Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын тәжірибе жасау арқылы дамыту


Сабақты зерттеу – кәсіби дамудың жарқын жолы



бет4/4
Дата26.04.2023
өлшемі148,89 Kb.
#87353
1   2   3   4
Байланысты:
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ТӘЖІРИБЕ ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Сабақты зерттеу – кәсіби дамудың жарқын жолы


Жас ұрпақтың жаңа заманға сай өмір сүру дағдысын қалыптастыру мақсатында білім беру саласында білім берудің жаңа мазмұны енгізілуде. Себебі, болашақ өмірі үшін өзіндік санасы қалыптасқан, өзі атқаратын, өзі қалайтын іске жан қалауымен бара алатын тұлға тәрбиеленуі қажет. Қазіргі таңда барлық мектептерде жаңартылған білім мазмұнына сәйкес үдеріс орын алуда. Жаңа мазмұнда беріліп жатқан білім берудегі жаңалықтарға жұрт құлағы түрулі жүр. Баланың білім алуы мен тәрбиеленуіне үлес қосатын мектеп мұғалімдерінің тәжірибелеріне өзгеріс енгізу үшін Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің Білім беру факультеті бірлескен білім жетілдіру бағдарламалары мен жаңартылған білім мазмұны аясында жасалынған бағдарламалар арқылы мұғалім біліктіліктерін арттыру мақсатындағы курстардан өткізу бір жолға қойылған. Бұл бағдарламалардан сертификатталған мұғалімдер әр пәнді жаңаша жүргізуге және мектептің дамып ілгерілеуіне, ұжымның кәсіби дамуына ықпал ететін міндеттер атқаруға жауапкершілік алады.
Оқыту мен оқудағы жаңаша әдіс-тәсілдерді оқып үйреніп, оны тәжірибелеріне қолданып, жасаған тәжірибелеріне ой-толғаныс жасай отырып, алдағы жұмыстарды болжай отырып, жоспарлауға машықтануға «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтөбе қаласындағы филиалы беріп отырған бағыты зор. Бұл орталықта оқытылатын Бағдарламалардың өз мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне сәйкес әрекет танытқан мектеп мұғалімі ең алдымен әріптестерінің алға ілгерілеуімен қатар оқушының оқуға деген ынтасын арттырып, сапалы нәтижеге алып келетініне көз жеткізуіне мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз атқарып отырған міндетте жүйелілік пен мазмұннның бар болуы.
Осы ретте алдағы уақыттары ұйымдастырылатын курстық бағдарлама – «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу». Алдағы сөздерімізде айтып кеткендей, әр мұғалім жасаған жұмыстарын сараптап, өзінің күшті жақтарын білуі, әлсіз тұстарын тану мен қолда бар мүмкіндіктерді тағы бір мәрте пайдаланып көруі керектігін ой-толғаныстан өткізуі – ол мұғалімнің әр қадамын зерттеуі болып табылады. Бұл бағдарламаның ерекшелігі мектеп мұғалімі сынып оқушыларының дәл осы сәттегі жағдайын зерттей отырып, берілетін пән арқылы оқушылардың ерекшелігі мен қабілеттерін ескере отырып, мұғалімнің кәсіби өсуіне және оқушының жан-жақты ашылып жетілуіне ұжымдағы мұғалімдермен бірлесе отырып зерттеу жұмысын жасайды. Ал бағдарлама бойынша сертификатталған мектептің көшбасшы мұғалімі ұжымда зерттеу сабақтарын өткізудің қыр-сырын меңгеріп, оны мектеп жұмысына енгізеді. Және де зерттеу сабақтарының жүру барысы айналымымен әріптестерге таныстырады, жоспарлайды, жүзеге асырады, қорытындысын жасайды.
Енді кішкене сабақты зерттеудің шығу тарихына түсініктеме беретін болсақ, ол ХІХ ғасырдың 70-жылдары Жапония мемлекетінде пайда болған. Бұл тәсілді жапондық ғалым Макота Йошида АҚШ мен Ұлыбританияда таныстырылым жасағаннан соң, 2007 жылдан бастап әлемнің басқа да мемлекеттерінде танымал бола бастады. Сабақты зерттеу тәсілі жапон мектептерінің тәжірибелеріне енгізіп, оның нәтижелері, озық тәжірибелері әлемге таратылуда. Ал аталған әдіс Қазақстан мемлекетіне 2012 жылдан бастау алған деңгейлі бағдарламаларды оқытумен қатар келді. Осы әдісте тәжірибелеріне қолданған мұғалімдер оның тиімділігін, соның ішінде мұғалімнің кәсіби жетілуіне ықпал ететіндігін өз сөздерінде айтып кетті. 2016 жылдан бері Қазақстан мемлекеті 18 мемлекеттен құралған Дүниежүзілік «Lesson Study» қауымдастығына мүше болып енгендігі мәлім. Сондықтан да республикамыздағы әр мектепте осы үдеріс тәжірибеге енгізіліп кетті. Мектептерде орын алып жатқан сабақты зерттеу тәсілі – мектептегі мұғалім тәжірибесі саласындағы білімін жетілдіруге бағытталған, іс – әрекеттегі зерттеудің ерекше түрі болып табылады. Сабақты зерттеу тәсілі оқыту мен оқуды жетілдіру саласында ғана емес, сонымен қатар, педагогикалық білімді жетілдіру, оқу бағдарламасы мен оқытуды құрылымдау, мектепті басқаруды жүргізу болып та табылады. Бұл жерде басты назарда «сабақты зерделеу» тұрады. Мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі педагогикалық тәсілді, оқыту мен оқудың әдіс-тәсілдерін қалай дамытуға болады деген мәселені шешу үшін оқушылардың білімді қалай игергендігін зерттейді. Сабақты зерттеу тәсілі: сабақ жоспарлау, сабақ жоспарын талқылау, зерттеу сабағын өткізу, сабақтан кейінгі талдауды қамти отырып, оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру, соның нәтижесінде түпкі мақсат – оқушылардың оқу үлгерімін арттыруды көздейді. Ендеше, зерттеу сабағын жүргізудің қысқаша сипаттамасы:

  • сабақты зерттеу үдерісі бірнеше айналымды үдеріс болып табылады;

  • зерттеу тобы құрылады;

  • зерттеу тобы 3-4 адамнан құралады;

  • зерттеу тобының нақты бағыты, тақырыбы, мақсаты, күтілетін нәтижелері анықталады;

  • зерттеу тобының жұмыс жоспары, кестесі болады;

  • зерттеу тобы құрамына тәжірибелі және тәжірибесі аз мұғалімдер мүше бола алады;

  • зерттеу сабағы кезінде бақылауға алынатын оқушылар белгілі өлшемдерге сәйкестендіріліп, анықталады;

  • оқушыларды бақылау жоспарланған сабақтың тиімділігін, оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынас деңгейін анықтауға септігін тигізеді;

  • зерттеу сабақтарын жоспарлауда топ мүшелеріне мұқият болып, жан-жақты әзірленгені абзал:

  • зерттеу топ нормалары топ мүшелерінің ынтымақтастықта, бірлескен ортада жұмыстануына жағдай жасайды;

  • зерттеу сабағын өз сабағына енгізген әрбір мұғалім жаңа нәрсені ойлап шығармай алдыңғы жинақталған тәжірибелеріне негізделуі шарт;

  • сабақты жоспарлауда оқушылардың қажеттілігі нысанаға алынады;

  • зерттеу тобындағы мұғалімдердің сабақты өткізуде өз міндеттері мен жауапкершіліктері бар

Сабақты зерттеу мұғалімді бағамдауға ғана емес, оқушының ойлауы мен оқуы зерттеуге бағытта келіп, зерттеу сабағы бірлесіп жоспарланатын болғандықтан, зерттеу сабағын өткізу мен қадағалауға топ мүшелерінің жауапкершілігі зор. Зерттеу сабағын өткізген мұғалім де, оны қадағалауына алған мұғалім де өзіне көп тәжірибе жинақтайды. Бұл үдеріс мұғалімдердің қадағалау дағдыларын шыңдаумен қатар, оларға оқу үдерісін ішінен тануға, оқушылардың санасында жүріп жатқан ойлау үдерісін танып-білуге мүмкіндік береді. Зерттеу сабағында сабақты жүргізетін мұғалім мен қадағалаушы мұғалімдердің міндеттері нақты жолға қойылуы шарт. Қадағалау барысында жинақталған деректерді саралай келе алдағы жұмыстарды жақсартуға жоспар жасалады. Жинақталған деректерден мұғалім мен оқушының жетістіктері мен жетілдіру керек тұстары анықталып, олардың өзін-өзі реттеуге қалыптастырушы кері байланыстар беріледі. Бір айналым өткеннен кейін жұмыс хаттамасы толтырылып, алдағы жұмыстарды жалғастырудың бағыты анықталады.
Сабақты зерттеуде мұғалімдер өзара білім мен тәжірибе алмаса отырып, кәсіби қоғамдастық құруға септігін тигізеді. Сабақты зерттеу мұғалімдердің кәсіби өсуіне бірден бір даңғыл жол болып табылады.
Мектептегі желілік қоғамдастықтағы мұғалімдердің зерттеу тәсілін ортаға салып тәжірибе алмасуы тек қана өз мектептерінде ғана емес, сонымен қатар аудандық, қалалық, облыстық көлемде ұйымдастырылған шаралардан көрініс табуда. Ендеше бұл сабақты зерттеу тәсілі мектеп мұғалімдерінің қызығушылығын оятып, дамуына үлес қосатын оң нәтиже болып отыр. Өткізілген іс-шараларда тек қана озық тәжірибелерді ғана көрсетіп қана қоймай, одан шығу жолын іздестіруге бірлескен оқу жұмыстары да орын алады, бұл дегенімен кез келген мектептер мен әріптестер арасындағы ынтымақтастықты, білім берудегі жауапкершіліктің бар екендігін көрсетеді. Демек, орталықтың алдағы жүргізетін «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» бағдарламасы курсының маңызы зор бола түседі.
«Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарының ЖҰМЫС ЕРЕЖЕЛЕРІН» бекіту туралы
Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарының жұмыс мақсаты:
• Мектептің білім деңгейі көтеріледі
• Жас мамандарға тәлімгерлік жүргізе отырып, жас мамандардың педагогикалық, пәндік және техникалық білімі көтеріледі.
• Сабақ үдерісіндегі проблемаларды айқындап, оң нәтижеге көрсетеді.
Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарының жұмысын бақылау мен қадағалау
Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарының жұмыс ережесі (бұдан әрі- Ереже) 14 тараудан, 5 беттен тұрады. Сыртқы немесе ішкі бақылау комиссиялары сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарының жұмысын тексеру де ереже аясынан аспауы керек.
• Топтарға бөлу ережесі
• LS зерттеу тақырыбын (проблемасын) анықтау.
• Теориялық мәселелерді шешу (әдістемелік тақырыптағы әдебиет оқу)
• Коучинг ережелері
• Сабақты бірлесе жоспарлау талаптары
• Ықшам сабақты ұйымдастыру ережелері
• Сабақтағы бақылауды ұйымдастыру ережесі
• Интервью алу ережелері
Сабақты талдау
• ҚМЖ-ға өзгерістер енгізу
• Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарының жұмысын қадағалау
• Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарының жұмысын қалай қолдаймыз?
• LS топтарының жұмыс қадамдары
• Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарының құжаттар тізімі.
1) Топтарға бөлу ережесі
1. Топтарда мұғалімдердің саны 3-5 болуы керек. 2. Топтарға өз еріктерімен бөлінуі керек, ал қажетті жағдайларда озат тәжірибелі ұстаздарға жас мамандарды міндеттеуге болады (тәлімгер, тәліп). 3. Топтарға ерікті түрде келісім бойынша біріктіруге болады.
4. Белгіленген мерзім соңында (оқу жылы, тоқсан, ай) жасалған жұмыстардың қалайша жинақталып, есеп берілетіндігі айқындалады.
5. Жауапкершілік бір адамға емес, топ мүшелерінің барлығына да жүктеледі.
2) LS зерттеу тақырыбын (проблемасын) анықтау.
1. Оқушылардың білім көрсеткіштерін мониторингілеу негізінде құрауға болады. Проблеманы айқындау үшін алдымен оқушылардың оқып-үйренуіндегі кедергілер (кемшіліктер) туралы мәлімет деректерді жинау қажет (социограмма, анкета, үлгерімі, білім сапасы, кіріс сауалнамасы, т.б.). 2. Зерттеу тақырыбы танымдық (пәндік), эмоционалдық (психологиялық) және қарым-қатынас ауқымында болуы керек.
3. Сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдері, сынып жетекшісі, психолог, тәрбие орынбасарымен әнгімелесіп, сұхбат жүргізіп, басқа да проблемаларды айқындау керек (мысалы, қиын, назардан тыс қалған, пәнге қызығушылығы жоқ немесе төмен оқушыларды анықтау).
4. Сынып немесе оқушыны LS сабағынан тыс уақытта сырттай, тікелей бақылауға болады. Сол арқылы объект немесе оқушының жеке қабілетін, қызығушылығын, даму деңгейін анықтау, зерттеу.
5. Проблема шешімін, нәтижесін алдын-ала айқындап алу керек.
6. Зерттеу тақырыбы оқушы білімін жақсартуға бағытталуы керек.
7. Іс-әрекет «ССС»(сыйластық, сенім, симпатия) ауқымында жасалуы керек.
8. Оқушы үнінің нәтижелерін ескеру.
3) Теориялық мәселелерді шешу (әдістемелік тақырыптағы әдебиет оқу)
1. Топтың барлық мүшелері бір мақаланы немесе әртүрлі ресурстарды оқып, зерттеу тақырыбын шешу жолдарын қарастырады.
2. Мұғалімдер бір-бірімен өз оқығандарымен бөліседі.
4) Коучинг ережелері
1. Топ ішінде әркімнің ойы құнды.
2. Коучинг проблемасы нақты айқындалып, проблемадан ауытқымау керек.
3. Пайдаланатын тиімді әдіс-тәсілдері нақты көрсетілуі керек: проблема шешу, бақылау, интервью алу құралдары, т.б.
4. Жинақталған нәтиже жазбаша түрде анық, мақсатқа сай, жоғары деңгейде болу керек.
5. Алға бағыттайтын күшті сұрақтарға негізделуі керек.
6. Рефлексиялық диалог, ақылдасу негізінде ұйымдастырылуы керек.
7. Қажетті ресурстар ұсынылуы керек.
8. Коучингтің уақыты нақты қадағалануы керек.
9. Кез келген туындаған мәселе (проблема, қиындық, кемшілік) LS тобында коучинг арқылы шешілуі керек.
5) Сабақты бірлесе жоспарлау талаптары
1. Пән мұғалімі өз жоспар жобасын ұсынуы керек.
2. LS тобы жоспарлауға түгелімен қатысады.
3. LS тобы мүшелері бір-біріне сыйластықпен қарайды.
4. LS тобының мүшелері ҚМЖ-ға өзгерістер енгізеді.
5. ҚМЖ-да көрсетілген тапсырмалардың алдын-ала айқындалған критерийлерге сәйкестігін талқылайды: тапсырмалардың деңгейі ескерілуі керек, тапсырмалар 3-тен артық болмауы керек, әдіс-тәсілдерді нақтылау керек.
6. Бақылауға алынатын оқушыларды айқындайды (жеке оқушылар, жұптар, шағын топтар немесе бүкіл сынып).
7. LS тобы бірлесе интервью сұрақтарын дайындайды.
8. LS тобы бірлесе бақылау парақтарын дайындайды.
9. Жоспарлауды талдап, қорытындылайды.
10. Жоспарлау жұмысы ұдайы тоқтаусыз жүріп отыруы абзал: аптасына кемінде бір сабақ ұйымдастырылуы керек.
11. Кері байланыста барлық оқушыны қамту керек.
12. ҚМЖ-да кері байланыс пен нысаналы оқушылардың интервьюдегі пікірлері міндетті түрде ескерілуі керек.
13. Бөлінген көшбасшылық қағидаларын ұстану керек (топ көшбасшысы, хатшы, бақылаушы), топтағы қызметтер ауыстырылып отырғаны жөн.
6) Ықшам сабақты ұйымдастыру ережелері
1. LS сабағын өткізетін мұғалім 20 минут топ ішінде сабақ өткізеді, 1 бақылаушы, қалғандары оқушы рөлдерін орындайды.
2. Сабақтан кейін бақылаушы талқылауды ұйымдастырып, қмж-ға өзгерістер енгізеді.
7) Сабақтағы бақылауды ұйымдастыру ережесі
1. Бақылау парақшасы проблема ауқымында құрастырылуы керек. 2. Бақылау оқушыға кедергі келтірмеуі керек. 3. Бақылау парақшасының бір беттен аспағаны дұрыс. 4. Бақылау парақшасы сабақ барысында толтырылуы керек. 5. Бақылау барысында фото және видео жасауға болады.
6. Түсініксіз болған жағдайларда бақыланған оқушыларға сұрақ қойып, мәселені айқындауға болады.
8) Интервью алу ережелері
1. Интервью 1-3 сұрақтың көлемінде болуы керек. 2. Интервью 5 минуттан аспауы қажет. 3. Интервью бақылауға алынған оқушыдан, жұптан немесе топтан алынады. 4. Интервью парағы болғаны дұрыс. 5. Бақылау парағы бір бет көлемінен аспауы керек. 6. Оқушыдан интервью алу сыйластық, сенім, симпатия негізінде жүргізілуі керек, мұғалім ізетті, мәдениетті болуы керек. 7. Кез келген сұрақ «Неліктен? Не үшін?» деген сұрақтармен жалғасып, нақтылануы керек. 8. Интервью сұрақтарын алдын-ала құрастыру қажет. 9. Сабаққа қатысқан LS тобына кірмейтін мұғалімнен интервью алуға болады. 10. Интервью басында сұхбат алудың мақсаты мен ережелерін оқушыға жеткізу, оқушының рұқсатын алу.
11. Интервью жасау алдында оқушымен (оқушылармен) кішігірім раппорт орнату керек. 12. Интервью соңында оқушыға рахмет айту.
9) Сабақты талдау
1. Талдау кезінде хаттама, рефлексия парақтары жүргізілуі мүмкін. 2. Сабақ жоспары бойынша әрбір кезеңге шолу жасау арқылы LS проблемасының шешілу деңгейіне талдау жасалады (не жақсы болғанын, оның себебін, нені жақсарту керектігін, неге мән беру керектігін, не істеу керек, қабылданған шешімнің себебін анықтау). 3. Сабақта жоспарланған әр тапсырма талқылануы керек. 4. Оқушы іс-әрекетінің орындалу деңгейі зерделенуі керек. 5. Талқылау нәтижесінде жаңа проблема туындауы мүмкін. 6. Жаңа проблеманың шешу жолдарын анықтау қажет. 7. Жаңа жоспар жасауға ұсыныстар болуы керек. 8. Коучингте қандай мәселе қаралу керектігін айқындау. 9. Мұғалімнің әрекеттері талданбайды. 10. Бір цикл (сабақтар топтамасы, тоқсан, оқу жылы) өткен соң мұғалімдер рефлексиялық есеп жазады.
10) ҚМЖ-ға өзгерістер енгізу
1. LS тобында сабақ жоспары талқыланып, оған өзгерістер енгізіледі, қмж жақсартылады. 2. Сабақ жоспарлары топтың портфолиосына жинақталады. 3. Жақсарған сабақ жоспары мектепте жарияланады (әдістемелік кабинетке үлгі ретінде ілінеді, мектеп сайтында жарияланады, т.б.). 4. Бастапқы ҚМЖ мен өзгерістер енгізілген ҚМЖ салыстырылып, талданады. Қорытындылар басқа мұғалімдердің назарына ұсынылады.
11) Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарының жұмысын қадағалау
1. Тоқсан (жыл ортасында не жыл аяғында) ықшам сабақтар өткізу.
2. Топ портфолиосын тексеру (айына 1-2 топ).
3. Таныстырылым дайындау.
4. Есеп беру (жылына 1 рет).
5. Оқушылардың пікірі (сауалнама, сұрау, т.б.).
6. Оқушылардың оқу сапасының көрсеткіштері (тест, бақылау жұмысы, ашық сұрақтар, т.б.).
7. Шығармашылық жұмыстар (эссе жазу, мақала, т.б.).
8. Кәсіби сұхбат (аптасына 1-2 топ).
9. Жариялау (қабырғада, чатта, Фейсбукте, т.б.).
10. LS тобы жұмысына қатысу.
11. Қорытындылау, талдау (рейтинг, кесте, баяндама, т.б.).
12. LS топтары өз жұмысының дәлелдері ретінде фототека мен видеотека жинақтайды.
12) Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарының жұмысын қалай қолдаймыз?
1. Кәсіби сұхбат (мектеп басшысы топ мүшелерімен тұрақты түрде кездесіп, әңгімелеседі (екі аптада бір рет)).
2. Топтың іс-тәжірибесін жариялау, пайдалануға ұсыну.
3. LS мұғалімдерін материалды-моралдық қолдау.
4. Біліктілігін көтеру.
5. Басқа мектептерге тәжірибе тарату үшін жіберу.
6. Марапаттау.
7. Жұмыс тәжірибесінің нәтижелерін жинақ түрінде шығару.
8. LS топтарының рейтингісін жүргізу.
9. Мұғалімдердің рейтингісіне LS топтарындағы жұмысын енгізу.
13) LS топтарының жұмыс қадамдары
• LS туралы мектепте тренинг (диалог алаңын, семинар, конференция, т.б.) өткізу.
• Топ-топтарға бөлу.
• Мектептің зерттеу проблемасын айқындау.
• LS топтарына әдістемелік көмек көрсету (тренинг, коучинг, шебер сынып, т.б.).
• LS топтары жоспарларына сәйкес жұмыс жасайды.
• Айына бір рет LS топтарының басын қосу.
• Жыл қорытындысы бойынша аудан мұғалімдерінің жұмыс қорытындысын кітап етіп жариялау.
14) Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарының құжаттар тізімі.
• LS топтарының жұмыс ережесі.
• LS топтарының құрамы.
• LS топтарының бір айлық проблемалық тақырыбы.
• LS топтарының проблеманы шешудегі айлық жоспары.
• LS топтарының ҚМЖ, коучинг, тренинг жоспарлары.
• LS топтары өз жұмысының дәлелдері ретінде фототека мен видеотека.
• Оқушылардың оқу сапасының көрсеткіштері (тест, бақылау жұмысы, ашық сұрақтар, т.б.).
• LS топтарының есебі (айына, тоқсанына және жылына 1 рет).
Мектеп-гимназия директоры: Нұрқұл Ж.Қ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет