Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы Кіріспе і-тарау. Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері


Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы



бет6/13
Дата20.04.2022
өлшемі132 Kb.
#31627
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
stud.kz-99740

1.2. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы.

Қазақ халқында көшпенділік өмір жағдайына байланысты табиғи өзгерістерге өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардық күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын ала болжау, өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т.с.с. Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстың, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан бай. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың өшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытады.


Салт-дәстүр дегеніміз - халықтардың кәсібіне, сенім - нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптарымен байланысты туады.
Тәрбие отбасынан басталады дегендей, балаға имандылық, инабаттылық, ар, ождан уағызы, қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету тәрбиеден туатын үрдіс. Ананың сөзі - ақылдық көзі деп қарау, атаның өнегелі ісін мұра тұту, оның жолын қуу, ән мен күйді, жыр мен термені рухани азық ету, зергерлік, шеберлік, ұсталық өнерді үйрену, ананың әлдиі, әженің бесік жыры - бәрі тәрбиенің тағылымдары.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздық бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақтың санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытуда рөлі ерекше.
Эстетикалық тәрбие беру жүйесінде ұлттық өнердің орны ерекше:
•  Лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптың, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер.
•  Музыкалық аспаптар: домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, т.б.
•  Қолданбалы қолөнер бұйымдары: ағаш, тері, металл өңдеу өнері.
•  Ауыз әдебиеті.
Олар жас ұрпақтың бос уақытында эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.

Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет