Акселерация — жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жас өспірімдердің жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы.
Планетаның магнит денесінің кернеуі төмендеген кезде жануарлардың көптеген түрінің денелерінің салмағы мен көлемінің ұлғаюы. Аккселерацияның ең айқын көрнісі ержеткен балалардың денесінің өздерінің ата-аналарының денесімен салыстырылғанда іріленуі.
Ю.К. Бабанский акселерацияны балалардың денесі мен психикасының аса ерте дамуы деп анықтады.
Акселерация XII ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басынан физиологтардың,педагогтар мен психологтардың зерттеу объектісіне айналды.
Акселерация құбылысы тұрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы биік, иықтары қисыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Осындай тез өсетін ағзаға жүрек-тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да, өз міндеттерін атқара алмайды. Ал баланың психикалық жетілу деңгейі артта қалады. Сондықтан ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы өзінің борышын, ар-намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне білмейді.Акселерация мысалдары ретінде:
Скелеттің мерзімінен бұрын сүйекке айналуын.
Өткен ұрпақпен салыстырғанда жалпы бойының 8-10см өсуі.
Тістерінің уақытынан бұрын шығуын және олардың тұрақты тіске ауысуын
Бойының ұзын болып туылуын айтамыз.
Тағыда айта кететін болсақ балардың еңбегінің ерте қатуы,сүт тістерінің ерте шығуы,қыз балалардың етек кірінің ерте келу,жыныстық жағынан ерте жетілулер де акселерацияға жатады.
Жүйке жүйесінің физиологиясы мен анатомиясы және олардың жас ерекшеліктері
Жоспар:
Нейронның құрылысы мен қызметі.
Рефлекс және оның доғасы.
Жүйке жүйесінің маңызы.
Нейронның құрылысы мен қызметі.
Жүйке жасушалары (нервные клетки, нейроны, нейроциты); (гр. neuronum, neurocytus; neuron — жүйке, kytos - жасуша) — жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі.
Жүйке жасушалары (нейроциттер) — өсінділі жасушалар. Олар нейролеммадан (плазмолемма), нейроплазмадан (цитоплазма), ядродан және жасуша денесінен (перикарион) таралатын өсінділерден құралған. Жүйке жасушаларының нейроплазмасында базофильді түйіршіктер (хроматофильді зат) және нейрофибриллалар болады.
Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді. Нейроциттер дендриттері қозуды сыртқы орта немесе организмнің ішкі орта әсерлерінен, басқа нейроциттерден қабылдап, жүйке толқындарын (импульстерін) нейроцит денесіне, ал аксон — жүйке толқынын нейроцит перикарионынан басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелерге өткізеді.
Нейрондар бір-бірімен синапстар арқылы байланысады. Синапстар арқылы қозу бір нейроннан екінші нейронға, бұлшық етке немесе бездерге өтеді. Нейрондар бір-бірімен байланысқан кезде бір нейронның ақсоны екінші нейронның дендриттерімен байланысады. Екінші нейронның дендриті қозуды қабылдап, өзінің денесіне әкеледі, қозу ары қарай аксонның бойымен жылжып кете береді. Егер синапс нейронмен бұлшық етті немесе без жасушаларын байланыстыратын болса, нейроннан келген қозу бұлшық еттің жиырылуына, ал бездің секреттің бөлініп шығуына әкеліп соғады.
Құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай нейрондар 3 түрлі болады:
cезгіш (бұлар рецепторлер қызметін атқарып қозуды сезім мүшелерінен орталық жүйке жүйесіне жеткізеді)
қозғалтқыш (қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшық еттер мен бездерге жеткізеді)
Рефлекс және оның доғасы.
Рефлекс(лат reflexus — кері қайтарылған, шағылысқан) — ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы. Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р.Декарт (1596 — 1650). Ол Рефлексті санаға тәуелсіз, жан әрекетінің нәтижесі деп есептеді. “Рефлекс” терминін жүйке жүйесі физиологиясына чех ғалымы Й.Прохаска (1749 — 1820) енгізді. Бұл ілімді орыс ғалымдары И.М. Сеченов пен И.П. Павлов одан әрі дамытты. Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Рефлекс тудыратын қозудың жүріп өтетін жолын рефлекс доғасы дейді. Тітіркендіргішке қайтаратын жауабына қарай Рефлекстің бірнеше түрлері бар.