Зерттеу мақсаты: жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің ролі мен маңызын зерттеу және қазақ халқының қолөнері, музыка өнері, көркем шығармалар негізінде эстетикалық талғамын, мәдениетін көтеру жолдарын анықтау.
Зерттеу әдістері: әдебиеттермен жұмыс, бақылау жүргізу, тест, анкета, талдау.
Зерттеу объектісі: оқушы, мұғалім, ата-ана іс-әрекеті.
Зерттеу базасы:
Жұмыстың құрылымы: Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы». Ол кіріспе бөлімнен және негізгі құрылымы екі тарау, алты бөлімнен тұрады.
Бірінші тарауда педагогика ғылымында “эстетикалық тәрбие” ұғымының анықталуы және оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің мәні мен маңызы талданады.
Екінші тарауда халық қол өнері, халықтық музыка өнері негізінде эстетикалық мәдениетін көтеру, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда көркем шығармалардың рөлін айқындау және сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық өнерге баулу мүмкіндіктері қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |