Құлақты сарсыту. (Көп сөйлеу. )
Әжем тағы да тұрып алып, құлағымды талай сарсытқан дағдылы өнегесін айта бастады. (Менің атым Қожа, 60-б.)
Түйеден түскендей. (Дөрекі сөйлеу. )
Іс-міс жоқ,түйеден түскендей етіп, бұл ненің қисыны.
(Менің атым Қожа, 113-б.)
7.Сезім жағдайы немесе жоғары эмоциялы фразеологизмдердің мағыналас,тақырыптық түрлері
«Жүрегі су ету» (Қорқу 11,76-б.)
Шеті көзіме шалынғанда-ақ жүрегім су етіп, ішім удай ашып кетті. (Менің атым Қожа,65-б.)
«Өкпесі аузына тығылу» (Сасқалақтау, сасу)
Өкпем аузыма тығылды .(Менің атым Қожа,94-б.
«Жүрегі қарс айрылу» (Қайғыру)
«Әке»деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айрыла жаздайды-ау. (Менің атым Қожа, 39-б.)
«Іші удай ашу» (Өкіну,қызғану)
Шеті көзіме шалынғанда-ақ жүрегім су етіп,ішім удай ашып кетті. (Менің атым Қожа, 32-б.)
Достарыңызбен бөлісу: |