Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы Кіріспе і-тарау. Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері



бет3/13
Дата20.04.2022
өлшемі132 Kb.
#31627
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауында «Балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды», - деп атап көрсетті.

Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының «заттанған» көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі – қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарына эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.

Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылым сыры ұғылады (қабылданады).

Екіншіден, уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды.

Үшіншіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа «Ата жұрт», «Атамекен», «Елім-жерім», «Туған өлке» ырымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақыл-ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады.

Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Ж. Баласағұни, т.б.), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М. Жұмабаев, Ж. Баласағұни, т.б.), шетел психолог-педагогтары (Н. Крупская, А. Луначарский, П. Блонский, Д. Лихачев, С. Шацкий, Л. Выготский, С. Рубенштейн, А. Бакушинский, т.б.), еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған.

Бүгінгі таңда педагог ғалымдардың қазақ қолданбалы өнері және эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зерттеліп отырған кезеңдегі жай-күйін, өзіне тән ерекшеліктері ғалымдар: А. Жүнісбаева, Ө. Қамақов, Б. Әлмұхамбетов, Ж. Балкенов, Е. Асылханов, Қ. Ералин, Қ. Ижанов, Ү. Ибрагимов, З. Ахметова, Қ. Болатбаев, С. Ұзақбаева еңбектерінде арнайы зерттелген.

Ғалымдар еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбалы өнерінің эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады. Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.

Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық саласынан (әсіресе өнерге деген көзқарасынан) көрінеді.

Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әсемдікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В. Белинский былай деп жазған: «Әсемдікті сезіну – адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде сана ақыл-парасат болуы мүмкін, тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады, ... эстетикалық сезім – жақсылықтың негізі, адамгершіліктің негізі.» Яғни, эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу, ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл – ойын, дүниетанымын дамытады.

Эстетикалық сезім – адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қасиеттерінің бірі. Ұлы ақын М. Жұмабаев «Жаратылыстың Һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, сұлу ай, жұлдызды таң, міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері адам жанына бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды.

Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие алуына тиісті...» деп адамдардың өміріндегі, өнердегі сұлулық пен ұсқынсыздықты дұрыс қабылдауы, түсінуі мен сезінуі эстетикалық тәрбиенің басты міндеті екендігін көрсетеді. Демек, қазақ ұлттық өнері негізінде эстетикалық тәрбие беру табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу, дүниедегі әдемілік атаулыны бағалауға және өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет