ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ.
Шакирова Зарина Олжашқызы
№35 жалпы орта білім беру мектебі,ағылшын тілі пәні.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсібін шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген.
Оқытудың танымдық қызуғышылығын қалыптастырудағы маңызын бірқатар педагогтардың И.Я. Лернер, Б.Г. Ананьев, М.А. Данилов, М.И. Махмутов, Ю. К. Бабанский, Б.П. Есипов, Г.И. Щукина, Т.И. Шамова, және т.б. еңбектерінде зерттелген. ХҮI ғасырда өмiр сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттiң маңыздылығын ерекше атап көрсеттi: «Оқушыға мұғалiмнен алған бiлiмiн түгел сүзбеден өткiзiп, өз бетiнше талдау жасату қажет. Нәтижесiнде бiлімге құштарлығы дами түсетiнi сөзсiз», - деп атап көрсеткен.
Республикадағы ғалымдар Ж.А. Қараев, Н.Д. Хмель, М.Ә. Құдайқұлов, А.Е. Әбілқасымова, Қ.К. Жанпейісова, т.б. ғылыми еңбектерінде таным жөніндегі идеяларын уақытқа үйлесімді, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, өз бетімен білім алу, дағдыларын қалыптастырудың тиімді негіздерін зерттеген.
Мемлекеттік тілде білім алатын оқушылардың ағылшын тілін оқытуда танымдық жолдары арқылы білім сапасын арттыру. Жеке дара тапсырмалар, ойындар, деңгейлік жаттығулар, тестер, дидактикалық материалдар, шығармашылыққа арналған тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын, іздемпаздығын, тапқырлық, ұстамдылық әрекеттерін, ойын ұштай келе, қиялын дамытып, баланы өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.Егер оқушылардың танымдық іс- әрекетінде тілдерді оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері тиімді пайдалынылса, онда оқушылардың мотивациясы мен танымдық қызығушылықпен әрекет жасау дағдылары дамиды, сөйтіп оқушылардың пәнді зерттеуге деген қызығушылығын тудыруға негіз болады, білім сапасы артады.
Білім берудің әдісін қалыптастыруда танымдық қызығушылық ерекше маңызды. Сондықтан оқу материалдарының мазмұны, жан-дүниені қызықтыруға бағытталуы керек. Танымдық қызығушылықты дамытудың үш шарты бар:
Мазмұнның жаңғыртылуы, бұрын жарияланып өтілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған мәліметтерге тарихи бағдар беру, білімнің тәжірибелік мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау.
Өз бетінше жұмыс істеудің әр-түрлеріне негізделген, оқытудың проблемалық тұрғыда алған мәліметтерді зерттеу негіздеріне және оқушының шығармашылық, тәжірибелік жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері.
Оқушының қабілетін ұштау, оқытушының оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың күш - мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылығы мен адалдығы, оқушыларды көтермелей білу, сондай-ақ оқушылардың өзара бәсекесіне көмек көрсете білу қасиеті.
Қазіргі оқыту технологиялары мұғалімнің дайын білімді баяндауымен байланысты. Оқушылардың танымдық білімі мен білігін қалыптастыру мақсаты арнайы үш әдістемелік ұсыныс жүйесінің негізінде ұйымдастырылуы тиіс: жаңа білім беруге дайындық, жаңа білім беру және жаңа білімді бекіту. Бұл ұсыныстар оқытудың әдіс-тәсілдерін құралдары мен түрлерін жетілдіру, қазіргі технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осының арқасында жаңа сабақ түсіндіру, бекіту, қайталау сияқты кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақтардың орнына оқу процесінің кезеңдерінен тұратын қазіргі заманда жаңа талапқа сай жаңа технологиялар пайда бола бастады. Бұлар – кабельдік және спутниктік теледидарлар, бейнеконференциялар, телефорумдар, телемарафондар, партфолио, интербелсенді тақта, электрондық оқулықтар.
Оқушы мен мұғалімнің біріккен қызметі мұғалімнің оқушыларға ұсынатын тапсырмалары, тәжірбиелік жұмыстар т.б. арқылы ұйымдастырылып, жүзеге асып отырады. Дамытушылық алғы шарттарына сәйкес оқушыларға ұсынылатын оқу тапсырмаларының түрлеріне тоқталайық:
Оқушылардың ғылым негіздерін оқып үйренудегі басты қозғаушы күш-оқу барысында кездесіп отыратын танымдық және сарамандық тапсырмалар мен оқушының білім, білік, ақыл-ой дамуының арасындағы қарама-қайшылықтар.
Балалардың жаңа біліммен қаруланудағы белсенділіктері. Олардың білімнің логикалық негіздерін меңгеруі. Жаңа білім алу үшін қажетті бұрынғы қағидалар мен анықтама, қасиеттерді қайта жаңғыртып, нақтылап, ойша пайымдап, еске түсірмейінше, ескі мен жаңаның байланысын білмейінше мүмкін емес.
Бұл алғы шарттарға талдау жасаған кезде жаңа білімді меңгеру барысында үш түрлі дайындық тапсырмаларын ұсынуға болады:
а) жаңа білім алу үшін қажет болатын қайталауға, нақтылауға, оқушының білетін материалдарын толықтыруға арналған тапсырмалар;
ә) бұрыннан белгілі оқуматериалдары мен жаңа білімнің логикалық байланысын орнықтыратын, ойлауға берілетін тапсырмалар;
б) оқулықта берілген жаңа оқу-танымдық міндеттерді меңгеруге және оларды шешудегі қиындықтарды жеңуге үйрететін тапсырмалар.
Танымдық қызығушылық – бұл оқушының болашағы үшін табысқа жету дағдыларын қалыптастыру тиіс. Тіл арқылы қалыптасқан танымдық сапаны арттыруда қолданылатын әдістемеде көрнекілік, үлгі көрсету, проблемалық ізденістер туғызу, нақты өмір деректеріне жүгіну. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастыру, оқушылардың тіл сабақтары арқылы іс- әрекетке ұмтылдыратын танымдық қызығушылығы, білім алуға даярлығы, меңгерген біліміне сүйене отырып, танымдық тапсырмаларды өздігінен шешуі, шығармашылық қабілетінің қалыптасуы, өз жұмысын өздігінен шешуі, өз жұмысының сапасын бағалауы болып табылады.
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төменде берілген:
таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;
өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
орындалатын жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтай білуі;
оқу- танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;
игерілген білімді тасымалдай білуі;
өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;
Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғарғы деңгейі танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекеттерін бақылап, бағалай білуімен сипатталады. Орта деңгейде оқушы танымдық іс- әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады, төменгі деңгейде оқушы танымдық тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен орындалады.
Тәжірибелік қолданыстағы іс- әрекетке байланысты қызығушылық қалыптастыруды пайдаланылатын дидактикалық дәстүрлі әдістерді былай жүйелеуге болады:
Кесте 1 – Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастырудың дидактикалық әдістері:
Оқыту әдісінің түрі
|
Оқыту әдісінің мазмұны
|
Стрела әдісі
|
Әртүрлі тапсырмалар беру, диолог, шағын әңгіме құрастыру оқушының танымдық білімін толықтыру.
|
Бумеранг әдісі
|
Рольдік ойындар құрастыру, іскерлік ойындар ұйымдастыру, оқушының зейін- зердесін танымдық мәнге аудару.
|
Лоскутная
|
Жоғарғы сынып оқушылармен әр түрлі тақырыпта жарнамалық роликтер ұйымдастыру.
|
Бейне диктант
|
Оқушы орфографиялық, грамматикалық қатесіз жазуға өз бетімен жеке жұмыс істеуге талпындыру.
|
Ынталандыру және әсерлендіру әдісі
|
Сөз қолданыстағы жауапкершілікті сезіну. Визуалдық, аудиовизуалдық танымды меңгеріп, оны тұтына білуге жаттығу, сөздіктерді пайдалана білу.
|
Оқытудағы практикалық әдістер
|
Мәтінді рөлдерге бөліп оқу, диолог. мәтін бойынша пікірлесу. Өзіндік таным түсінігін айтып беруге жаттығу. Сөздіктерді пайдалана білу.
|
Сыныптан тыс -жұмыстарды өткізу әдістері
|
Үйірмелер, кездесулер, конкурстар, конференция, олимпиадаларды ұйымдастыру.
|
Оқытудағы индуктивтік және дедуктивтік әдістері
|
Дараны жалпыға, жалпыны дараға келтіріп талдауды оқушының қызығушылығына үйлесімді болуына мән бере отырып жүргізу.
|
Проблеманы оқушыға шешкізу, оларды өздігінен ізденуге бағдарлау.
|
Оқушыны өздігінен ізденіп, өздігінен ойлантып пайымдау жасату, зерттеушілік тұрғыдағы ой тұжырымдамасын жасай білуге бейімдеу.
|
Оқытудағы белсенділік және интенсивтік әдістер
|
Техникалық пайдалану, түрлі ойындар мен шығармашылыққа бейімдеу, интенсивтендіруде суггестиялық жолды жүзеге асыру.
|
Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген танымдық қызығушылығын анықтау үшін 8 сыныптың арасында тәжірибелік- эксперимент жұмысын жүргіздім. Тәжірибелік- эксперимент жұмысына 31 оқушы қатысты. Оның 15 оқушысы - эксперимент тобы, 16 оқушысы - бақылау тобы болды.
Тәжірибелік- эксперимент жұмыстарын ұйымдастыруды анықтау кезеңінде зерттеу жұмыстары: диолог, монолог, ойын элементтері, бейне- диктант, сұхбат, сауалнама, сұрақ- жауап, әңгіме, бақылау, т.б. әдістерді қолдану жүзеге асырылды.
Кесте 2 - анықтау экспериментінің көрсеткіші бағамен есептелді
№
|
Білім көрсеткіші
|
Эксперимент тобы
|
Бақылау тобы
|
оқушы саны
|
жоғары
|
орта
|
төмен
|
оқушы саны
|
жоғары
|
орта
|
төмен
|
1
|
Білімге деген қызығушылығы, таным үрдісіндегі қызығушылығы
|
15
|
3
|
8
|
4
|
16
|
4
|
9
|
3
|
20%
|
53%
|
26%
|
25%
|
56%
|
18%
|
2
|
өз бетімен жұмыс жасауға ынтасы
|
15
|
3
|
6
|
6
|
16
|
5
|
7
|
4
|
20%
|
40%
|
40%
|
31%
|
43%
|
25%
|
3
|
Берілген тапсырманы мақсаты мен мәнін анықтай білуі
|
15
|
4
|
3
|
8
|
16
|
8
|
3
|
5
|
26%
|
20%
|
53%
|
50%
|
18%
|
31%
|
4
|
Танымдық қызметтің негізі түйінін анықтауы
|
15
|
6
|
4
|
5
|
16
|
7
|
3
|
6
|
40%
|
26%
|
33%
|
43%
|
18%
|
37%
|
5
|
Алған іске асыра білу
|
15
|
7
|
4
|
4
|
16
|
8
|
4
|
4
|
46%
|
26%
|
26%
|
50%
|
25%
|
25%
|
6
|
өзін- өзі бақылауы, іс- әрекетті бағалауы
|
15
|
5
|
3
|
7
|
16
|
9
|
3
|
4
|
33%
|
20%
|
46%
|
56%
|
18%
|
25%
|
Орта есеппен
|
|
|
22
|
28
|
34
|
|
41
|
29
|
27
|
24,4%
|
31,1%
|
37,7%
|
42,7%
|
30,2%
|
28,1%
|
8 сынып оқушыларымен жүргізілген айқындау тәжірибелік- эксперименттің танымдық қызығушылық деңгейлерінің жоғарғы деңгейі 39,4%, орташа 32,9%, төмен 35,3% деңгейде екендігі анықталады.
Кесте 3 - бақылау экспериментінің көрсеткіші
№
|
Білім көрсеткіші
|
Эксперимент тобы
|
Бақылау тобы
|
Оқушы саны
|
жоғары
|
орта
|
Төмен
|
Оқушы саны
|
жоғары
|
орта
|
Төмен
|
1
|
Білімге деген қызығушылығы, таным үрдісіндегі қызығушылығы
|
15
|
8
|
3
|
4
|
16
|
7
|
8
|
1
|
53%
|
20%
|
26%
|
43%
|
50%
|
7%
|
2
|
өз бетімен жұмыс жасауға ынтасы
|
15
|
8
|
5
|
2
|
16
|
8
|
5
|
3
|
53%
|
33%
|
13%
|
50%
|
31%
|
18%
|
3
|
Берілген тапсырманы мақсаты мен мәнін анықтай білуі
|
15
|
3
|
10
|
2
|
16
|
6
|
8
|
2
|
20%
|
66%
|
13%
|
37%
|
50%
|
13%
|
4
|
Танымдық қызметтің негізі түйінін анықтауы
|
15
|
8
|
2
|
5
|
16
|
9
|
3
|
4
|
53%
|
13
|
33
|
56%
|
18%
|
25%
|
5
|
Алған тәжірибеде іске асыра білу
|
15
|
9
|
5
|
1
|
16
|
8
|
5
|
3
|
60%
|
33%
|
6%
|
50%
|
31%
|
18%
|
6
|
өзін- өзі бақылауы, іс- әрекетті бағалауы
|
15
|
8
|
3
|
4
|
16
|
11
|
3
|
2
|
53%
|
20%
|
26%
|
68%
|
18%
|
13%
|
Орта есеппен
|
|
|
44
|
28
|
18
|
|
49
|
32
|
15
|
48,8%
|
31,1%
|
20%
|
51%
|
33%
|
15,6%
|
Тәжірибелік- эксперимент жұмысы оқушылардың білім сапасы мен танымдық қызығушылық деңгейлерінің жоғарғы деңгейі 53,6% , орташа 34,4%, төмен 19,1% деңгейде екендігі анықталады.
Тәжірибелік эксперимент жұмысы оқушылардың білім сапасы мен танымдық қызығушылығын қалыптастыруға тиімді ықпал етіп, нәтижелі екендігі көрсетті. Тілдерді оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық қызығушылығының даму деңгейлерін төмендегі 1- 2 суреттерден көруге болады.
Сурет 1 – Экспериментке дейінгі оқушылардың қызығушылығының даму деңгейлері
Сурет 2 – Эксперименттен кейінгі оқушылардың қызығушылығының даму деңгейлері
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы басты болжамын ақыл- ой белсенділігін дамытып, терең білім алуға бағдарлап, тілдерді оқыту жолындағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының жолының жүзеге асуын ғылыми тұрғыдан зерттеп, нәтижесін сараптай келгенде мынадай қорытынды жасап және көрсетіліп отырған ұсыныстар белгіледім.
Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы оқушының ой- санасын дамыта түсуге, меңгерген білімін өмірге үйлесімді пайдалануға, тиісті мәселені терең ұғынып «тіл – адам жанының тілмашы» (М. Жұмабаев) екендігін мойындауға жол ашады;
Оқытудың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы маңызын бірқатар педагогтардың еңбектерінде және Республикадағы ғалымдар еңбектерінде таным жөнінде идеаларын уақытқа үйлесімді, танымдық қызығушылығын қалыптастырудың, өз бетімен білім алу, дағдыларын қалыптастырудың тиімді негіздерін зерттелген.
Оқушыларының танымдық білімі мен білігін қалыптастыру мақсаты арнайы үш әдістемелік ұсыныс жүйесінің негізінде ұйымдастырылған: жаңа білім беруге дайындық, жаңа білім беру және жаңа білімді бекіту.
Танымдық сапаны арттыруда қолданылатын әдістемеде көрнекілік, үлгі көрсету, проблемалық ізденістер туғызу, нақты өмір деректеріне жүктелді. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастыру оқушылардың тіл сабақтары арқылы іс- әрекетте ұмтылдыратын, танымдық қызығушылығы, білім алуға даярлығы, меңгерген біліміне сүйене отырып, танымдық тапсырмаларды өздігінен шешуі, шығармашылық қабілетінің қалыптасуы, өз жұмысының өздігінен шешуі, өз жұмысының сапасын бағалауы болып табылды. Танымдық қызығушылықты тіл деректері барысында қалыптастырудың дидактикалық шарттары анықталды.
Эксперимент зерттеудің алғашқы кезеңіңде жоғарғы деңгейде 39,4% - ті көрсетсе, эксперименттен кейін 53,6%- ке дейін өсті, төменгі деңгей 35,3%- тен 19,1%- ке дейін төмендеді. Бақылау топтарында айтарлықтай өзгерістер. Эксперимент барысында тіл пәндері арқылы танымдық қызығушылықты қалыптастыруға арналған материалдарды қолданудың ғылыми деңгейін өсірді. Оқушылардың танымдық түсінік деңгейін көрсету, әрекет пен ойын жинақтау, рухани өркендеу, мәдени дағды қалыптасып, өзін- өзі бақылай білу, проблеманы шешіп, логикалық ойлауға машықтану, коммуникация мен ынтымастық қалыптасу дағдылары нақтыланады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы – Астана, 2004.
Тілдерді оқытудағы танымдық қызығушылықты қалыптастырудың дидактикалық жолдары/Ізденіс, - Алматы, 2006. № 1 (2). – Б.233-236.
Тілдерді оқыту барысында танымдық қызығушылықты қалыптастырудың дәстүрлі жолындарындағы проблемалар мен ізденістер/Ұлт тағылымы, Алматы, 2006. № 1. – б. 83- 86
Қызығушылықтың нәтижелігі/Қазақстан мектебі, - Алматы, 2006. № 3. – б. 16- 18.
Қызығушылықты баянды оқыту мен білімдендірудің нәтижелі болуы. Бүгінгі түркітану және оның даму бағыттары. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты. Халықаралық ғылыми- практикалық конференция. – Алматы, 2006. 2 том. – б. 211- 215.
Достарыңызбен бөлісу: |