Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы Кіріспе і-тарау. Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері


Сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық өнерге баулу мүмкіндіктері



бет11/13
Дата20.04.2022
өлшемі132 Kb.
#31627
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
2.3. Сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық өнерге баулу мүмкіндіктері.

Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.


Әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері, т.б шығармашылық үйірмелер ұйымдастыру. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі - көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін тұтандырады. Мектепте музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстар айтылады. Шығармашылық конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы баяндамалары, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары жөнінде құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі. Мектеп және сынып бойынша алдын ала жасалған жоспарларға сәйкес өткізіледі.
Саяхаттың негізгі обьектілері көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер болып табылады.
Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге өуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен рөл атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады. Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде, мектеп кітапханасының рөлі ерекше. Кітапханашы әдебиет тізімдерін даярлайды, әңгімелер өткізеді, мұғалімдермен бірлесіп, сыныптан тыс оқуларды, оқырмандар конференцияларын өткізеді, басшылық жасайды.
Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады.

Мектепте оқушылардың эстетикалық мәдениетіне басқа факторлар әсер етеді. Мысалы, жарық сынып бөлмесі, әдемі мектеп мебельдері, демалыс бөлмелері, қолайлы жұмыс орны оқушылардың эстетикалық танымын, белсенділігін көтереді.

Көп түрлі эстетикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру оқушылардың эстетикалық дүниетанымының негізгі көзі болады.

Басты мәселе, күнделікті өмірдегі әсемдіктің адам мен табиғаттың бірлескен әрекетінің күшімен пайда болғанын ұғындыру. Осының негізінде ғана оқушы өз еңбегінің пайдалы екенін және оның сұлулығын көре білетін, осыдан өмір сұлулығын жасайтын адам екенін түсінеді. Мұны жүзеге асыруда көпшілікке хабар тарату құралдарын және баспасөз материалдарын кең пайдалануға болады.



Сонымен бірге отбасындағы ұлттық тәрбиеге тоқталмай кетуге болмайды. Себебі қазақ халқы ежелден жас ұрпақ бойына өз мәдениеті мен ұлттық өнер түрлерін отбасылық тәрбие негізінде дарытып отырған.
Мысалы, қонақ күту, үлкенге иiлiп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып күй шерткiзу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш-жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенiң басты шарты болып есептелген.
Қазақта қонақ күтудiң де жазылмаған, бiрақ дәстүр болып қалыптасқан заңы бар. Үй иесi қонақты сыйлап, ас-суға тойдырғаннан кейiн, жатар алдында өзi ауылдың алты ауыз өлеңiн айтып немесе күй шертiп қонағына құрмет көрсетедi де, қонақтан “қонақ кәде” сұрайды. Қонақ өлең, жыр, қисса, ертек, терме, толғау айтып берiп немесе күй шертiп өз өнерiмен үй иелерiне құрмет көрсетуге мiндеттi болған.
Үнемi үйге келген қонақтан өлең-жыр, ертегi, аңыз әңгiме естiп өскен балаға да жастайынан сөз өнерiне бейiм, өнегелi, өнерлi болып өсуiне әсер еткен, “қонақ кәде” мен “ауылдың алты ауызы” жастарды сөз қадiрiн бiлуге, шешендiкке, ән мен жырға баулып өсiруде белгiлi рөл атқарған.
Баланы жастайынан сөз өнерiне баулу, мақалдап, тұспалдап ойды көркем сөзбен тыңдаушыға жүйелеп жеткiзе бiлуге үйретудi ата-бабамыз мақсат тұтқан. “Бiлiмдiден шыққан сөз, талаптыға болсын кез” деп текке айтпаған.
Сөзiңдi айт ұққанға,
Айтып айтпай не керек
Құлағына мақта тыққанға,—
деген мақал осы ойды меңзейдi.
Отбасында әкелерi немесе аталары өз өнерлерiн балаларына үйретiп, олардың өзiндей мерген, аңшы, құсбегi, қолөнер шеберi немесе әншi, күйшi, ақын етiп тәрбиелеуге көңiл бөлген. Ата өнерiн баласының қууы, оны мирас етуi ежелгi ел дәстүрi болған. Қазақ халқының өмiрiнде жетi атасына дейiн мергендiк, аңшылық немесе ұсталық, күйшiлiк, емшiлiк өнердi қуып өткен адамдар жиi кездеседi. Осындай әке мұрасын жалғастырушы өнерлi жастарды дәрiптеу қазақ ауыз әдебиетiнен өзектi орын алған. Мысалы, Құламергеннiң баласы Жоямерген, Тобықбай сыншының баласы Толыбай туралы ертегi-аңыздар осы пiкiрдi дәлелдейдi. “Атадан ұл тумас болар ма, ата жолын қумас болар ма” деген мақал да — сол пiкiрдiң айғағы.
Аталары балалары мен немерелерiне ертегi, аңыз-әңгiме, мақал-мәтелдер айтып берiп, шешендiкке, тапқырлыққа тәрбиелеген. Мысалы, Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Әуезов сияқты ұлы ақын-жазушылар-дың немесе Төлеби, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сияқты ел билеушi шешендердiң жастайынан елдiң салт-дәстүрлерi мен заңдарын, аңыз-әңгiме мен өлең-жыр, мақал-мәтелдерiн жаттап, жадында сақтап, көп бiлуi әкелерi мен аталарының әсерi екенi сөзсiз. Көптi көрген қариялар отбасының, ауыл-аймақтың үлгi тұтар тұлғасы, тәлiм-тәрбие мектебi сияқты.
Ән айтуға, күй шертуге, зергерлiк өнерiне бейiмi бар балаларды әке-шешесi, атасы ел iшiндегi аты шыққан әншi, күйшi, ұсталардың жанына қосып, шәкiрттiкке беруi ата дәстүрi болып саналған. Ал шәкiрттiң ұстазын ұлы әкесiндей сыйлауы, оның өнерiн жалғастырып, көпке тарату немесе жақсының жанында жүрiп, өнегелi шешен, ақын, билердiң, көптi көрген қариялардың батасын алу олар үшiн парыз боп есептелген. Сол мектептен тәлiм-тәрбие алған өнер адамдары ұстаздар жолын қуып, өнерiн жалғастырған. Мысалы, Төле би, Қазбек, Әйтеке билердiң ұстазы Әнет бабаның оларға айтқан өсиет-өнегелерi, Бiржанның өнер мектебiнiң түлектерi (үкiлi Ыбырай, Иманжүсiп, Балуан Шолақ, Ақан серi, Мәди), Тәттiмбеттiң шәкiрттерi (Жақсымбет, Қыздарбек, Ж.Каламбаев,. Ә.Хасенов), Құрманғазының шәкiрттерi (Сейтек, Дина, Соқыр Есжан) — ұстаздарының ұлағатын, өнер туындыларын жадында сақтап, бүгiнгi күнге жеткiзушiлер.
Сондай-ақ, атақты үйшi Сандыбай, зергер-ұсталар Әйтеке, Балтеке, Үйсiнбай, отамашы Шоқбатыр, Кәдiрсiз, Смый, суретшi Ә.Қастеевтер — өз өнер мектептерi бар халық таланттары. Олардың өнер үлгiлерi ұрпақтан-ұрпаққа шәкiрттерi арқылы тарап, бiрден-бiрге жалғасып, бүгiнгi дәуiрге жеткен.
Ежелгi ата-бабаларымыз “Жiгiтке жетпiс өнер аз”, “Өнердi үйрен, үйрен де жирен”, “Өнерлi өлмейдi” деп насихаттай отырып, қолөнерi мен шешендiк, тапқырлық, ақындық өнердi тең санаған.
Өнегелi, өнерлi, “Сегiз қырлы, бiр сырлы”, намысқор азамат тәрбиелеу аталар арманы болған. Халық жырларындағы арулардың сұлу мүсiнiн шебер суреттеудегi мақсат — жастарды әсемдiк сезiмге бөлеу. Сұлулықты терең сезiнiп, соған елiктесе екен деген ой-пiкiрден туған.
Әсемдiктi көре, түсiне, жасай бiлу адамның рухани өмiрiн байытады. Сұлулықты танытудың негiзгi құралдары әдебиет және өнер. Сұлулық тәрбиесiнiң мақсаты оқушыны көркемдiк пен сұлулықты тани бiлуге, оған баға беруге, күнделiктi өмiрдегi адамның жеке басының эстетикасын, қатынас эстетикасын, үй-жағдай және киiм-кешек эстетикасын қалыптастыру, талғампаздыққа тәрбиелеу және сыртқы мәдениетi мен iшкi дүниесiнiң үйлесiмдiлiгiн қалыптастыру.
Ел президентi Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай “Iшкi саяси тұтастық пен қоғамның топтасуы саяси, идеологиялық, дiни, этникалық немесе таптық мүдделердi бiрiктiруге бағытталған ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық мәдениеттi насихаттауға байланысты” деп қарауға тура келедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет