Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің қысқы өзгерісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға өлі табиғаттың тірі табиғатқа әсер етуін дәлелдеу тәсілдерін қалыптастыру
Дамытушылық: оқушыларды ойланту, өздігінен ізденіске салу, қиялдату, ойын тұжырымдату, ой - өрістерін кеңейту, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелілік: табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ойын тұжырымдау, дәлелдеу, бақылау, зерттеу, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, кестелер, жапырақ, ағаш бұтақтары (бүршікті), үлестірмелер, микроскоп
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылардың бір - біріне жақсы тілектерін айтуы. Сыныпты 4 топқа бөлу (жаз, күз, қыс, көктем)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру бөлімі
Үйге берілген мәтін мазмұны бойынша әр топтан 1 – 2 оқушыдан сұрау
Сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмасын қорытындылау
1. Адамға тәуелсіз не?
2. Табиғат деген не?
3. Табиғатты неге әртүрлі дейміз?
4. Өлі табиғат пен тірі табиғаттың айырмашылығы неде?
5. Олардың арасындағы байланыс қандай?
6. Тірі табиғат туралы не айтасыздар?
7. Тірі табиғатты өзара салыстырыңыздар.
(Әр түрлі жұмысы тыңдалады)
Қорытындылау
Жарайды балалар, енді біз осы тірі табиғаттан тек өсімдікті ғана алып, соның тіршілігін, әр мезгілге б/ты тіршілік өзгерісін бақылап көрейік
Өсімдік – тірі табиғат. Ол тіршілік ету үшін қандай жағдайлар қажет?
Жылу, су, жарық, қорек, ауа
IV. Жаңа сабақ
Өсімдіктердің қысқы өзгерісі
1. Топпен жұмыс
(әр топ өз атына б/ты қалташықтарды толтырады, жыл мерзімдеріне б/ты өсімдік суреттерін теріп алу)
Көктем
|
Жаз
|
Күз
|
Қыс
|
Бүршік ата бастаған ағаштар, жаңа өсіп келе жатқан өсімдік
|
Жайқалған жасыл жапырақты орман, ағаш, гүл т. б
|
Сарғайған жапырақты ағаш, қурай бастаған өсімдік т. б
|
Жапырақсыз орман, ағаш
|
2. Оқулықпен жұмыс
Оқи отырып, өз ойларын оқығандарымен салыстырады. Зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
3. Өзбетімен жұмыс
Топ бойынша өзбетімен жұмыс
Алдын ала суға салып қойған. Бүршік жара бастаған бұтақшалармен жұмыс
Оқушылар бүршікті, оның ішінде көктеп келе жатқан жапырақты көреді.
4. Парақшамен жұмыс
Әр топ әр жыл мезгіліне б/ты жапырақтағы өзгерістерді айту (Сұрақтар бойынша)
- Өсімдіктер тіршілігі жыл мезгіліне б/ты неліктен өзгеріске ұшырайды?
Дәлеледеу
Көктем
|
Жаз
|
Күз
|
Қыс
|
Күн жылына бастайды, қорек алады, күн ұзарады, жер жібиді, сондықтан өсімдік өсе бастайды.
|
Жарық мол, күн жылы, қорек мол, су көп, топырақ жұмсақ, сондықтан жақсы өседі
|
Жарық азаяды, жылу азаяды, қорек те аз, топырақ тоңазиды, сондықтан сарғайып, қурайды
|
Жылу жоқ, топырақ қатады, қорек ала алмайды, жарық аз, сондықтан өсе алмайды
|
5. Қорытынды
Өсімдікке қыста осы 5 жағдай жетіспейді
Жылу, су, жарық, қорек, ауа
Сол себепті қысқы ұйқыға кетеді
6. Зерттеу
Әр топ микроскоп арқылы жапырақтағы хлорофилл түйіршіктерін зерттеу
V. Қорытындылау
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
VI. Бағалау
Әр топ мадақтау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау
VIІ. Үйге тапсырма Мәтін мазмұнын әңгімелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |