Негізгі бөлім.
Пайыз туралы тарихи деректер.
«Процент»сөзі латынның «pro centum» сөзінен шыққан.Ол дәлме-дәл аударғанда «жүзден» дегенді білдіреді.Проценттер тұтас нәрсенің бөліктерін өзара оңай салыстыруға мүмкіндік береді,есептеулерді оңайлатады.Сондықтан да өте көп таралған.
«Процент» Ежелгі Римде кеңінен пайдаланыла бастаған,бірақ проценттер идеясы көп бұрын пайда болған-вавилондық өсімқорлар процентті табуды білген(бірақ олар «жүзден»емес «алпыстан» есептеген,өйткені Вавилонда 60-тық бөлшектерді пайдаланған)
% белгісі кітап басқанда кеткен қатеге байланысты пайда болған деп жорамалданды.Қолжазбада pro centum-ді «cento»-«жүз» сөзімен жиі алмастырып отырған және оны қысқарған түрде- cto деп жазатын болған.
1685 жылы Парижде коммерциялық арифметика жөніндегі нұсқау-кітап басылып шыққан.Онда әріп теруші қателесіп,cto –ның орнына % –ті терген.Осы қатеден кейін көптеген математиктерде проценттерді белгілеу үшін % белгісін қолдана бастайды.Сөйтіп бірте-бірте жаппай қолданылатын болған.
Кейде бүтін нәрсенің неғұрлым ұсақ бөліктерін мыңдық бөліктерді,яғни проценттің ондық бөлігін де қолданады.Оларды промилле (латынның «мыңнан»деген сөзінен шыққан)деп атап, % деп белгілейді.
Бізге вавилондықтар құрастырған пайыздық ақшалардың үстемесін(қосындысын)тез есептейтін пайыздық кестелер жеткен.
Үндістан да пайыз ертеден белгілі болған.Үнділік математиктер пайызды үштік ереже әдісімен,яғни пропорциямен есептеген.Олар сол кезде пайызға берілген қиын есептерді де шешкен.
Ақшаның пайыздық есептемелері Ежелгі Римде кеңінен тараған.Римдіктер пайыз деп-қарыз алушының қарыз берушіге берген әрбір жүздігін айтқан.Пайыз римдіктерден басқа халықтарға тараған.
Орта ғасырларда Европада сауданың дамуына байланысты пайыздық есептеулерге қатты көңіл бөлген.Сол уақыттарда пайыздың пайызын табу есептерін,яғни қазіргіше күрделі пайыздарды есептеп тапқан.
Жекеленген конторалар мен кәсіпорындар пайыздық есептемелерін жеңілдету мақсатында өздерінің пайыздық кестелерін құрастырды.Бұл кестелер кәсіпорынның құпиясына жатқан.
Нидерландық инженер, Брюгге қаласының тұрғыны Симон Стевин 1584 жылы тұңғыш рет пайыздық кесте ойлап тапты.Бұл кесте ғылыми жаңалықтардың тағы бір тамаша түрі еді.
«Пайыз» ұғымы
Өндірісте межеленген жоспардың орындалуы,заттың бағасының өсуі(кемуі),оқушылардың үлгерімдері т.с.с шамалардың өзгеруі пайыз түрінде беріледі.
Кез келген шаманың (санның)жүзден бір бөлігін бір пайыз деп атайды.Бір пайыз-жүзден бір бөлік.
Мысалы,еңбекақының 1%-ы-еңбекақының жүзден бір бөлігі;еңбекақының кіріс салығы 13% болса,ол еңбекақының жүзден бір бөлігі;1 метрдің 1%-ы 1 сантиметр;1 км-дің 1%-ы 10 метр т.с.с
Пайыз жай және ондық бөлшектермен өрнектеледі.
Күнделікті өмірде пайыздың жай бөлшектермен арасындағы қарапайым сандық қатынастарды білу өте маңызды.Яғни, жарты(екіден бір)-50%,ширек(төрттен бір)-25%,төрттен үш-75%,бестен бір-20%,бестен үш-60%,ал бір(1)-100%
Төмендегі кестені жатқа білу,көптеген проценттік есептерді шешуді жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |