Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы Кіріспе і-тарау. Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері



бет12/13
Дата20.04.2022
өлшемі132 Kb.
#31627
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
stud.kz-99740

Қорытынды

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу – тәрбие барысының зейін салуды, құя санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шыңдыққа қатынасын анықтайды. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді.

Эстетикалық тәрбие беруде көзқарас пен таным ынтымақтыққа, бірлікке, еркіндікке, адалдыққа, шыншылдыққа, отансүйгіштікке, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелейді. Эстетикалық сезім мен қабылдауда қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының мазмұндық ерекшеліктері туған ел, туған жер, атамекен, атақоныс, жер-су, мәңгілік пен бүгінгілік, тағдыр, т.б. ұғымдарды қалыптастыратынын ұғып-түсінеді. Эстетикалық баға беру мен пайымдау қолданбалы өнерінің тарихи даму ерекшеліктерінен білімін меңгертуде жас жеткіншектердің ақыл-ойын, рухани дүниетанымын, бабалар мұрасына деген қызығушылығын арттырады. Эстетикалық белсенділік өздігінен ізденуге жол ашады, қолданбалы өнер бұйымдарын жасай білуге, қоршаған ортадағы табиғат құбылыстарын абстактілі бейнелей білуге, бабалар мұрасын ұрпақтар мұратқа айналдыруға өз үлесін қосуға талпындырады.

Өнер арқылы қоршаған орта, табиғат сұлулығынан ляззат алу, оны сезінуге, шын көркемдіктен жалған көркемдікті ажырата білуге, яғни сұлулықты қабылдауға, түсінуге талпындырады, жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет