«Мүлт кету,мүлт жіберіп алу.» (Дәл болмау)
«Бір-екі жерде мүлт жіберіп алдым.» (Менің атым Қожа,23-б.)
«Көңілін табу».(Ниет байқату)
Кейде: « Кел,отыр,ауылды бір айналдырып,серуендетіп әкелейін»-деп жалбақтап,көңілімді тапқысы келетін. (Менің атым Қожа,13-б.)
«Үстемдік жүргізбекші» (Басым болу,өзіне қарату)
Екінің бірі саған ақыл айтып, үстемдік жүргізбекші болады.(Менің атым Қожа
«Қырғидай тию» (Дүрліктіру,берекесін кетіру)
Қырғидай тиіп,жайпармын-ау, енді ,бәлем (Менің атым Қожа,23-б.)
«Мұрнын көкке шүйіру» (Мақтану,маңғаздану)
Бір секундқа кідіріп,мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды қойып, тәжім еттім. (Менің атым Қожа,103-б.)
«Қызыл кеңірдек болу» (Ұрсу, балағаттау)
Жанар екеуміз осы арада кәдімгідей қызыл кеңірдек болып қалдық. (Менің атым Қожа, 56-б.)
«От тастау (шағылыстыру, ұрсыстыру)
Жантас біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш, өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақ түргіш. (Менің атым Қожа,48-б)
Достарыңызбен бөлісу: |