Оқушылырдың физиологиялық даму пәнінің мақсаты,міндеттері


Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі



бет3/5
Дата07.04.2023
өлшемі94,15 Kb.
#80159
1   2   3   4   5
Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі; Өсу мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады:
Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.
Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және menarche жасына байланысты жүргізіледі.
Адам жасының кезеңдері.
Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.
Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады яғни біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Толық ер жету 20-21 жаста деп есептелінеді.
Жас — адам ғұмырының белгілі бір кезеңін белгілейтін өлшем. Жас адамның физиологиялық, морфологиялық және психологиялық дамуының көрсеткіші болып табылады. Қазіргі заманғы ғылымда адамның жас ерекшелігіне қарай оның даму кезеңдерін төмендегідей бөледі:
1) туғаннан 1 жасқа дейінгі бөбектік кезең; 2) 1 мен 3 жас арасындағы сәбилік кезең; 3) 3 пен 7 жас арасындағы мектеп жасына дейінгі кезең.
Мектеп жасының өзі 3-ке бөлінеді: 7 мен 9-дың арасындағы төменгі сынып оқушылары (балдырғандар); 10 мен 14-тің арасындағы ортаңғы сынып оқушылары (жасөспірімдер); 15 пен 18-дің аралығындағы жоғары сынып оқушылары (бозбалалар).
Жас кезеңдерінің бұдан кейінгілері жастық шақ (18 — 21 жас), кемелдену (22 — 60 жастың арасы), егделік (61 — 74 жас), кәрілік (75 — 90 жас) деп бөлінеді. Бұл кезеңдерді психология ғылымының жас ерекшелік психологиясы деп аталатын арнаулы саласы зерттейді. Мысалы, баланың туған уақытынан бастап бастауыш білім алғанға дейінгі психикалық даму жолын жас ерекшеліктері психологиясының балалар психологиясы бөлімі зерттейді. Жас кезеңдерінің қалған түрлерінің ерекшеліктерін жас ерекшеліктері психологиясының жасөспірімдік, жастық, егделік, кәрілік деп аталатын бөлімдері қарастырады. Кәрі адамдардың жас ерекшеліктерімен арнайы түрде геронтология ғылымы айналысады. Сонымен бірге, жас — қоғамдағы маңызды демографиялық көрсеткіштердің бірі саналады. Халықтың құрамы мен демография қуатын есептеуде жас ерекшеліктері ескеріледі. Жас ерекшеліктеріне байланысты халық санында болатын өзгерістердің динамикасын демографиялық статистика ғылымы қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет