бір жыл бойы балалар тәрбиеленетін мектептер мен балабақшаларда жүргізіледі. Қолданыстағы заңға сәйкес муниципалитеттер алты жастағы барлық балалар үшін тегін ұйымдастыруы тиіс. Кішкентай финдердің 75% мектепке дейінгі оқумен қамтылған. Оларды жаңа білім және білікке ойын әдістерінің көмегі арқылы оқытады. Бағдарлама 700 оқу сағатына есептелінген. Алдыңғы орынды 1964 жылы Хельсинкиде ашылған Фин-орыс мектебі алған. Жекеменшік фин-орыс бала-бақшасы мектеппен байланыста жұмыс жасауда. Жұмыс жасау тілдері – фин және орыс тілдері. Жай мектептерде алатын білімнен басқа, мұнда балаларды орыс тіліне және ресейлік мәдениетті жақсы білуге оқытады. Оқушылардың 15% үшін орыс тілі ана тілі болып саналады [14].
2009 жылғы PISA зерттеуі негізгі мектеп оқушыларының оқудағы функционалдық біліктерін бағалауға бағытталды, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы төменірек дәрежеде бағаланды. Ал енді, эстондық оқушылардың нәтижелері бұрынғыша өте жоғары көрсеткіште қалып отыр. Еуропа елдері арасында эстондық оқушылар функционалдық оқу саласында 2006 жылғы зерттеумен салыстырғанда баллмен есептегенде
8 орыннан 5-орынға көтерілді, математикалық сауаттылық бойынша − 7, ал жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 2-орынды иеленді. Әлем бойынша функционалдық оқудан 13-орын, математикалық сауаттылық бойынша − 17, ал жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 9-орында.
Пайыздық бөлінуде оқушылардың 87% функционалдық оқуда базалық немесе одан жоғары деңгейге қол жеткізді. Сәйкес көрсеткіштер негізінде еуропалық елдер арасында эстондық оқушылар функционалдық оқудан
2-орында, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша − 2 және математикалық сауаттылық бойынша 3 орында (2009 жылғы зерттеу бойынша).
Әлем бойынша эстондық оқушылар функционалдық оқудан 7-орын, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша − 5 және математикалық сауаттылық бойынша 10 орынды иеленді. Сонымен, эстондық оқушылардың басым көпшілігінде қоғам өміріне толыққанды қатысуы үшін қажет базалық білім және дағдылары бар. Функционалдық оқу бойынша орташа нәтижелердің негіздемесінде Шанхай (Қытай), Корея, Финляндия, Гонконг (Қытай), Сингапур және Канада оқушылары ең үздік нәтиже көрсетті.
Эстония, Финляндия, Норвегия, Жапония және Канада – оқушылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына нәтижеліліктің тәуелділігі өте төмен елдер болып саналады – көрсеткіш 10%-ға жуық. Ең төмен сәйкес көрсеткіш Исландияда – 7% [15].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет