«Қарасы біржола өшсе» (Құрыса, көзі жоғалса)
Осы кеткеннен қарасы біржолата өшсе. (Менің атым Қожа,14-б.)
«Көз жіберу» (Қарау, көз салу,шолып қарау)
Төменгі егінжай жаққа көз жібердім. (Менің атым Қожа,14-б.)
«Ақ-қараны ажырату» (Анығын білу,дұрысын ажырату)
Ақ,қараны айырып,жаныңның түкпірінде не бар,не жоғына үңілмейді.
«Ішкені ірің,жегені желім болу.» (Қиындық көру )
Ішкені ірің,жегені желім болады ғой. (Менің атым Қожа,118-б.)
«Тұяқ серппей ұйықтау» (Қатты ұйықтау)
Кешегі күні бойы әрекеттен кейін тұяқ серппей ұйықтап қалыппын. (Менің атым Қожа,65-б.)
«Абыройы айрандай төгілу» (Қадірі кету, масқара болу)
Осы арада ойламаған жерден масқараға ұшырап, абыройым айрандай төгілді де қалды. (Менің атым Қожа,25-б.)
«Есесін жібермеу» (Теңдік бермеу).
-Ойнамасаң қой,-дедім мен де есемді жібергім келмей. (Менің атым Қожа,24-б.)
Достарыңызбен бөлісу: |