Қай заманда да ұлттық өрлеудің, халықтық қалыптасудың ең негізгі бастауы ұлттық құндылықтар екені аян. Жаңа дәуір адамдары төл мәдениетінен біршама ажырап қалған және сол себепті мектеп қабырғасынан ұлттық өнердің құндылықтарын оқушы бойына сіңіре білуіміз керек.
2.1. Халықтық музыка өнері негізінде эстетикалық мәдениетін көтеру.
Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытады.
Қазақ халқының музыкалық аспаптарының көптүрлілігі таң қаларлықтай (домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз, ұран, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, қамыс сырнай, дабыл т.б.). Олар бос уақытта пайдаланып жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.
Әр аспаптың жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуының әр түсінігі, шығу тарихы жайлы түсінік беру, білімдерін дамыту және оқушылардың ән айту, лирикалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін арттыру арқылы ұлтымыздың мол музыкалық мұрасын мақтаныш тұтуға тәрбиелеуге, ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулуға болады.
Қазақ музыкасы – өмір шындығын дыбыстық көркем бейнелермен көрсететін музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Суырып салмалық негізде туған жыр, толғау, желдірме, терме, лирикалық әндер, күйлер ұлттық дүниетанымның күретамыры іспеттес. Музыка сабақтарында фольклорлық ән-күй түрлерімен таныстыру, таспаға жазылған ұлттық күй нашықтарын тыңдату арқылы қазақ халқының тыныс-тіршілігі, философиясы, әдет – ғұрпының ерекшеліктерін тани білу, ұлттық танымын кеңейте білу маңызды. Мысалы: «Бозіңген» күйін тыңдағынада шығыс халықтарының барлығына тән табиғатпен етеңе жақындық, күйдің трагедиялық мазмұны мен аналық сезімнің асқақтығын сезіну негізінде эстетикалық танымын дамытуға болады. Музыкалық шығармалардағы берілетін көтеріңкі көңіл күй мен жабырқау, эстетикалық сезім мен эстетикалық асқақтықсезімдерін сезіну арқылы балаларға өмір соқпақтарының қалтарысы көп екендігін, солардан сүрінбей өту үшін өз бойындағы қайрат-жігер күшін жинау керектігін, сөйтіп, болмыстағы күрестен қуаттанған адам жанының шаттығын танытуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |