Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы Кіріспе і-тарау. Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері


Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда көркем шығармалардың рөлі



бет10/13
Дата20.04.2022
өлшемі132 Kb.
#31627
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда көркем шығармалардың рөлі.

Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор болды. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын, қажеттілігін билейді.

Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.

Осы мақсатта қазақтың ұлттық өнері мен тіл байлығын дамыту қазіргі кезеңнен күн тәртібінде тұр.


Сондықтан мектеп оқушыларын бастауыш сыныптан бастап ұлттық өнер мен тілге қатар қалыптастыру керек.
Ұлттық өнермен жұмыс үстінде сол жасап жатқан заттың ұлттық ерекшелігіне байланысты мақал-мәтелдер кездессе, оны оқушыларға түсіндіру өте пайдалы болады. Өйткені ұлттық өнердің даму тарихына қанша уақыт болса, оларға арналған мақал-мәтелдерге де сонша уақыт болғаны.
Мақал-мәтелдің қызметі балаларға, жастарға тәлім-тәрбие беру, оларды өнер-білімге баулу.
«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық», «Өнерлінің өрісі ұзақ», «Өнерлінің тасы өрге домалайды» деп, халық өнерлі адамды жоғары бағалаған.
Ұста, зергер сияқты шеберлер ерекше қадірленген, құрметтелген «Темірші көміршіге үйір», «Ұстамен жақын болсаң, ісің бітеді», «Алтынды ала білген, бөле де біледі» дейтін мақалдар сондай өнер иелеріне арналған. «Ұсталы ел озар, ұстасыз ел тозар» деп, ұсталық өнердің келешегін, елге керектігін ескеріп, халық өнер қуған талапкерге «Көп көрген – нұсқа, көп істеген – ұста», «Өнер білсең, өлмейсің» деп, өсиет айтады.
Қазақ шаруасының баспанасынан бастап үй-мүлкі, ыдыс-аяғына дейін ағаштан жасалған. Сондықтан шаруалар үйші, ерші, әбдерші шеберлерді «Ағаштан түйін түйген» деп мадақтайды. Жақсы үйшіні «Тоғай аралаған үйші, ел аралаған сыншы» деп, ақыл-ой иесімен қатар қояды.
Халық «Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ» деп, өнерді қол өнері, тіл өнеріне бөледі.
«Өнер – бұлақ, білім – шырақ» деп халық өнер мен білімді қатар айтады. Ендеше өнер мен білімнің ажырамас егіз екенін оқушыларға тиянақты түсіндіру керек. Өнер мен мақал-мәтелдер халықтық болғандықтан, тәрбиенің халықтық тәсілдерін де оқушыларға терең түсіндіру дұрыс.
Сонымен қатар аңыз, ертегі, эпостық жырлар және классикалық әдеби шығармалардың да ролі айрықша, себебі бұл шығармалардағы қаһармандар балаларға үлгі тұтарлықтай немесе жаман қылығымен жиіркендіретіндей, сол негізде жақсы мен жаманды, сұлулық пен ұсқынсыздықты ажырататын эстетикалық сезім сыйлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет