Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы Кіріспе і-тарау. Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері


ІІ -тарау. Бастауыш сынып оқушыларының сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары



бет7/13
Дата20.04.2022
өлшемі132 Kb.
#31627
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
stud.kz-99740

ІІ -тарау. Бастауыш сынып оқушыларының сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары

Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.

Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді.

Ана тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып, мұғалім суретке қарап әңгіме құрауды, «әр алған тәлім-тәрбиені айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды.

Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ер жүректік сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез – құлықтың тәрбиені күшейту үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген.

Музыка пәнінің бағдарламасы ән салу және жазылып алынған музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту қабілетін дамытуды көздейді. Бастауыш мектеп мұғалімі музыка сабағын өзі жүргізетіндей даярлығы болуы керек немесе музыка сабақтарына тікелей қатысып, ол пәнді жүргізушімен тығыз байланыста отырып, басқа сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда музыканың адам өміріндегі алатын орны туралы әңгімелер өткізуі керек.

Бейнелеу өнері сабақтарында да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі.

Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.

Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру, жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.

Көркем әдебиет және тарих пәндері оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Олар қоғамдық өмірдің, адамдар қатынасының, еңбектің эстетикасын тануға үміттенеді. Әсіресе әдебиет сабақтары оқушыларды әдемілікке баулиды, таным ынтасының, бейімділігінің, қабілетінің дамуына ықпал жасайды. Кейбір оқушылар жас кезінен-ақ өлең, әңгіме жазуға талаптанады. Олардың мұндай қасиеттерінің дамуына мүмкіндік жасау керек. Бұл істе қабырға газеттерінің қолжазба, әдеби журналдардың, жергілікті және Республикалық жастар газеттерінің маңызы өте зор.

Табиғаттың ұлылығы, көркемдігі, сыры биология, география сабақтарында ашылады. Оқушылар табиғи құбылыстардың бай эстетикалық сымбаты жөнінде мәліметтер алады. Биология, геграфия сабақтарында пейзаждық кескіндеме шығармалары, суреттік шығармалар оқушылардың эстетикалық дүниетанымын байытады.

Сонымен, мектептегі оқу пәндерінің оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ролі орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет