Оқушылырдың физиологиялық даму пәнінің мақсаты,міндеттері



бет1/5
Дата07.04.2023
өлшемі94,15 Kb.
#80159
  1   2   3   4   5
Байланысты:
офд срсп


Жоспар:

  1. Оқушылырдың физиологиялық даму пәнінің мақсаты,міндеттері.

  2. Физиология ғылымына үлес қосқан ғалымдар және оның даму тарихы.

  3. Мектепке қойылатын гигиеналық талаптар.

Физиология пәнінің мақсаты:
Жас ұрпақты тәрбиелеудің ,оларға жасын лайық білім берудің ,ақыл ойын дамытудың, дені сау,сымбатты,сұлу етіп өсіру,сонымен қатар өсу,даму кезеңінде байқалатын физиологиялық ерекшеліктерді зерттеп білу.

Физиология пәнінің міндеттері:

  1. Педагогтар мен тәрбиешілерге аса қажетті балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін білу.

  2. Өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру.

  3. Оқыту мен тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстыру.

  4. Сезім қабылдау түйсік ойлану ес сана сезім сөйлеу сияқты функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру.

  5. Болашақ мамандарды балалар мен жастардың жалпы адам организмнің жас ерекшеліктерін білуге үйрету.

Физиология ғылымына үлес қосқан ғалымдар және оның даму тарихы
Организм қызметтері туралы өз пікірін айтқандар- Гиппократ, Аристотель, Кладвий Гален- эксперименталдық медицинаның негізін қалады. Физиологияның дамуына анатомиядағы табыстар көп әсер етті. А. Вазелидің « Адам денесінің құрылысы туралы» деген кітабы физиологияда көп жаңалықтар ашуға себеп болды. Вильям Гарвей- үлкен қан айналу шеңберін ашты. М. Мальпиги артерия мен веналардың капиллярлар арқылы байланысатынын көрсетті.
Физиологияның дамуына Рене Декарттың рефлексты ашуы өте маңызды болып табылады. XVII ғ. Ғылыми физиология дамыды. XIX-XX ғасырда физиология аса гүлденуге жетті. Гарянинов, Шван және Шлейден ағзаның жасушалардан тұратынын ашты. Қазақстанда физиология ғылымының қалыптасуы 1938 жылдан басталады. Бұл жылы профессор А.П. Полосухин Алматыға келіп , 1944 жылы Кеңес Одағының Қ. И. Сәтпаев ашқан Ғылым академия қазақ филиалында физиология секторын, 1945 жылы физиология ғылыми зерттеу институтын ашуға атсалысты. Содан кейін Республикамыздың жоғары оқу орындарындағы физиологиялық зерттеулер бірнеше бағытта жүргізіле бастады.
К. Д. Ушинский балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін білмей тәлім-тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді бағытталған дұрыс жолға қою мүмкін еместігін айтқан. Атақты ғалым физиолог И. П. Павлов « Балаларды тәрбиелеу мен оларды дамыту физиологияға негізделуі керек» - дейді.
Халел Досмұхамедов- ұрпағының болашағы үшін күрескен қазақтың біртуар ұлы. Аз жасаса да, артына біршама еңбектер жазып қалдырып үлгерген ғалым. 1920 жылдан бастап ғылыми-педагогикалық жұмыстармен шұғылданған. 1929 жылы профессор атағын алған. Оның негізгі еңбектері: « Қырғыз өлкесі халқының арасында обамен қалай кұресуге болады», «Оқушының саулығын сақтау», «Адамның тән тірлігі» және тағы басқа. Халел Досмұхамедовтың әсіресе әр мүшенің тазалығын сақтау үшін айтқан өсиеттері өз алдына бір төбе.

Ғалым

Еңбектері

Гиппократ

Адамның ми сауыты және ондағы жалпақ сүйегінің бір-бірімен жіктер арқылы байланысы

Кладви Гален

Мидан тарайтын он екі жұп жүйкенің жеті жұбын сипаттап жазған

Әбу Насыр әль-Фараби

Жүректің қасиетін сыйпаттап жазған
(Қайырымды қала тұрғындары)

Иван Сеченов

Қанда еріген газды зерттеген

Әбу әли Ибн Сина

Анатомия мен физиологияға кіріспе (Канон врачебной науки)

Уильям Гарви

Тұйық қанайналым жүйесін ашқан
Физиологияның негізін салған

Иван Петрович Павлов

Адам мен жануардың жоғарғы жүйке жүйесінің қызметін қан айналымның реттелуін зерттеген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет