Оқушының әңгімелеп бере білу қабілетін қалыптастыру. Әңгімелеудің түрлері: суреттеу және мазмұндау


Суреттеу әңгімелерінің түрлері: салыстырмалы және түсіндірмелі әңгімелеу



бет2/2
Дата01.03.2023
өлшемі19,08 Kb.
#70694
1   2
2. Суреттеу әңгімелерінің түрлері: салыстырмалы және түсіндірмелі әңгімелеу.
Әңгімелеу - өз бетімен бір фактыны, оқиғаны айтып бере білу. Бала тақырыпқа байланысты мазмұнын және айтып беру тілдік формасын анықтау қажет. Материалды жүйелеу, ретімен немесе жоспар бойынша айтып беру (тәрбиешінің немесе өзінің) . Бала оның әңгімесі қажет екенін сезінуі маңызды және әңгімелей білу қабілетін қостау қажет. Балаларда өздерінің әңгімелерінен қанағаттану, қуаныш сезімдері болуына жағдай жасау.Формалары бойынша әңгімелеу суреттеу және сюжетті болады.
Суреттеу - бір заттарға немесе құбылыстарға сипаттама беру. Мұнда нақты түсініктер, бірақ образдың элементтері болу қажет. Ойлары жеткілікті түсінікті, аяқталған. Мысалы тәрбиешінің ортаңғы топтағы ойыншық үйректің сипаттамасы: «Бұл үйрек. Ол сары, мамық. Көздері үлкен қара тиектей. Өзі үлкен және жуан, қанаттары құрттай.».
Суреттеу әңгімелердің – салыстырмалы және түсіндірмелі түрлері болады. Түріне қарай екі түрлі затты салыстырып айтып береді. Түсіндірмелі әңгімелеуде - бала өз ойын жеткізеді, әрекеттерді көрсете алады. Мысалы бала екінші балаға қандай да болса затты, ойыншықты қалай дұрыс қолдану , қалай ойыншықпен ойнау қажет екенін түсіндіріп береді.
Сюжетті әңгімелеу - бұл бір уақытта болған, кейіпкерлері бар әңгіме. Балаларға сюжетті әңгімелер туралы түсінік беріледі – бірінші кейіпкерлерін атайды, кейде олардың сыртқы түрлеріне сипаттама беріледі, соңынан бірінші оқиғаның қай жерде болғаны туралы артынан 2-3 эпизодтардың арасындағы байланыс, ең соңында аяқталуы жөнінде айтады.
Осындай әңгімелеу кестесін бала бірден ұғып алмайды. Балаларға аяқтау ұсынылады, немесе оқиға болып жатқан орынды сипаттау, немесе екі кейіпкер арасындағы диалог, т.б. Сюжетті әңгімелеу кейіпкері баланың өзіде болуы мүмкін. Мысалы ол өзінің өткен туылған күні туралы айтатын болса, немесе мен қалай бірінші сыныпқа барамын деп ойын айтып бере алады.

3. Шығармшылықпен әңгімелеуге үйретудің оқушы тілін қалыптаудағы рөлі.
Әр баланың бойындағы әртүрлі ерекшеліктерді байқап, оны дәл тауып, әрі қарай дамыту үшін, мұғалімнің бойында төмендегідей қасиеттер болуы шарт.

  1. мұғалімнің ары таза, ұстамды, кешірімшіл болу;

  2. мұғалім өзінің мамандығына сай білімді болуы шарт;

  3. оқушылар арасында беделді, оқушыларға әрдайым әдепті қылықтарды үйретуі шарт;

  4. мұғалім теорияны практикамен ұштастырып отыруы керек;

Оқушылардың шығармашылық тілін дамыту жұмысы ауызша және жазбаша болып 2 бағытта жүргізіледі.
Тіл дамытудың алғашқы кезеңінде оқушылар тыңдай білуге үйрету керек. Оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдап, оған еліктеп тіл үйренеді. Сондықтан мұғалім қысқа да болса қызықты әсерлі әуенімен, көтеріңкі дауыспен сөйлеген жөн.
Осы орайда шығармашылыққа баулудың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың мынадай түрлерін айтып берейін:

  1. тақырыпты мұғалімге сай жинақтау;

  2. пікірталас тудыру;

  3. сөзжұмбақ құрастыру;

  4. шығарма жазу;

  5. әңгіменің ұқсастығын салыстыру;

  6. қиялдау арқылы суретін салғызу;

  7. мазмұндама жазғызу;

  8. өтірік өлең

  9. ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш;

Бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі- оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сонымен бірге ана тілі сабақтарында білік пен дағдыны қалыптастыратын тәсілдердің бірі- тапсырмалар.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін дамытып, шығармашылыққа жетелейтін, мүмкіндік беретін- жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулап, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз.

  • Отан: Отан- елдің анасы.

  • Еңбек: Ерінбеген елекпен су ішеді.

  • Иман:

  • Достық: Досы көпті жау алмайды.

Алған білімдерін қорытындылауға, олардың мағынасын терең түсінуге, талдау, жалпылау ой ұғымдарын іске асырауға көмектеседі.
Халықтың ауыздан ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз, әңгімелердің барлығында жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді қатар қойған. Осы тұста да оқушылардың шығармашылық қабілеттерін байқап, одан әрі дамыту үшін мынадай жаттығуларды жасауға болады. « Диалог-ертегі» ойынын жүргізуге болады.
Оқушының ынтасын арттыратын, сөйлеу тілін дамытатын ауызша жұмыстармен бірге, жазба тілін дамыту жұмыстары бір-бірімен алшақтамайды. Осындай жұмыстарды сұрақтар арқылы қайталатып, өз сөзімен түсінгенін қағаз бетіне түсіруге немесе мазмұнын қысқаша дәптеріне жазуға болады. Сонымен бірге дауыс интанациясымен оқу, рөлге бөліп оқу, ұнаған кейіпкерге мінездеме беру жаттығуларын үйге де беруге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет