Оқушылардың музыкағА Қызығушылығын қалыптастыру сейтимова Нуржанат Келисовна



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі23,85 Kb.
#17399
1   2
Байланысты:
Сейтимова Нуржанат Келисовна

Ключевые слова: красота, эстетическое воспитание, слушание.

способности, музыкальное торчество, музыкальный ритм, формирование личности.


This article discusses ways to teach schoolchildren through music.

Keywords: beauty, aesthetic education, listening.

ability, musical torment, musical rhythm, personality formation

Қазақстанда білім берудің бүкіл жүйесін ұлттық негізде кайта кұру жағдайында мектеп оқушыларын ұлттық музыка өнеріне, соның ішінде ұлттық аспаптарда ойнауға қызығушылығын арттыру және оны тереңірек меңгерту қажеттігі туындайды. Ол баланың көркемдік қабылдауы мен талғамын, эстетикалық қызығушылығын, қажеттілігін дамытады, болмысқа деген шығармашылық қатынасын арттырады. Балалар өнерге еліктеген жағдайда, олардың тәрбиесінде ең алдымен ұлттық құндылықтарды, әсіресе төл музыкалық өнерімізді дұрыс қабылдап, аспаптық музыкаға әуестенуге баулу, оларды меңгерту теңдесі жоқ рөл атқарады. Жеке тұлғаның эмоционалдық мүмкіндігін көтереді.

Қазақстан ғалымдары ішінде С.А.Ұзақбаева,Р.К.Дүйсембінова, М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев,Ұ.А.Асанова,Ж.Нәжмеденов, Ж.З.Өтемісов, М.Оразалиева , әдіскер-ұстаз А.Райымбергенов т.б. өз еңбектерінде қазақ халық музыкасы мен дәстүрлі көркем мәдениетін оқушылар мен студенттердің тәрбиесін (музыкалық, эстетикалық, адамгершілік) жетілдіру мақсатында пайдалану жолдарын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетті. Мектепке дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу мәселелерін Н.Құлжанова,.К.Меңжанова, Қ.М.Меңдаяқова, Т.А.Левченко, Ф.Н.Жұмабекова және т.б. зерттеген.

Ресейде және шетелдерде Б.Т.Лихачев, П.В.Халабузарь, В.С.Попов, А. Н.А.Ветлугина, А.Бейлино, Л.Кузмичева, М. А. Михайлова және т.б. мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық іс-әрекетін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін, музыкалық қызығушылығының ерекшелігін теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеген.

Оқушылар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдап, жалпы өмірде табысты болып келетіндіктен, мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісі оларды алғашқы біліммен қаруландырып, қоғам талабына сай тұлғаны қалыптастырудағы алғашқы негіз болады.

Қызығушылық мәселесі қазақ ойшылдары мен философтарының да, ағартушы-педагогтарының да (Әбунасыр Ибн Мухаммед әл-Фараби [2, 452], Әбуғали Ибн-Сина [3] және т.б.) назарынан тыс қалмаған. Олар айналаны танып-білуде қызығушылықтың рөліне үлкен мән берген.

Сонау XI ғасырдағы Шығыс педагогикасы тарихында тәлім-тәрбиелік жағынан аса құнды еңбек болып есептелетін «Кабуснама» шығармасында музыканы тыңдау, қабылдай білуге байланысты құнды пікірлер, ойлар айтылған. Кітаптың авторы Кайкаус осы аталған еңбегін 63 жасында өзінің ұлы Гиланшахқа арнап жазады. «Жыршы және музыканттық туралы» деп аталған отыз алтыншы тарауында былай деп жазды:

«Балам, біліп қой, егер сен музыка жолына түсер болсаң, жеңіл де жайдарлы бол. Үстіңдегі киіміңді әр кез таза ұста. Музыка өнеріне арналған зәулім сарайға кіргенде бет-әлпетіңді тыржитып, қабағыңды түйме...

Бір ғана баяу немесе жылдам орындалатын әндерді орындай берме. Музыкалық шығарманың бір үлгісін қайта-қайта ойнай беру жарамайды. Адамдардың мінезі бірдей емес... Сол себепті аспаптық музыка шеберлері бұл өнерге арнап ережелер жазған», - деп алдымен хусрауани, одан соң рах, хафиф, тарана мақамдарының айтылатындығын жазады Байқап отырсақ, алғашқы хусрауани мақамы патшалар қабылдауында ойналады екен. Рах – ән әуеніне бейім, хафиф жастарға бағышталған мақам, тарана – көңілді де, ойнақы әуен деген ұғым болып шығады.

Әкесінің баласына айтқан ғибрат сөздерінің ішінде адамның үлкен жиын үстінде өзін қалай ұстауы да қамтылған. «Егер тыңдаушылар толыққанды, шырайлы болса – екінші ішекте; сұрланып, сарғыш тартып отырса – жоғарғы ішекте, ал аққұба жүзді, толық күйінде отырса – баста көбірек ойна. Өйткені, бұл ішектер адам мінезінің төрт түріне сай жасалынған», - деген жерде, автор музыкалық аспап пен адам мінезі арасындағы байланысты тыңдаушылардың қабылдауына, яғни эстетикалық талғамына сай айырып отыр. Оның ән айту (орындау), ән мен аспаптың сүйемелі музыкалық шығарманың әркелкілігі жайындағы пікірлері де қонымды.

Одан әрі кәрілер мен балаларға арналған музыканың ерекшеліктеріне тоқталады. Алғашқыларына ойлы да сазды, ал соңғыларына жеңіл де ойнақы музыка әуенін ойнауды ұсынады.

Оқушылардың музыкаға қызығушылығын арттыру үшін мұғалім өзінің алдына белгілі мақсат қоюы тиіс. Ал осы музыка сабағындағы қойылған нақты мақсат белгілібір музыкалық тәрбиенің міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Оқушылардың музыкаға қызығушылығын дамытудағы ең бірінші міндет ол музыкалық іс-әрекеттер арқылы баланың сезімін (эмоциясын) ояту. Өйткені балалардың сабақ үстіндегі іс-әрекетінде эмоция өзіндік бағыттаушы және реттеуші рөл атқарады. Ол:

а) музыкалық шығармалардың мазмұнын балалармен бірге талдау;

ә) музыкалық-дидактикалық ойындар ұйымдастыру;

б) тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай білу;

в) балалардың жас ерекшеліктері мен музыкалық даму ерекшелігін ескеру.

Екінші міндет – белгілібір шығарманы саналы түсініп қабылдауға баулу.

Ол үшін мынадай жұмыстар атқарылуы тиіс:

а) музыканың көркемдік құралдарының (екпін, ырғақ, әуен, дыбыс
бояуы, дыбыс биіктігі т.б.) музыкалық шығарма мазмұнын жасаудағы
ерекшеліктерін түсіндіру;

ә) түрлі көрнекі құралдарды пайдалану;

б) ырғақтық қимылдар жасау (нота биіктігін көрсету, ырғақты колмен
шапалақтап көрсету, ойнауға жеңіл қарапайым ұлттық аспаптарды қолдану арқылы меңгертіледі).

Үшінші міндет — музыкалық шығарманы өз шама-шарқынша орындауға үйрету барысында орындаушылық дағдыларды меңгерту. Бұл:

а) шығарманы тыңдап, талдай білу дағдысын қалыптастыру;

ә) күйлерден шағын үзінділерге ұлттық аспаптарды қосып ойнауға үйрету;

б) домбыра үйретуді нотасыз және сандық жүйе бойынша меңгерту.

Оқушылардың жас ерекшелігі - олардың дамуымен, жаңа әлеуметтік жағдайлардың, құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым–қатынасының пайда болуымен, «балалар қоғамының» құрылуымен, басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы, өз «менін» және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс– әрекеттері мен өзара қарым–қатынастарына ерекше қызығуымен сипатталады.

Қазіргі музыка сабағы –музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы, музыка сабағында балалар педагогика ғылымының оған қойылатын соңғы талаптары бойынша мынадай іс-әрекеттермен айналысады: хормен ән айту, музыка тыңдау, музыкалық ырғақтық қимылдар, балалар аспабында ойнау, музыка сауаты, балалар шығармашылығы т.б.

Музыка – эстетикалық тәрбие беру құралдарының бірі. Өнердің басқа түрлері сияқты ол да өмірдегі әсемдікті, табиғат сұлулығын бағалауға және адамдар арасындағы қарым-қатынастарды түсініп, білуге үйретеді. Баланы жастайынан өнерге баулып, музыка әлемімен таныстыру, оны сезіндіріп ән айтқызып, күй тартқызудың мақсаты –халқымыздың асыл қазынасын, дәстүрлі ән-күйлерін бойларына сіңіре білу, олардың эстетикалық талғамын жан-жақты байытып, дамыту – бүгінгі таңда өте маңызды мәселеге айналып отыр.



 

Пайдаланылған әдебиеттер:



 

  1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген. www. Government.kz.

  2. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии /Пер. с араб. АН Республики Казахстан. Институт философии. Отв. ред. Бурибаев М.С.- Алматы, «Ғылым», - 1993-456 с.

  3. Ибн-Сина. Избранные философские произведения. /Пер. с араб. М.: Наука, 1980.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет